Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар


Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлік



бет27/119
Дата20.10.2023
өлшемі5,96 Mb.
#187046
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119
2.Жас мамандармен жұмыс, тәлімгерлік


Жас мамандармен жұмыстың негізгі мақсаты: теориялық және тәжірибелік білімді жетілдіру мәселелерінде тәжірибелік көмек көрсету және олардың педагогикалық шеберлігін арттыру.
Міндеттер:
1. Жас мамандардың үздіксіз өз бетінше білім алу, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа нысандарын, әдістерін, алғышарттарын меңгеру, теориялық білімді тәжірибе жүзінде іске асыру қабілетін қалыптастыруды жалғастыру.
2. Өз қызметінде педагогикалық ғылымның жетістіктеріне сүйене отырып, мұғалімге көмектесу және озық педагогикалық тәжірибені меңгеру, идеяларды оқу-тәрбие үрдісіне шығармашылықпен енгізу.
3. Білімнің жетіспеушілігін жою, лауазымдық функцияларды орындау үшін қажетті кәсіби дағдыларды қалыптастыру.
4. Шығармашылық қызметтің жеке стилін қалыптастыруға ықпал ету; бастап келе жатқан мұғалімді нақты біліммен және теорияны тәжірибеде қолдана білуімен қаруландыру.
Қызметтің негізгі түрлері:

  1. Мектептің үздік мұғалімдерінің тәжірибесін зерделеу арқылы педагогикалық шеберлікті меңгеруде жаңа бастаған мұғалімдерге көмек көрсетуді ұйымдастыру.

  2. Жас мамандарды педагогикалық кеңестерді, семинарларды, конференцияларды дайындауға және ұйымдастыруға, оқу-әдістемелік бірлестіктердің жұмысына тарту.

  3. Жас мамандардың сабақтарына қатысу.

  4. Жас мұғалімнің жұмыс нәтижелерін бақылау, педагогикалық диагностика.

  5. Жас мамандардың дидактикалық материалдарды, электронды оқу материалдарын және т. б. әзірлеуін ұйымдастыру.

Жұмыс мақсаттарына сай жас мамандар мектебінің жұмыс жоспары құрылды.
2020-2021 оқу жылында мектепте еңбек өтілі 0-3 жыл аралығындағы 11 жас маман жұмыс жасады.





ТАӘ

Еңбек өтілі (0-3)

Оқу орнын аяқтаған уақыты

Лауазымы

Санаты (бар болған жағдайда)

Тәлімгердің ТАӘ

Тәлімгердің санаты

Жас мамандардың нәтижелері (жазып шығу)







1

Амангелді Әмір Саматұлы

1

2018

Дене тәрбиесі мұғалімі

санатсыз

Джанкин Кайрат Кудайбергенович

педагог-зерттеуші

2020, «Футбол добын соғу» қалалық байқауы (3 орын); 2020, «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курстары




2

Башой Қуандық Серікұлы

2

2018

Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

санатсыз

Сембина Мадина Сансызбаевна

педагог-зерттеуші

1.12.2019 - 1.12.2020ж. әскерде




3

Вирт Татьяна Михайловна

0

2020

Ағылшын тілі мұғалімі

санатсыз

Жигулина Юлия Валерьевна

педагог-зерттеуші

2020,"Englich by Tanya" Google платоформасын қолданып сайт құрды Sites 2020, «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курстары




4

Данильчик Алина Владимировна

2,4

2018

Ағылшын тілі мұғалімі

п-модератор

Бакирова Алия Шаймуратовна

бірінші

2019, март, конкурс "British buldog" - 5 оқушы- жеңімпаз (1,3 орын); 2019, қазан, " КIO" олимпиадасы- 2 оқушы- жеңімпаз (2,3 орын); 2019, сәуір, «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми тәжірибелік конференциясының қатысушысы 2019, ақпан, "Қазіргі мектеп" журналындағы басылым ; 2019 , қазан, "NIO" олимпиадасы- 3 орын; 2019, қыркүйек "KIO.KZ" олимпиадасы – қатысушы сертификаты; 2020, қаңтар, "Qazan. info" олимпиадасы - 2 орын; 2020, қыркүйек, "KIO.KZ" олимпиадасы – қатысушы сертификаты.




5

Бондарь Мадина Мейрамовна

1,2

2017

Бастауыш сынып мұғалімі

санатсыз

Маркина Елена Васильевна

педагог-зерттеуші

2020, Ауданда 1 орын (грамота), "KIO"; Республикалық қашықтық олимпиадасында 1 орын ; Бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы республикалық онлайн олимпиадасының І дәрежелі дипломы;




6

Әнуарбек Ақтөре Мерекеұлы

1,7

2019

Дене тәрбиесі мұғалімі

санатсыз

Пилипчук Сергей Антонович

педагог-зерттеуші

2020, Жеке футбол командалары арасындағы Қазақстан Республикасының Кубогына қатысқаны үшін дипломмен марапатталды.
А.Құнанбаевтың 175 жылдығына арналған онлайн-марафон аясында 175 км қашықтықты өтуге қатысқаны және сәтті жеңгені үшін диплом




7

Жаксылыкова Малина Максатовна

0

2020

Ағылшын тілі мұғалімі

санатсыз

Нуриманова Людмила Борисовна

педагог-зерттеуші

2020, «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курстары




8

Кайдарова Амина Болатовна

0

2020

Бастауыш сынып мұғалімі

санатсыз

Аубакирова Самал Каскырбаевна

педагог-зерттеуші

2020,қараша, Республикалық блиц турнирінде 1 дәрежелі диплом "Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі" USTAZ TILEGI" Республикалық ғылыми-әдістемелік орталығының Павлодар облысының бастауыш сынып мұғалімдері арасындағы олимпиадада II дәрежелі диплом


9

Кушенова Аида Бериковна

2

2018

Ағылшын тілі мұғалімі

санатсыз

Зиневич Анастасия Вячеславовна

педагог-зерттеуші

2019,"British buldog" - 7 оқушы-жеңімпаз (1 орын); 2020, «Қашықтықтан оқытуды үйренемін» курстары




10



Ли Христина Владимировна

2

2018

Ағылшын тілі мұғалімі

санатсыз

Мурсалиева Жанар Тлеулесовна

педагог-зерттеуші

2019, "ADVANCING LEARNING" SEMINAR семинары, "British buldog" - 6 оқушы-жеңімпаз (1 орын)




11

Мергалимова Минуар Балтаевна

2

2018

Ағылшын тілі мұғалімі

п-модератор

Кабышева Мейрамгуль Кудайбергеновна

педагог-зерттеуші

2019, наурыз, "British buldog" сайысы- 1 оқушы жеңімпаз (1 орын); 2020 маусым, "ККО" олимпиадасы - 1 оқушы-жеңімпаз (1 дәрежелі диплом); 2020, маусым, " NIO" олимпиадасы- 2 оқушы- жеңімпаз (1 орын); 2019, сәуір, «Үздіксіз білім берудің өзекті мәселелері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қатысушысы 2020, мамыр, "KIO.KZ" олимпиадасы- қатысушы сертификаты; 2019, қаңтар, "KIO.KZ" олимпиадасы – қатысушы сертификаты; 2019, ақпан, "Қазіргі мектеп" журналында басылым.




Әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету үшін жаңадан келген мұғалімдермен сабаққа қатысу нәтижелері бойынша әңгімелесу өткізілді, жұмыс тәжірибесі бар әріптестерінен сабаққа қатысу ұсынылды. Мектепте тәлімгерлік жүйесі бар, оған тиісті жұмыс тәжірибесі бар және оқушыларды оқыту мен тәрбиелеуде белгілі бір нәтижелерге қол жеткізген мұғалімдер тартылған. Басшыеың ОТЖ жөніндегі орынбасары А.К.Бейсембаева және тәлімгерлер сабақтың өзіндік талдауы, заманауи сабаққа әдістемелік талаптар, мектеп құжаттамасын жүргізу, сабақтың міндеттерін қою, күнтізбелік - тақырыптық жоспарлау және т.б. сұрақтар бойынша қажетті әдістемелік көмек көрсетті. Заманауи технологияларды әзірлеуге және енгізуге көмектесу мақсатында кеңестер мен әңгімелер өткізілді, сабақтар өткізілді. Мұның бәрі білім беру дағдылары мен қабілеттерін, оқушылардың өзін-өзі бағалауын және өзара бағалауын қалыптастыру үшін дамытушы білім беру әдістері мен әр түрлі жұмыс әдістерін меңгере отырып, мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыруға ықпал етті. Жас мамандар жаңа бағдарламалармен және оқулықтармен ықыласпен танысты, тәлімгерлермен тығыз жұмыс жасады. ZOOM арқылы қатысқан сабақтардың талдау мыналарды көрсетті:



  1. Барлық жас мамандар сабақтың ұйымдастыру кезеңіне назар аударады.

  2. Мұғалімдер сабақ барысында достық ортаны қолдайды, барлық оқушыларды білім беру үрдісіне тартады.

  3. Сабақта белсенді оқыту әдістері, экранды көрсету арқылы презентациялар қолданылады. Сабаққа шығарылатын оқу материалының көлемі оңтайлы және шамадан тыс жүктелмейді, мұғалімдер жаңа материалды ұсыну кезінде баланың жас және психологиялық ерекшеліктерін ескереді.

  4. Оқушылар сабақта мұғалімнің нұсқауларын нақты орындайды.

  5. Мұғалімдер сабақ барысында оқушылардың белсенділігін арттырады.

Дегенмен, сабақтарда келесі кемшіліктер бар:

  1. Мұғалімдер тапсырманы орындау уақытын көрсетпейді, критерийлерді айтып кетпейді.

Жас мамандар мен олардың тәлімгерлері үшін басшының ОТЖ орынбасары А.К.Бейсембаева «Педагогтің оқушылармен өзара іс-қимылы: педагогикалық жағдайлар, педагогикалық бағалау, педагогикалық талап және жетістік жағдайын жасау» тақырыбында ZOOM конференциясын өткізді. Конференцияда жас мамандар Т.М.Вирт және А.Б.Кайдарова, тәлімгер Ю.В.Жигулина өз тәжірибелерімен бөлісті.
Қорытындылар: тәлімгерлер жас мұғалімдерге әдістемелік көмек көрсету бойынша мақсатты жұмыс жүргізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет