Қазақ тілі мен әдебиеті бірлестігінде 16 мұғалім бар


Кадрлық әлеуеттің сипаттамасы



бет47/119
Дата20.10.2023
өлшемі5,96 Mb.
#187046
түріБағдарламасы
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119
IV. ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ҚАЖЕТТІ ДЕҢГЕЙІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ЖАҒДАЙЛАР

1. Кадрлық әлеуеттің сипаттамасы


«Павлодар қаласының № 43 ЖОББМ» КММ педагог кадрларының сапалық құрамы «ҚР жалпы білім беретін мектептерінің қызметін ұйымдастыру тәртібі туралы» Ережеге сәйкес келеді. Мектепте жұмыс істеген жылдары оқу-тәрбие үрдісін нәтижелі жүзеге асыруға, педагогикалық шығармашылықты, зерттеу жұмысын дамытумен айналысуға, оқушылардың жеке дамуы үшін жағдай жасауға қабілетті жоғары білікті педагогикалық ұжым қалыптасты. 2020-2021 оқу жылында 93 педагог жұмыс істейді, оның ішінде әкімшілік мүшелері - 9, тәлімгер - 1, кітапханашы - 2, педагог-психолог - 2, әлеуметтік педагог – 1, қосымша білім беру педагогтері: хореограф – 1, спорт жаттықтырушысы – 1. 100% мұғалім - мамандар. 6 педагог (6%) магистр дәрежесіне ие.


Педагогтардың жалпы санының 12-сі (13%) ерлер, 81-і (87%) әйелдер.


Білім деңгейі бойынша мұғалімдердің үлесі:



Білімі/ оқу жылы

2015-2016

2016-2017

2017-2018

2018-2019

2019-2020

2020-2021

Барлық педагогтар

85

86

91

96

96

93

Жоғары

76 (89%)

76 (88%)

80 (88%)

88 (92%)

88 (92%)

86(92%)

Орта арнаулы

9 (11%)

10 (12%)

11(12%)

8 (8%)

8(8%)

7 (8 %)

Педагогикалық білімі жоқ

0

0

0

0

0

0

Маман емес

0

0

0

0

0

0



Жоғары білімі бар мұғалімдердің үлесі соңғы 4 жылда 4% - ға өсті. Соңғы 2 жылда орта арнаулы білімі бар мұғалімдер саны 4% - ға төмендеді. Бұл екі жас мұғалімнің жоғары білім алуына байланысты. 2016-2017 оқу жылында педагогикалық колледждің жас мамандары мен түлектері жұмысқа қабылданды, 2017-2018 оқу жылында арнайы орта білімді 2 бастауыш сынып мұғалімі қабылданды, 2018-2019 оқу жылында жоғары білімді 5 мұғалім қабылданды. Орта кәсіптік білімі бар мектептің 5 мұғалімі бастауыш мектепте, 1 дене шынықтыру мұғалімі, 1 хореография мұғалімі жұмыс істейді. 2020-2021 оқу жылында орта – арнаулы білімді бітірген жас маман - бастауыш сынып мұғалімі қабылданды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   119




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет