Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы ақпараттық технология



Дата26.08.2017
өлшемі29,35 Kb.
#28124
Қазақ тілі мен әдебиет сабақтарындағы - ақпараттық технология

Қазіргі білім беру жағдайында электронды құрал-жабдықтарға негізделген ақпараттық технологияларды, сандық білім қорының біртұтас жиынтығын, интерактивті тақта мен ғаламтор желісі мүмкіндіктерін, т.б. пайдаланбай, солардың көмегіне сүйенбей сабақ беру мүмкін емес. Сол себептен АҚТ-ны бүгінгі заманның орасан зор жетістігі ретінде қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің сабақтарында да пайдалану маңызды. Бұл технология елімізде соңғы он шақты жыл көлемінде кең қолданыс тауып келеді. Қазіргі жағдай қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын жүргізетін мұғалім-оқытушылардың АҚТ-ның барлық мүмкіндігін қарапайым орфографиялық ереже-қағидалардан бастап интерактивті тақтаға дейін пайдалана отырып қашықтан оқыту үшін ғаламтор желісінде де жұмыс істей алуды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау» деп көрсеткен.

Ақпараттық технологияның негізгі талабы- жас ұрпаққа қоғамға лайықты ақпараттық білім негіздерін бере отырып, олардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

Ақпараттық технологиялардың бірі – интерактивтік тақта. Бүгінгі таңда республика көлеміндегі ұстаздардың көпшілігі интерактивті тақтамен сабақ өткізуде. Интерактивті тақтамен әр сабақты қызықты өткізуді ойластырып, жоспарды талапқа сай құра білген ұстаз өз дәрежесінде сапалы сабақ өткізе алады. Ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушыларды жаңа заман технологиясымен жұмыстануға үйретеміз. Осы орайда қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда мынадай басымдылықтарды анықтап айта кетуге болады:


-оқытуды даралау және саралау, оқытудың түрлі бағдарламаларында қиындық келтіретін тұстарды нақтылау, әрбір тақырып бойынша қорытынды жасау, шығармашылық жұмыстың түрін таңдау;
-зерделенетін материалдың қолжетерлігі, оқушылардың ғаламтор қорларын еркін пайдалана алуы;
-ақпараттың кез келген түрімен өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын, тиімді сандық білім ресурстарын жинақтау ептілігін дамыту;
-ақпараттық интерактивті технологияларды қолданып, шығармашылық жұмыс орындауда оқушылардың таным белсенділігін арттыру.
Қазақ тілі мен әдебиетінің ұстаздары отандық білім беру бағдарламаларын басшылыққа алып, кеңінен қолданады. Сабақта пайдаланатын электронды сандық жүйе білім беру бағыттары бойынша сан алуан интерактивті кестелерді, сызбаларды, қызықты мультимедиялық сабақтарды, ауызша- жазбаша бақылау сұрақтары мен тест тапсырмаларын қамтиды. Десек те аталған ресурстарды бір пәннің, атап айтқанда, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің барлық сабақтарында бірдей қолдану мүмкін емес.

Соңғы он жылда қоғамдық-гуманитарлық, соның ішінде қазақ тіл мен әдебиет пәндерін оқытатын мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындарының ұстаздары өздерінің әрбір сабақтары үшін электронды жалғама (сабаққа қосымша материалдар) дайындауды дәстүрге айналдырған. Мұндай сабаққа қатысты көрнекі құралдар, жаңа тақырыпты түсіндіретін дидактикалық материалдар, сабақ түсіндіруге септігі тиетін сызбалар мен кестелер, сабақ жүргізу барысында студенттерді бір сәт сергіту мақсатында қолданылатын ақпараттық-танымдық материалдар, бағалау- бақылау материалдары болып келетіні белгілі.



Интерактивті тақтаны пайдаланып сабақ жүргізу барысында берілетін білімнің сапасын ғана арттырып қоймай, студенттердің әр сабаққа деген қызығушылығын арттырып, олардың жалпы уақытын үнемдейді, ынта-ықыласын жақсартады, әрбір оқушыны ұжымдық жұмысқа тартуға көмектеседі, сонымен қатар жеке қабілеттерін жетілдіреді және олардың шығармашылық, зерттеушілік дағдыларын дамытады. Осы мүмкіндіктерді ескерген мұғалім әрқашан ақпараттық- қатынастық технологияны дұрыс таңдап, белгілі бір сабақтағы нақты педагогикалық мақсат-міндеттерді орындаудың оңтайлы әдісін таба біледі.
Инновациялық технологиямен сабақ өткізу арқылы шығармашылық қабілеттерін дамытуға, олардың пәнге деген қызығушылығын оятуға, ұлттық сипаттағы жеке тұлғаны қалыптастыруға болатындығын тәжірибе көрсетіп келеді.

Осындай технологияның оқу үрдісіндегі практикалық маңыздылығымен қатар жанама мынадай тиімді жақтары бар екенін атап кеткен жөн: қоғамдық-әлеуметтік қарым-қатынас үдерісі табысты өтеді, студенттер өз ой –пікірлерін қысылмай, емін-еркін жеткізіп айта алады, берілген білімге, ақпарат-мәліметке қатысты қойылған сұрақтарға батыл жауап береді, білім беру- білім алу үдерісі көтеріңкі көңіл –күй жағдайында іске асырылады. Студенттер қазіргі технологияларға өзінің де қатысы бар екенін сезініп, оны терең түсініп, жинақталған тәжірибесін ғаламтор желісін пайдалана отырып қашықтан білім алуда да ұтымды пайдаланады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет