Қорытындылар: Ағылшын тілін оқыту жағдайы қанағаттанарлық деп танылсын. Білім сапасы тұрақты.
2021-2022 оқу жылына арналған тапсырмалар: 1. Үлгерімі нашар оқушылармен жеке жұмыс жүйесін оңтайландыру.
2. Үйірме жұмысы аясында дарынды балалармен жұмысты күшейту.
3. Өздігінен білім алу тақырыбы бойынша жұмысты жалғастыру.
4. Оқытудың заманауи әдістері мен тәсілдерін белсенді қолдану.
5. Шет тілін оқуға деген ынтаны арттыру мақсатында оқушылармен сыныптан тыс жұмыстарды жандандыру.
9. Мектептің тәрбие жұмысының талдауы.
2020-2021 оқу жылы
Өткен оқу жылында мектеп келесі тәрбиелік міндеттерді шешті:
- жаңа «2020-2025 жылдарға арналған №43 ЖОББМ ММ тәрбие жүйесінің тұжырымдамасына» сәйкес тәрбие бағыттары бойынша іс-шаралар өткізу;
- «Рухани жаңғыру» бағдарламасының міндеттерін іске асыру бойынша жұмысты жалғастыру;
- арнайы курс жетекшілеріне кәсіптік бағдар бойынша шығармашылық және зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру. Педагогикалық шеберлік аптасын өткізу. «Менің сүйікті ісім» (жауаптылар арн.курс.жетекшілері: Кабышева М.К., Закирова А.Р., Пирожникова И.А., Марченко М.В., Марденов М.Б., сәуір);
- «оқыту және тәрбиелеу үдерісінде оқушылар мен мұғалімдердің төзімділігін қалыптастыру» тақырыбында педкеңес өткізу (наурыз);
- мектептің тәрбиелік міндеттерін орындауға ата-аналар қоғамдастығын және қамқоршылық кеңес мүшелерін белсенді тартуды жалғастыру;
- түрлі іс-шаралар арқылы отбасылық тәрбие тәжірибесімен алмасуды ұйымдастыру;
- сынып жетекшілеріне және ата-аналар комитеттеріне сынып оқушыларының отбасылық мәселелерін анықтау бойынша жұмысты күшейту.
Жоғарыда аталған міндеттерді шешу мектептің тәрбие жүйесін дамытуға бағытталған. Бұған балалар мен ересектердің әртүрлі бағыттардағы бірлескен шығармашылық қызметі ықпал етті: азаматтық-патриоттық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, дене шынықтыру-сауықтыру, экологиялық тәрбие. Тәрбие жұмысының бұл бағыттары дәстүрлі мектеп іс-шаралары, «Жас Ұлан» б/ұ жұмысы , пәндер бойынша сыныптан тыс және сабақтан тыс жұмыстар, қосымша білім беру ұйымдарымен тығыз ынтымақтастық арқылы іске асырылды. Елдегі қолайсыз эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, мектептің тәрбие жұмысы онлайн форматта да, дәстүрлі түрде де үздіксіз жүзеге асырылғанын атап өткен жөн.
Оқушылардың жеке тұлғасын қалыптастыру мен дамытуда мектеп өскелең ұрпақ арасында әлеуметтік маңызды құндылықтардың қалыптасуына ықпал ететін, өз еліне, оның тарихы мен дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін тәрбиелейтін азаматтық-патриоттық тәрбиеге жетекші рөл бөлінеді. 2020-2021 оқу жылында педагогикалық ұжым «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасының мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру арқылы оқушыларды патриоттық тәрбиелеу жұмысын жалғастырды. Жоспарланған іс-шаралар ішінен мыналар орындалды:
- «Әже мектебі» клубы ашылды (жет. Мұқажанова Б. Е.);
- өз жұмысынкелесі жобалар жалғастырды «Павлодар облысының киелі орындары» (жет. Қабыкенов А.Х.), «Әдеби өлкетану», «Ертіс өңірі және Біз» (жет. Шувалова Т.Ю.) және «Мектеп шежіресі» ( жет. Гришина В.И.).
Айта кететін жайт, «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында мектеп жобаларының мониторингі оң серпін береді: