Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


 Белгісіздік есімдік. Есім сөздерінің орнына жүріп, бірақ олардың кім



Pdf көрінісі
бет187/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

5. Белгісіздік есімдік. Есім сөздерінің орнына жүріп, бірақ олардың кім 
және не екендігінің белгісіздігін білдіретін есімдіктерді б е л г і с і з д і к
е с і м д і к дейді. 
Олдарға: 
біреу, кейбіреу, бірдеме, әркім, әрне, әрнеме, әлдекім, әлдене; бір, 
кейбір, қайсыбір; әр, әрбір, кейбір; бірнеше, әлденеше, біраз, әрқалай, әлде-
қалай, әлдеқашан, әлдеқайдан деген 
сияқты сөздер жатады. 
Мағыналары, тұлғалдануы және синтаксистік қызметі жағынан бұлардың 
бәрі бірдей емес. 
Біреу, кейбіреу,бірдеме, әркім, әрне, әрнеме, әлдекім, әлдене
деген сөздер 
белгісіз бір адамды, бір нәрсені білдіреді де, көптеледі, септеледі. Сөйлем 
ішінде зат есім сөзіне тіркесіп айтылмай, өз алдына дара қолданылады да, 
морфологиялық тұлғасына және сөйлемдегі орнына, қандай сөздермен 


181 
байланысуына қарай сөйлемнің барлық мүшесі де бола алады. Сондықтан 
бұларды зат есім сөзінің орнына жүреді деуге болады. Мысалы: 1
. Мектеп 
жақтан
 біреу 
келе жатыр
. 2. 
Сарайда 
бірдеменің 
дыбысы шығады.
3. 
Біздің 
бұл ісіміз 
кейбіреулерге
 ұнамауы да мүмкін
. 4. 
Ол өзінің сөзінде
 әркімді 
бір 
кінәлайды. 5
. Әлдекімнен
 естіген жалған сөзді айта бермеу керек, өсек деген 
содан шығады.
Бірінші сөйлемдегі 
біреу 
деген белгісіздік есімдік жеке атау тұлғада келіп 
бастауыш, екінші сөйлемде 
бірдеменің 
деген ілік септік жалғауда н е н і ң? 
деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып, үшінші сөйлемде 
кейбіреу-
лерге 
деген белгісіздік есімдік көпше, барыс септік жалғауда келіп толық-
тауыш болып, төртінші сөйлемде 
әркімді
деген белгісіздік есімдік табыс 
жалғауда келіп толықтауыш болып,бесінші сөйлемде 
әлдекімнен
деген 
белгісіздік есімдік шығыс жалғауда келіп толықтауыш болып тұр. 
Бір, кейбір, қайбір, қайсыбір, әр, әрбір, бірнеше, әлденеше, біраз
деген сөз-
дер өздерінен кейін айтылған зат есімнің сындық және сандық белгісіздігін 
білдіреді де, зат есім сөзіне тіркесіп айтылып, сөйлемде анықтауыш қана бола 
алады. Бұлар көптелмейді , септелмейді. Мысалы: 1


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет