Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис



Pdf көрінісі
бет95/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

§ 42

Туынды сөз 
Негізгі сөздік қорға жататын түбірлік сөздерден жаңа мағыналы сөздер 
жасалып тілдің сөз байлығының өсіп, дамып отыруы—тілдегі үнемі болып 


отыратын табиғи құбылыс. Мысалы, 
біл 
деген етістікке 
-ім 
жұрнағын жалғап, 
білім 
деген есім сөзін тудыруға болады. 
Негізгі түбір сөзге жұрнақ жалғау арқылы жасалған жаңа мағыналы 
сөзді т у ы н д ы т ү б і р немесе т у ы н д ы с ө з
дейді. 
Негізгі түбірге жұрнак жалғап, туынды түбір жасау — жаңа сөз тудырудың 
негізгі амалының бірі. Қазақ тілінің жалғамалылық қасиетіне байланысты 
туынды сөзге жалғанатын қосымшалар біреу болмай, екеу-үшеу, кейде одан да 
көп болуы мүмкін. Мысалы, 
білімпаздық 
деген туынды сөзде үш қосымша 
бар. Олар бірінің үстіне бірі жалғану арқылы сөздің мағыналарын жаңартқан 
үстіне жаңартып тұр. 
Біл 
— етістік, 
білім 
— зат есім, 
білімпаз 
— 
сын есім, 
білімпаздық 
— 
екінші мағыналық зат 
есім.
Сөйтіп, 
-ім

-паз, -дық 
жұрнақтары бір сөзге қатар жалғанып тұр. 
Бір негізгі түбірге жалғанып, жаңа мағыналы туынды сөз тудыратын 
жұрнақтардың барлығы бірдей жоғарыдағы сияқты бірінің үстіне бірі 
жалғанып келе бермейді. Бір түбірге жалғанатын бірнеше жұрнақ болса, 
олардың әрқайсысы өз бетімен түбір сөзге жалғанып дербес мағыналы туынды 
сөз тудырады да, бірінің үстіне бірі жалғанбайды.
Мысалы: 
Бөл 
- бөлім, бөліс, бөлшек, бөлгіш, бөлу. 
Күз
- күзгі, күздік 
Тұз 
- тұзда, тұзды, тұздық, тұзсыз, тұзшы. 
Талап
- талапты, талапсыз, талаптан. 
Негізгі түбірге әр түрлі жұрнақтар жалғану арқылы жасалған түбірлес 
сөздердің бәрі бірдей бір топқа қатысты болмай, жасалуына және 
мағыналарына қарай өз ішінде жіктеліп, топталып отырады. Мысалы: 
Біл -
білім - білімпаз - білімпаздық ; 
білімді - білгіш - білімсіз
білу - білуші; 
білдір - білдірт - білдірткіз 
Бұлардың бірінші жолдағыларының мағынасы заттық ұғыммен байла-
нысты болса, екінші жолдағылар сындық ұғыммен байланысты. Үшінші жол 
әрі қимылдық ұғым, әрі субстантивтенген ұғыммен байланысты. Ал төртінші 
жолдағылар тек қимылмен ғана байланысты және бұлардың мағыналары бір-
біріне өте жақын, білу қимылын істі істеушінің өзі емес, өзге біреу арқылы 
істететіндігін білдіреді. Жаңа сөз тудыруға негіз болатын үнемі негізгі түбір 
бола бермейді, көптеген жағдайда жұрнақтарды туынды түбірге жалғау 
арқылы да бірнеше жаңа мағыналы туынды сөз тудыруға болады. 
Негізгі түбірлері сыртқы тұлғалық жағынан ұқсас болған сөздердің 
барлығы бір негізден, бір сөзден шыққан деп түсінуге болмайды. Қазақ тілінде 
тұлғалық көрінісі бірдей, мағыналары әр түрлі омоним сөздер көп. Осы 
омоним сөздерден жасалған туынды сөздердің түбірлері тұлғалық жағынан 
бір сияқты болғанымен, мағыналық жағынан әр түрлі сөз болып келеді. 


99 
Мысалы: 
кірлі, кірсіз, кірлеу 
деген сөздер мен 
кіріс, кіру 
деген сөз-дердің 
негізгі түбірі 
кір 
болғанымен, олар бір сөзден шыққан түбірлес сөздер емес. 
Алдыңғы үшеуі бір түбірден жасалған. Олардың түбірі 
-кір. 
Бұл — сындық 
ұғым беретін сөз, оның синонимі 
-лас, 
антонимі — 
таза. 
Келесі екі сөздің де 
негізгі түбірі — 
кір. 
Бірақ мұның мағынасы өзге. Бұл — қимылды білдіреді, 
етістік сөз, бұның антонимі — 
шық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет