Қазақ тілі лексика, фонетика, морфология мен синтаксис


Заттың қимылдық процесін, жай-күйін білдіріп, болымды, болымсыз



Pdf көрінісі
бет193/406
Дата13.06.2022
өлшемі3,22 Mb.
#146458
түріОқулық
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   406
Байланысты:
Қазақ тілі окулық Абуханов-лексика

Заттың қимылдық процесін, жай-күйін білдіріп, болымды, болымсыз 
түрде жаққа, шаққа, райға тұлғалық өзгерістерге енетін сөз табын е т і с 
т і к дейді. 
Етістіктер 
не істейді? не істеді? не істемек? не қылды? не қылады? не 
қылмақ? 
деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: 
Бала ойнады
(не істеді?). 
Жастар форумы сағат екіде басталады.
(не істейді?). 
Олар ертең Есік 
көліне жорыққа аттанбақ.
(не қылмақ?). 
Етістік сөздері, негізінде, адамның, заттың ісін, амалын, қимылын біл-
діреді. Мысалы: 
Оқушы 
жазды,
 машина 
жүрді, 
бала жүгірді, ат 
шапты.
 
Етістіктің лексикалық мағынасы үнемі қимыл, қозғалыс бола бермейді, 
кейде етістік белгілі бір қимылдың қалпын да білдіреді.Мысалы: 
Ол төргі 
бөлмеде 
жатыр. 
Бала ерте 
ұйықтады. 
Омар 
күлді. 
Бұл сөйлемдердегі 
жатыр, ұйықтады, күлді 
деген етістіктер ешқандай қимыл, қозғалысты 
білдіріп тұрған жоқ, үшінші жақтағы адамдардың өткен уақытта қандай 
қимылдық қалыпта болғандағын білдіріп тұр.
 
 


189 
108-жаттығу

Мәтінді оқып шығып, етістіктерді тауып, олардың қандай сұраққа жауап 
беріп тұрғанын және мағыналарын айтыңдар. 
Ол жазғы таңғы ұйқыдан әрі тез, әрі сергек оянды.Тасегеннің терістігінен 
шығысына қарай жиектеген қан қызыл шұғыла Қалқан тауының арғы бетінен 
иегін артып, көкжиекті тегіс қармай, әлемге шырайын шашап келеді.Өлке беті 
тып-тынық.Ауа мұнартпай, ап-айқын ғана мөлдірейді.Айнала жиегін қызыл 
торғынмен көмкерген биязы көк шатыр түні бойы маужырап тұрып, енді 
үлпілдей бастады.Шатырдың шығыс жақ табалдырығына нұрлы сұлу ажарын 
айқындап, төңіректей жүріп келе жатты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   406




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет