Оқу жылының 14 қыркүйектен 14 қазан аралығындағы №22 ом 1-11 сынып аралығында өткен «Cуицидтің алдын алу» тақырыбындағы суицидке байланысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы



Дата04.10.2020
өлшемі1,12 Mb.
#63879

2017-2018 оқу жылының 14 қыркүйектен 14 қазан аралығындағы №22 ОМ 1-11 сынып аралығында өткен «Cуицидтің алдын алу» тақырыбындағы суицидке байланысты жүргізілген жұмыстардың қорытындысы.

Жоспарлы түрде 1-11 сынып аралығында өткізілген іс-шаралар арнайы жоспар құрылып жүргізіліп жатыр. Сынып жетекшілер осы тақырыпты басшылықты ала отырып, тәрбие сағаттары өткізілді.

Әр сынып жетекшісі ата-аналар жиналысын өткізді. Ата-аналар жиналысында қоғамда болып жатқан суицид жайлы түсінік берді.

8-11 сынып аралығында «Жасыруға болмайтын жағымсыз ақиқат» тақырыбында іс-шарамыз әңгімелесу, пікірлесу сағаты ретінде іске асырылды.

Мектеп тәрбие ісі меңгерушісі Қызыр Айдос қазіргі кезде қоғамда белең алып жатқан, әлеуметтік желіде болып жатқан ойындар жайлы түсінік берді.

Жасөспірімдердің өздеріне-өздерінің қол салуына көбінесе, айтылған сынды дұрыс қабылдамауы, қиындықтарға төзбеуі себеп болады. Сондай-ақ, қоғамдағы жат қылықтарға әуес, нашақорлар мен маскүнемдер суицидке бейім келеді. Дүниенің ақпараттануы, адамның табиғаттан алшақтауы, неше түрлі компьютерлік ойындар, көбінесе жастардың арасында суицидтің көбеюіне ықпал етіп отыр. Өзіне өзі қол жұмсайтын жастардың көбеюі — еліміздегі жастар саясатының деңгейінің төмендігін көрсетеді. Пікірлесу бөлімінде берілген сұраққа оқушылардың 55% жан күйзелісінің көрінісі десе, 45% ы ауырудың бір түрі деп өз дәлелдерін мысал келтіре отырып тұжырымдады.

Мектеп дәрігері Кулмаева М.Р мектеп оқушыларына салауатты өмір салтын насихаттайтын түсіндірме жұмыстары жүргізді. Мектеп психологы Мешітбаева Г.Қ, соц педагог Бахыт Гулнур оқушылардың әлеуметтік желілерін ВК, инстаграм тексеріп, кейбір оқушыларға (15 оқушыға) кеңес әңгіме жүргізілді. Сынып жетекшілеріне жұмыс жүргізуге ескерту берілді.

15 қыркүйек мектепшілік жалпы ата-аналар жиналысы өтілді. Жалпы қарастырылған мәселе «Суицид және оның алдын алу жайлы түсінік берілді. Мектеп психологы Мешітбева Г.К «Суицид және оның алдын алу»тақырыбында доклад оқыды. Доклад бойынша слайд көрсетіліп, видеоролик көрсетілді.



Мектеп психологы 5-11 сынып аралығында девиантты мінез-құлықты анықтайтын сауалнама жүргізілді.

Сауалнама:


  1. С.Г. Корчагинаның «Жалғыздық» диагностикалық сауалнамасы.

Сауалнаманың мақсаты: жалғыздықты уайымдаудың тереңдік диагностикасы..

Сауалнаманың қорытындысы бойынша еш алаңдаушылық байқалмады.
  1. Филлипстің мектептегі қобалжуды анықтауға арналған сұрақнамасы.


Сауалнаманың мақсаты: кіші және орта мектеп оқушыларының мектепке байланысты қобалжуының деңгейін зерттеу.

Сауалнаманың қорытындысы бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Сауалнама қорытындысы бойынша қауіп-қатер, алаңдаушылық жоқ.



5-11 сынып аралығында қобалжуды, шаршауды төмендету мақсатында психолог әр сыныпқа тренинг өткізді.



Айлық соңында 1-4 сынып жетекшілерінің ұйымдастыруымен «Біздің өміріміз жарқын!»атты флешмоб өтілді.

Флешмоб соңында барлығы мектеп ауласына шығып, «Біздің өміріміз жарқын!» хормен деп ұрандатып, шарларын көкке ұшырды.




Қорытынды: Қандай жағдайда да ақылға салып, сабыр сақтап,өзін -өзі қолға алса мұндай жағдайға кездеспес еді деп жүргізілген жұмысымызды түйіндейміз. Жыл бойы жоспар бойынша жұмыстар атқарылды.

ТІМ: Қызыр Айдос

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет