Оқушылардың тіршілік қауіпсіздігі желісі бойынша:
- мектеп психологтары Тортопиди О.А., Великая Т.Н. жоғары деңгейде «Бірінші сынып оқушысының ата-аналарына арналған мектеп» (98% қамту), «Оқушыларды орта мектепте оқыту жағдайларына бейімдеу: мәселелер мен міндеттер» және «Балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын сақтау» атты тақырыптық кездесулер өткізді;
- 1-11 сыныптар арасында «Жол жүру ережелерін оқимыз» сынып сағаттары өткізілді;
- «Абайлаңыз жол!» (қамту 100%) (жау. жол қозғалысы ережелері бойынша үйірме жетекшілері Будкова В.О., Темиралина М.А.);
- 1-11 сынып оқушыларымен коронавирустың алдын алу туралы әңгіме жүргізілді;
- 6 сыныптардың параллелінде киберкультура бойынша іс-шара өткізілді. (Кабышева М.К.);
- мектеп психологтары 5-7 сынып оқушыларымен «Эмоционалдық және физикалық ширығуды басу тәсілдері» тақырыбында әңгіме өткізді.;
- 7-8 сыныптарда – «Диабет: алдын алу және емдеу»; 9-11 сыныптар – «Шылым шегудің алдын алу» онкүндігі аясында және Халықаралық темекі шегуден бас тарту күніне; 7-11 сыныптарда «АИТВ алдын алу», 6-11 сыныптарда «Дәстүрлі емес сауықтыру әдістерін қолдана отырып, ЖРВИ-ден қалай қорғауға болады?»;
- СӨС бойынша іс-шаралар жоспарын іске асыру шеңберінде бастауыш сынып оқушыларына мектептің медицина қызметкері Сарсенова З.А «ЖРВИ және Сovid-19 алдын алу» тақырыбы бойынша дәрістер циклін өткізді.
Жалпы, 2020-2021 оқу жылына қойылған міндеттер орындалды, оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған жоспарланған іс-шаралар өткізілді.
2021-2022 оқу жылына арналған тапсырмалар: - Covid-19 пандемиясы кезеңінде оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру кезінде санитариялық-эпидемиологиялық нормалар талаптарын қатаң сақтауды жалғастыру;
- сынып жетекшілеріне оқушыларды және байланыста болған адамдарды Сovid-19 ауруы туралы мектепке уақтылы хабарлау мәселесі бойынша ата-аналармен тығыз байланыста болу;
- мамандарды бірге жұмыс жасауға тарта отырып, оқушылардың АИТВ, онкология, туберкулез, шылым шегу және ПБЗ пайдалану, адамгершілік-жыныстық тәрбие мәселелері бойынша хабардар болу деңгейін арттыру.