Қазақ тілі
Лексикалық тақырыбы: Дәрігер қабылдауында
Грамматикалық тақырыбы: Екпін
5-сынып
Абдикаримова А.Ж.
қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға лексикалық тақырыптың маңызын ашып, түсіндіру,дәрігер мамандығы туралы білімдерін кеңейту, екпін, оның түрлері туралы түсінік беру, орыс тіліндегі екпін мен қазақ тіліндегі екпінді салыстыра отырып айырмашылықтарын меңгерту.
Дамытушылық: Жаңа сөздерді меңгерте отырып , тақырып аясында сөйлету, жеке ойларын айтқызу; ой- өрісін, тілін дамыту, сауаттылықтарын жетілдіру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Салауатты өмір салтына, дәрігер мамандығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, СТО стратегиялары, топтық жұмыс, жеке жұмыс, жұппен жұмыс.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, оқулық, үлестірмелі парақшалар, бағалау парағы
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі (2 мин)
А) Сәлемдесу. Сабақтың тақырыбы мен мақсатымен таныстыру.
- Сәлеметсіңдер ме, балалар!Бүгінгі сабақта біз топпен, жеке, жұппен жұмыс істейміз.
Ә) Психологиялық ахуал туғызу. Бүгін бізде ерекше сабақ.Біздің сабаққа қонақтар келіп отыр."Қош келдіңіздер!"- дей отырып, мен барлығыңа бүгінгі сабақта жемісті жұмыс тілеймін! Ал, сендер бір - біріңе не тілейсіңдер?/Оқушылар бір-біріне жақсы тілектер тілейді/.
Б) Бағалау жүйесімен таныстыру. Сабақ барысында топтағы оқушылар ұпай жинайды, сабақтың соңында ұпай саны бойынша жеңімпаз топты анықтаймыз және әр оқушының бағасын қоямыз.
(Топ басшысына бағалау парағын беру)
ІІ.Ой қозғау. (3мин)
«Миға шабуыл» әдісі арқылы.( 1 ұпай)
а) Грамматикалық тақырыпты қайталау. Ережелерді сұрау.
(фонетика,зат есім, сан есім, сын есім, етістік)
ІІІ Үй жұмысын тексеру (5)
1. Денсаулық туралы мақал – мәтелдер жатқа айту. (1 ұпай)
2.Сөздік диктант: Полезный – пайдалы, вредный – зиянды, продукт – өнім, организм – ағза, витамины – дәрумендер, локоть – шынтақ, лоб – маңдай, бауыр – печень, селезенка – көкбауыр, сердце – жүрек.
Өзін - өзі тексеру.
Топ басшылары бағалау парағына ұпайларды тіркейді.
Қате жоқ -5 ұпай
1 -2 қате -4 ұпай
3-4 қате – 3 ұпай
ІҮ. Жаңа сабақ (30 мин)
1.Қызығушылығын ояту. ( 1 мин)
Тіс ауырса, іш ауырса,
Саған дәрі береді.
Балаға да, анаға да
Мейірімін төгеді.
Ол кім? (Дәрігер)
2. Суретпен жұмыс. (1 мин)
- Қандай дәрігерлерді білесіңдер? (терапевт, педиатр, стоматолог, кардиолог, лор т.б.)
3. Мағынаны тану . Балалар, бүгін «Дәрігердің қабылдауында» деген лексикалықтақырыппен және «Екпін» деген грамматикалық тақырыппен танысамыз.
А) Грамматикалық тақырыпты түсіндіру. (8 мин)
Екпін - сөйлеген кездегі белгілі бір сөздің, буынның және дыбыстың ерекше көтеріңкі дауыспен айтылуы.
Екпін түрлері: сөз екпіні, ой екпіні, дыбыс екпіні, тіркес екпіні.
Орыс тіліндегі және қазақ тіліндегі екпіннің қойылуын түсіндіру.
Әр топ берілген сөздерге екпін қойып шығады, қорытынды жасайды:
І топ- Жұмыс, жұмысшы, жұмысшылар, жұмысшылардың.
ІІ топ – дәрі, дәрігер, дәрігерлер, дәрігерлерге
ІІІ топ – оқу, оқушы, оқушылар, оқушыларды
Қорытынды: екпін тұраұты, соңғы буынға түседі.
Ә) Лексикалық тақырыппен жұмыс (10 мин)
- Балалар біз ауырғанда қайда барамыз?
- Біз дәрігерге барғанда, ол не істейді?
- Бізді қарайды , ауруымыз туралы түрлі сұрақ қояды.
- Енді сол сұрақта кездесетін жаңа сөздерімізбен танысып, білетіндеріміз қайталап шығамыз.
1.Сөздік жұмыс: Керекті сөздермен таныстыру.Тыңдату. Оқыту.Сөйлем құрастыру. (4мин)
Қызуым көтерілді - поднялась температура
Қай жерің ауырады – где болит
Қан тапсыру – сдать кровь
анықтама - справка
Сездіңіз- почувствовали
кешеден бері - со вчерашнего дня
соңғы кезде – в последнее время
нашарлап жүр - ухудшается
еркін демалыңыз - дышите свободно
басқан кезде - когда нажимаю
қауіпті ештеңе жоқ - нет ничего опасного
науқас адам - больной человек
Бағалау.Сөйлемді дұрыс құрап, айтқан оқушы - 1 ұпай.
2. Диалог. Жұппен жұмыс. (6мин)
А) Диалогті тыңдату. Ә) Оқушылар тізбектеп оқиды. Б) Аудару.
-Кіруге бола ма?
-Кіріңіз.Отырыңыз.
-Қай жеріңіз ауырады?
-Қызуым көтеріліп тұр.
-Ауырғаныңызды қашан сездіңіз?
-Кешеден бері.
-Тіліңізді көрсетіңіз.
-Жиі ауырасыз ба?
-Соңғы кезде денсаулығым нашарлап жүр.
-Шешініңіз. Еркін демалыңыз. Мына жеріңізді басқан кезде ауыра ма?
-Жоқ. Ауырмайды.
-Қауіпті ештеңе жоқ. Сізге кішкене салқын тиіп қалыпты. Мен дәрілерді жазып берейін, бір таблеткадан күніне үш рет тамақ алдында ішіңіз. Емделіңіз.
-Рақмет. Сау болыңыз.
В) Диалогті көрініс ретінде көрсету. (алдын ала екі оқушыға тапсырма берілген)
С) Үлгі бойынша диалог құрастыру
Бірін- бірі бағалау. Мазмұнына, құрылысына қарай диалог – 3,2,1 ұпаймен топтар бірін – бірі бағалайды. І топ – ІІ топ, ІІ топ – ІІІ топ, ІІІ топ – І топ.
Бағалау_парағына_бағаларын_тіркеу.__Ү.Жаңа_сабақты_бекіту:_(3_мин)'>Бағалау парағына бағаларын тіркеу.
Ү.Жаңа сабақты бекіту: (3 мин)
1.Топпен жұмыс.
«Дәрігер» сөзіне кластер құру. Топпен ортаға шығып қорғайды.Қонақтар бағалайды.Әр мүшесі 1,2,3 ұпайдан.
ІҮ.Бағалау. (1 мин)
№
|
Ұпай саны
|
Баға
|
1
|
12-15
|
5
|
2
|
8 -11
|
4
|
3
|
5 -7
|
3
|
ҮІ. Үй жұмысы (1 мин)Жіктеу: (жекеше, көпше түрінде)
1 топ: дәрігер болу 2 топ: адамдарды қабылдау 3-топ: науқасты емдеу
ҮІІ. Рефлексия: (1 мин)
Мен сендерге сабақта білім беруге тырыстым. Енді менің жұмысымың жемісін көргім келеді.Сендер қолдарыңдағы алма жемісіне бүгінгі сабақтан үйренген сөздеріңді,алған білімдеріңді немесе маған деген тілектеріңізді жазып, мына «Білім ағашына» іліп кетсеңдер кетсеңдер, мен қатты қуанып қалар едім.
Сабақ аяқталды.Сау болыңдар.
Бағалау парағы
№
|
Оқушы
ның аты- жөні
|
Ереже айту
|
Мақал – мәтел айту
|
Сөздік диктант
|
Сөздік жұмыс
Жаңа сабақ
|
Диалог
|
кластер
|
Ұпай саны
|
Баға
|
1
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
4
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
6
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |