Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар банкі



бет35/48
Дата08.02.2022
өлшемі79,37 Kb.
#118867
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
ТАПСЫРМАЛАР БАНКІ


ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
4 сынып

1. Мәтінді оқы, тапсырмаларды орында.
Су – тіршілік көзі
Сусыз тіршілік жоқ. Тамақсыз бірнеше күн өмір сүруге болады. Ал сусыз сонша уақыт өмір сүру мүмкін емес. Жер бетінің үштен бірі құрлық. Ал үштен екісін су алып жатыр. Мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдерде, жер астында, топырақта да су бар. Мұздықтар да қатып қалған су болып табылады. Су атмосферада бұлт, тұман, бу, жаңбыр, қар түрінде болады.
Су сұйық, қатты және газ тәрізді үш түрінде кездеседі. Судың көптеген заттарды оңай ерітетін қасиеті бар. Табиғатта қоспасы жоқ таза су кездеспейді. Таза суды тек зертханадан ғана алуға болады. Ондай судың ешбір дәмі жоқ. Теңіз суының құрамында еріген тұздар бар. Сондықтан оны ішуге болмайды.



  1. Сөйлемді толықтырыңыз. Жердің үштен бір бөлігі ... , үштен екісі ... болып табылады.

  1. су, жер

  2. құрлық, су

  3. мұхит, су

  4. су, құрлық

  5. табиғат, жер

  1. Мәтінге сәйкес келмейтін ақпаратты таңдаңыз.

  1. Теңіз суын ішуге болмайды.

  2. Таза суда мүлдем дәм болмайды.

  3. Топырақтың құрамында су болады.

  4. Адам тамақтанбай бір күн де өткізе алмайды.

  5. Теңіз суының құрамында еріген тұздар бар.

  1. Мәтіндегі басты тірек сөзді табыңыз.

  1. құрлық, тұз, су

  2. табиғат, су, теңіз

  3. су, тіршілік, өмір

  4. көл, су, атмосфера

  5. су,ағаш, жапырақ

  1. Мәтінде жауабы бар сұрақты таңдаңыз.

  1. Атмосфераның құрамы қандай?

  2. Адам неге сусыз өмір сүре алмайды?

  3. Су табиғатта қандай түрінде кездеседі?

  4. Сусыз қанша уақыт өмір сүруге болады?

  5. Табиғаттағы қоспасы бар сулар ағаштарға пайдалы ма?

  1. Мәтінге сәйкес ақпаратты белгілеңіз.

  1. Адам теңіз суымен қоректенеді.

  2. Суда затты еріткіштік қасиет бар.

  3. Сусыз біраз күн жүруге болады.

  4. Құрлық судан гөрі кең жерді алып жатыр.

  5. Қоспасы бар сулар ағаштарға пайдалы.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет