Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Болымсыздық есімдік. Есім сөздерінің орнына жүріп, белгілі сан



Pdf көрінісі
бет189/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Болымсыздық есімдік. Есім сөздерінің орнына жүріп, белгілі сан, 
сапа, өзге де қасиеттердің нәрседе жоқ екендігін білдіретін есімдіктің 
түрін б о л ы м с ы з д ы қ е с і м д і к дейді 
Оларға: 
ештеңе (ештеме), дәнеңе (дәнеме), ешкім, ешқандай, ешбір, ешқа-
сысы, ешқашан, ешқайда
деген сияқты сөздер жатады. 
Бұлардың да мағыналары, тұлғалануы және синтаксистік қызметі бірдей 
емес. 
 Ештеңе, дәнеңе, ешкім, ешқайсысы
деген сөздер зат есімнің орнына 
жүріп, зат есімге тіркеспей дара қолданылады да,көптеледі, тәуелденеді, 
септеледі. Сосын сөйлемде морфологиялық тұлғасына қарай және қандай 
сөзбен байланысып тұрғанына қарай, сөйлемнің барлық мүшесінің қызме-
тінде де қолданыла береді. Мысалы: 1

Ештеңе
 естілмейді
.2. 
Ешқайсысының
бізге керегі жоқ
.3. 
Мен мектепте 
ешкімді де 
кездестіре 
алмадым. 4. Олардың 
ешқайсысынан 
әлі хабар жоқ
.
Бірінші сөйлемдегі 
ештеңе 
деген болымсыздық есімдік атау тұлғада келіп бастауыш болып, 
екінші сөйлемде 
ешқайсысының
деген болымсыздық есімдік ілік жалғауында 
анықтауыш болып, үшінші сөйлемде 
ешкімді 
деген болымсыздық есімдік 
табыс жалғауда толықтауыш болып, төртінші сөйлемде 
ешқайсысынан
деген 
болымсыздық есімдік шығыс жалғауында толықтауыш болып тұр. 
Ешқандай, ешбір
деген сөздер зат есімге тіркесіп айтылады да көптеліп, 
септеліп, тәуелденіп тұлғаланбай, зат есім сөзімен қабыса байланысып, анық-
тауыш болады.Мысалы:1. 
Үнемі 
ешқандай
 өзгеріссіз бір қалыпта тұратын 
нәрсе болмайды. 2. Айнала тып-тыныш, 
ешбір
 дыбыс естілмейді.
Бұл сөй-
лемдердегі 
ешқандай, ешбір
деген есімдіктер қ а н д а й? деген сұраққа жауап 
беріп анықтауыш болып тұр. 
Ешқашан, ешқайдан
деген сөздер сөйлемде етістіктен болған мүшемен 
байланысып, етістіктегі қимылдың мезгілін, мекенін білдіреді де, көптел-
мейді, тәуелденбейді және септелмейді. Сөйлемде пысықтауыш болады. 
Мысалы: 1. 
Бұл сөзді бұдан бұрын 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет