І топ « Ұлпан» тобы
Романның композициялық құрылысына жоспар құру.
Әңгіменің басталуы
Әңгіменің байланысы
Әңгіменің даму
Әңгіменің шарықтауы
Әңгіменің шешімі
ІІ топ « Есеней» тобы
Ұлпанның өсу жолын кестеге түсіре отырып, әңгіме мазмұнымен байланыстыра түсіндір.
Есенейге ұзатылуы.
Ел билеу ісіне араласуы
Ел анасы атануы
Ақырғы дем
ІІІ топ «Артықбай» тобы
Әңгімеге сатылай кешенді талдау жасаңдар.
Кейіпкерлері
Портреттері
Көркем сөз айшықтары
Тұрақты сөз тіркестері
Мақал - мәтелдер
І топ «Ұлпан» тобы. Графикалық диктант. Дисфемизм сөздерді, эфемизм сөздермен алмастырып жазу.
ІІ топ. «Есеней» тобы. Синкуэйн әдісі бойынша «Бес жолды өлең» құру.
Зат есім. Ұлпан ана
Сын есім. Мейірімді, ақылды.
Етістік. Есенейге тұрмысқа шығып, халықтың жағдайын жасады.
Синоним. Адам.
Түйін. Ағайын –алтау, ана- біреу.
ІІІ топ «Артықбай» тобы. Әңгімеден омоним сөзді тап.
І топ «Ұлпан» тобы
Есеней
|
Ұқсастығы
|
Артықбай
|
|
|
|
ІІ топ «Есеней» тобы
ІІІ топ «Артықбай» тобы
Өздері қалаған кейіпкерлерге хат жазу
|
Автор орындығы (ашық хат)
Сабақты бекіту ( 3 минут)
Кері әсер парағы.
Оқушы бағалау. (2 минут)
Үйге тапсырма:
|
«Егер де мен жазушы
болсам. . .» (үлгі)
«Пікір алысу» (қорытынды)
Шығарманың авторы, аты.
Шығарма несімен ұнады?
Сүйікті кейіпкерің.
Жасалған қорытынды
«Есімі аңыз болған Ұлпан ана» тақырыбына шағын ойтолғау жазу.
|
Өздері қалаған кейіпкерлерге хат жазу
|
2.8. Хронологиялық кесте
Өмірінен деректер
9 жасқа дейін өз ауылында оқып, хат таныды.
|
1916-1921
|
Обаған деген жердегі нағашысының көмегімен екі сыныптық орыс мектебіне оқуға түседі. Осында орыс тілі мен әдебиетінен сабақ беретін көрнекті педагог Бекет Өтетілеуов Ғабиттің жазушылыққа деген ықыласын оятуға көп ықпал еткен. Өтетілеуовтің көмегімен Пресногорьковтағы жоғары сыныптық училищеде оқиды.
|
1923-1926
|
Орынбор қаласындағы жұмысшы факультетінде оқыды. С.Сейфуллинмен танысты.
|
1925
|
«Едіге» деген әңгімесін «Еңбекші қазақ» газетіне жариялайды.
|
1926
|
Рабфакты бітірген соң, Омбыдағы ауыл шаруашылығы институтында 1 жыл оқыды. Сол жылы «Әмірхан бидайығы» деген аударма кітап шығарады.
|
1927-1928
|
Щучинск қаласындағы ауыл шаруашылығы техникумында оқытушы болды. Қабырға газетіне жазған әңгімесі кейін «Тулаған толқында» повесі болып жарияланды.
|
1934-1935
|
«Қазақ әдебиеті», «Социалистік Қазақстан» газеттерінің бас редакторы;
|
1937
|
Қазақстан КП Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі;
|
1937-1938
|
Қазақ зиялылары жаппай қуғын-сүргінге түскенде Б.Майлинді жақтап: «Бейімбет халық жауы болса, мен де халық жауымын»,-деп айтқан. Бұл оқиғалар жайлы оның «Шұғыла» деген әңгіме очеркінде айтылған. Бұл әңгімесі – 1932 жылғы ауыр шындықты астарлап жеткізген шығармасы.
|
1938-1955
|
Бірыңғай жазушылық жұмыспен шұғылданды.
|
1954
|
«Махаббат туралы дастан» атты көркем суретті фильмнің сценарийін жазды.
|
1955-1966
|
«Ара» журналының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының бірінші хатшысы;
|
1958
|
Осы жылдан бастап КСРО Жазушылар одағы басқармасы хатшыларының бірі, Лениндік және Мемлекеттік сыйлықтар жөніндегі Бүкілодақтық комитеттің мүшесі.
|
1962
|
Бесінші сайланған КСРО Жоғары Кеңесінің депутаты.
|
6 рет (6,7,8,9,10,11 – сайланған) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды.
|
1974
|
Социалистік Еңбек Ері атағы берілді.
|
1974-1975
|
Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің төрағасы болып сайланды.
|
Жапония, Египет, Алжир, Италияда болды.
|
3 рет Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдарымен марапатталған.
|
2002
|
100 жылдығы ЮНЕСКО деңгейінде тойланды.
|
Қорытынды
Түйіп айтар болсақ, Ғабит Мүсірепов сияқты алып тұлғаның әлем төріндегі әдебиетке деген құрметі, оған деген сүйіспеншілігі және сол сезімдерді жеткізе білген шешендігі, қанды шайқаспен тепе-тең жекпе-жек үстінде өзін ұстай білген сабырлылығы, парасаттылығы, аңғарымпаздығы, білімпаздығы – тағы басқа да халқының мақтан тұтарлық азаматына лайық асыл белгілер, басқа шығармаларымен бірге ерекше көзге түседі.
Ғабит Мүсіреповтің «Ұлпан» атты романын оқығанда, тарихи шындықты әдебиет бетінде бейнелей отырып, жазушы қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен қызметін, оның феодалдық-патриархалдық ортадағы күресін нақты мінезге сүйене, нанымды етіп суреттейді. Халық сүйіспеншілігіне бөленіп, ел анасы атанған күрескер қазақ әйелінің бейнесін кесек те, ірі образ дәрежесіне көтерді.
Осы күнге дейінгі кей халықтардың ұғымында қазақ әйелінің қоғамдағы орны мен қызметі жайлы теріс түсініктер де жоқ емес еді. Бұл тақырыптағы ғылыми және көркем әдебиет қазақ әйелін қоғамның ешқашан теңдікке ие болып көрмеген, езгідегі мүшесі есебінде түсіндіріп келеді. Әйел заты болғаннан кейін тек қана ошақ қасында ғана қалу керек деген түсінік бұрыннан қалыптасқан. Ал біздің осы «Ұлпан» романын оқи отырып ұғатынымыз, әйел заты барлық биіктерден, яғни соның ішіндегі қоғамдық сатылардан көрінгеніне таңданамыз да қуанамыз. Қазақ қыздарының қалың топ алдында қасқая тұрып сөз сөйлегенін, билік айтқанын да, айтысқа түскенін немесе олардың қиын-қыстау кезеңде жауынгерлік жорық үстінде еркектермен бірдей ерлік көрсете білгенін анықтайтын дәлелдер тарихта көптеп кездеседі. Сондай-ақ қазақ аналарының жеке адамның ғана емес, сонымен бірге көптің анасы болғанын, өзінің жақсы қылық-әрекеттерімен елге жағып, халық анасы боларлық күйге жеткені өмірде жиі кездеседі.
Қорыта айтқанда, Ғабит Мүсірепов қазақ халқының әйелдер бейнесін жан-жақты бейнелеген жазушы. Кез келген туындысын алып қарасақ та, мейлі ол әңгіме болсын, мейлі ол роман болсын, мейлі ол пьесасы болсын, әр қайсысының өзіндік тәлім-тәрбиелік мәні өте зор. Қай туындысын оқысақ та, адамзат баласы өзінің тұла бойына тек ізгі игі қасиеттерді сіңіреді. Ғабит Мүсіреповтің сөз шеберлігі – қазақ әдебиетінің тарихында, әдебиеттану ғылымында мойындалған. Көркем әдебиетіміздің тамаша үлгілері ретінде Ғ.Мүсірепов туындыларының қазақ әдебиетінің алтын қорынан берік орын алғаны халқымыз үшін мақтаныш. Зейнолла Қабдоловтың айтуынша, біз Ғабит Мүсіреповті мақтамауымыз керек, біз Ғабит Мүсіреповпен мақтануымыз керек.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Мүсірепов Ғ. Ана. Алматы: 1934ж
2. Бекбергенов М. Ғабит Мүсіреповтің прозасы. Алматы: Рауан, 1990ж.
3. Мүсірепов Ғ. Қазақ әйелі. Алматы: Жалын 1982ж. Ғылыми түсініктерді жазған филология ғылымының докторы. Әділхамит Нарымбетов.
4. Нарымбетов А. Ардақтаған аруларды, ананы [ Ғ. Мүсіреповтің туғанына – 90жыл]. // Алматы ақшамы – 1992ж – 18 наурыз – 19 наурыз.
5. Нарымбетов Ә. Қазақ әйелін бейнелеудің шебер мүсіншісі. [Социалистік Еңбек Ер, академик-жазушы Ғ.М. – 80 жаста] // Қазақстан әйелдері №3, 1982ж.
6. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Алматы: Атамұра, 2003ж.
7. Ысмағұлов Ж. Ғабит Мүсірепов туралы тоғыз толғам. Алматы: Қазақстан, 2002ж.
8. Мүсірепов Ғ. Ұлпан. Повесть пен әңгімелер. Алматы: 1975ж.
9. Мүсірепов Ғ. Күнделік. Алматы: Ана тілі 1997ж.
10. Қабдалов З. Сөз өнері. Алматы: Санат, 2007ж.
11. Мүсірепов Ғ. Таңдамалы шығармалар. ІІІ том, Алматы: 1980ж.
12. Ысмағұлов Ж. Егіз толғам [Ғ. Мүсірепов – 100ж] // Егемен Қазақстан 2002ж 17 мамыр
13. Жұмабеков С. Ғабит Мүсірепов. Алматы: Мектеп, 1989ж.
14. Есқали Ө. Прототип // Егемен Қазақстан -2008ж -30 сәуір -8б.
15. Кәкішұлы Т. Бойына сіңбеген тақырыпқа жарамаспайды. Жас Алаш 2002, 21 наурыз.
16. Беркімбаева Ш. Ғабеңнің сөзі қай ғасырда да өзекті әрі өтімді // Қазақ әдебиеті, 2002, №22
17. Бәкенов С. Ер еңсесі //Егемен Қазақстан- 1997ж 22 қаңтар
18. Танабаев Ө. Сегіз сері Бахрамұлы шығаралары. Шымкент, 1999ж
19. Дәдебаев Ш. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992ж, №7
20. Бекбергенов М. Сөз зергері. Алматы: Жазушы, 1964ж
21. Мұқанов С. Өмір мектебі. Алматы: Жалын, 1977ж
22. Әдібаев Х. Талант, талғам, тағдыр. Алматы: Жазушы, 1971ж
23. Нұрғалиев Р. Телағыс. Алматы: Жазушы, 1989ж
24. Дәдебаев Ш. Ұлпан. Қазақ тілі мен әдебиеті. 1992ж. №7
Тақырыбы: Ғабит Мүсіреповтың «Ұлпан» повесін оқыту әдістемесі.
Достарыңызбен бөлісу: |