10. №43 ЖОББМ КММ КІТАПХАНАСЫНЫҢ 2020-2021 ОҚУ ЖЫЛЫ БОЙЫНША ЖҰМЫС ТАЛДАУЫ
І. Кітапхананың негізгі міндеттері:
Мұғалімдерге, оқушыларға және оқырмандардың басқа санаттарына кітапханалық және кітапханалық-библиографиялық қызмет көрсету арқылы, оқу-тәрбиелеу үрдісі және өзін-өзі дамытуды қамтамассыз ету (практиканттар, мұғалімдер-зейнеткерлер).
2. Оқу-тәрбие үрдісін толық қамтамассыз ету мақсатында қор құру.
3.Оқушылар бойында ақпараттық мәдениетті, кітапқа деген сүйіспеншілікті, оқу мәдениетін, кітапхананы қолдана білу мәдениетін, шығармашылық ойлауды, азаматтық сауаттылықты дамыту, сөйлеу әрекетін қалыптастыру. Өзін-өзі дамытуға, жүйелі түрде кітап оқу қажеттілігін қалыптастыру.
4. Оқушылар бойында кітапхананың тәуелсіз қолданушысы дағдыларын қалыптастыру: кітапты қолдануға, іздеуге, таңдауға, сынауға үйрету.
5. Мектептің педагог қызметкерлерінің кәсіби шеберлігін көтеруде көмек көрсету.
6. Кітапхана технологияларының дәстүрлілерін сомдау және жаңаларды меңгеру.
7. Кітаптарды дәрітпеудегі жоғары көркем нақты саяси бағытталуды оның тиімділігін арттыру.
8. Жан-жақты тұлғаның қалыптасыуына, шығармашылық қабілеттердің дамуын және эстетикалық мәдениеттің қалыптасуына әсер ету. Оқушылардың танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту.
9. Материалистік көзқарасты дамытуға, құқықтық, еңбек тәрбиесі, кәсіби бағыт бойынша көмектесетін әдебиетті дәріптеу.
ІІ.Қысқаша анықтама.
Мамандар
Кітапхана меңгерушісі – Татьяна Юрьевна Шувалова, білімі жоғары – педагогика-психология, жалпы еңбек өтілі – 28 жыл, кітапханашы лауазымында – 14 жыл.
Кітапханашы – Валентина Ивановна Гришина, қоса міндет атқарушы, білімі жоғары – педагогикалық, жалпы еңбек өтілі – 44 жыл, №43 ЖОББМ-де кітапханашы лауазымында – 6 жыл.
Материалдық база
Кітапхана көлемі 35,9 шаршы метр құрайтын бөлмеде орналасқан. Абонемент және оқу залы біріктірілген, кітап қоймасы, екі жақты кітап сөрелері -4, біржақты кітап сөрелері – 7, шкаф – 1, кітапханашы үстелі – 2, орындық – 10, компьютерге арналған үстел – 6, ғаламторға шығатын компьютер -6, КФҚ-1.
Достарыңызбен бөлісу: |