Қазақ тілі мен әдебиеті Бір дұрыс жауабы бар тапсырмалар



бет41/64
Дата19.12.2021
өлшемі420,74 Kb.
#103566
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64
Байланысты:
каз тили нуралы

Бір дұрыс жауабы бар 5 тапсырма

Атымтай жомарт



Атымтай жомарт айтты дейді: «Өзім дәулетті бола тұра, жұмыс істеуімнің төрт түрлі себебі бар. Әуелгісі: әдемі ат, асыл киім, асқан дәулетті өне бойы әдет етсең, көңілге жел кіргізеді, содан өзімнен терезесі төмен бейшаралардан жиреніп, көз салмай, кем-кетіктерге жәрдем беруді ұмытармын деп қорқамын. Екіншісі: бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік еместігін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін. Үшіншісі: күн сайын өзім еңбектеніп тапқан бір-екі пұлға нан сатып алып жесем, бойыма сол тамақ болып тарайды, еңбекпен тапқан дәм тәтті, сіңімді болады. Төртіншісі: дәулетгі өзімсініп, тиісті орынға жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген екен. (Ы.Алтынсарин)

  1. Мәтінге сәйкес келетін нақыл сөз

  1. Бойыма сол тамақ болып тарайды.

  2. Еңбекпен тапқан дәм - тәтті.

  3. Кем-кетіктерге жәрдем бсруді ұмытармын.

  4. Кейінгілер әбірет алсын.

  5. Мал берген иесіне күнәлі болармын.

  1. Атымтай жомарттың жомарттығын танытатын сөзі

  1. Жұмыс іетеуімнің төрт түрлі себебі бар

  2. Кем-кетіктерге жәрдем беруді ұмытармын

  3. Дәулетті тиісті орынға жаратамын

  4. Бар бола тұрьгп, жұмыс қыламын

  5. Кем-кетіктерге жәрдем беремін

  1. Мәтіндегі әлеуметтік-тұрмыс жағдайы туралы айтылған сөз

  1. терезесі төмен

  2. кейінгілер

  3. мал берген ие

  4. асыл киім

  5. кем-кетіктер

  1. «Бар бола тұрып, мен жұмыс қылсам, мұның кемшілік еместігін біліп, кейінгілер әбірет алсын деймін»,-деген сейлемдегі «әбірет» сөзі

  1. кәсіби сөз

  2. көнерген сөз

  3. жаңа сөз

  4. диалект сөз

  5. табу сөз

  1. Атымтай жомарттың өмірлік ұстанымы

  1. Мал берген иесіне күнәлі болмау

  2. Кейінгілер әбірет алсын деп өмір сүру

  3. Терезесі төмен бейшаралардан жиренбеу

  4. Дәулетті бола тұра, жұмыс істеу

  5. Өзі еңбектеніп тапқан бір-екі пұлға нан сатып алу




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет