Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет90/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

омоним жұрнақтар
деп аталады.
Малшы, әнші, егінші, тігінші, барлаушы
деген зат есімдердің бәрі
-шы, -ші
жұрнағы арқылы негізгі және туынды есім сөздерден жасалғаны 
сияқты, 
жаншы, шаншы, өрші, аунақшы, ойнақшы
деген етістіктер 
жан, өр, 
аунақ, ойнақ 
деген зат есімдерден жасалған. 
Байқа-шы, қой-шы, ем-ші, ая-шы


сөздеріндегі, сондай-ақ, 
келейін-ші, келсінші, келіңдер-ші
формаларындағы
-шы, -ші
қосымшасы етістік сөздеріне қалау,тілек, жалыну мағынасын үстеп 
тұрса, 
бармақшы, келмекші
дегендердегі
-шы, -ші
жұрнағы мақсаттың 
тиянақты түрде жүзеге асырылатынына көзді жеткізе түсетін мағына үстейді. 
Омоним жұрнақтардың қатарына 
–ық (-ік, -қ, -к, -ақ, -ек), -ын (-ін, -н), -ыт 
(-іт,-т), ыл (-іл, -л), -ыс (-іс, -с), -лас (-лес, -дас, -дес, -тас,-тес), -ыр (-ыр,
-ір, -ар, -ер), -дық ( -дік, -лық, -лік) және басқа жұрнақтарды қосуға болады.
Сонымен, синтетикалық (морфологиялық) тәсіл арқылы жаңа сөз 
тудыратын жұрнақтар:
1.
Тілдің өз төл материалынан я басқа тілден енген материалдан 
шыққандығына қарай, 
төл жұрнақтар және кірме жұрнақтар 
болып;
2.
Ерте я кеш шығып, қалыптасуына қарай, 
көне және жаңа жұрнақтар
болып; 
3.
Қазіргі кезде сөз тудыру қаблеттерінің бар я жоқтығына қарай, 
тірі 
жұрнақтар және өлі жұрнақтар
болып;
4.
Құрамындағы морфемалардың дара я күрделі болуына қарай, 
жалаң 
жұрнақтар және күрделі жұрнақтар 
болып; 
5.
Мағыналық жағынан бір я бірнеше мағынаны білдіруіне қарай, 
дара 
мағыналы ( моносемиялық) және көп мағыналы (полисемиялық) 
жұрнақтар
болып; 
6.
Мағыналарының жақындықтарына қарай, 
мағыналас, синоним 
жұрнақтар 
болып; 
7.
Айтылуы мен жазылуы бірдей бола тұра, мағыналары бір-бірінен алшақ 
омоним жұрнақтар
болып; 
8.
Қазіргі кезде сөз тудыру жағынан өнімді я өнімсіз болуына қарай, 
құнарлы жұрнақтар және құнарсыз жұрнақтар
болып бөлінеді.
50-жаттығу. 
Синтетикалық тәсіл арқылы жасалған сөз тұлғаларын тауып, құрамындағы
жұрнақтардың қай категорияға жататынын, түрлерін анықтаңыздар. 
1)Қолындағы кескегін ырғытып жіберіп, Желдібай орнынан қарғып тұрды (Б. 
М.) 2) Қаз-қатар киіз үйлер көрінді, түтіні сылаң қаға шұбатылып, ошақтарда 
от маздайды ( С. Ж. ). 3) Біз бәріміз де заман алдындағы жауапкершілігімізді 
түсінуіміз керек ( С. Ш. ). 4) Көшті жайлауға жөнелтіп жіберді де, Есеней мен 
Ұлпан қыстау салатын жер көруге жүріп кетті ( Ғ. Мұст. ).5) Мәрзия көзі 
ілініп, әдемі түс көріп, ұйқтап бара жатып шошып оянды (Ш. М. ). 
6) Ақтоты көңілденіп, ел қатарлы қалжыңнан құр қалмай отырды ( Б. Т. ). 7) 
Құлаштап сермелген әлпеншекке Абай мен Тоғжан кезек-кезек биіктеп түсіп, 
теңселіп тұрып, ән шырқасты (М. Ә. ). 8) Іші алтын, сырты күміс сөз 
жақсысын қазақтың келістірер қай баласы ( Абай ). 9) Абай шешесіне риза 
боп қуанып кеп, бұрынғы бір кішкентай күніндегі еркелігіне басты. ( М. Ә. ).


93 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет