Қазақ тілі мен әдебиеті бойынша функционалдық сауаттылықты қалыптастыруға арналған тапсырмалар банкі


Астана қаласы бұрын қалай аталған?



бет38/48
Дата08.02.2022
өлшемі79,37 Kb.
#118867
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
1. Астана қаласы бұрын қалай аталған?
А) Целиноград
Б) Ақмола
В) Астана
Д) Алматы
2. Астана қаласының бас символы – не?
А) Сарыарқа
Б) Думан
В) Монумент
Д) Бәйтерек
3. Бәйтеректің биіктігі неше метр?
А) 97
Б) 98
В) 100
Д) 96
4. Астана қандай атаққа ие болды?
А) Әлем қаласы
Б) ЮНЕСКО
В) Әлем жері
Д) Әлем бәйтерегі
5. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қойҚаланың ортасынан ... өзені ағып өтеді.
А) Ертіс
Б) Жайық
В) Сырдария
Д) Есіл


4.Мәтінді түсініп оқыңыз, тапсырмаларды орындаңыз.
Ертеде аю болыпты. Ол өте еңбекқор әрі шыншыл болыпты. Оның үш қонжығы
бар екен. Қонжықтары да анасы секілді ақылды болыпты. Олар еңбекқорлығының
арқасында жақсы өмір сүріпті. Күнде бал, балық жейді екен. Бос уақытында аю
қонжықтарын ойнатып, серуенге шығады екен.
Олардың апандарының қасында түлкі тұрады екен. Түлкі қу әрі жалқау болыпты.
Ол аю қонжықтарымен серуенге кеткенде, солардың тамағын жеп жүреді. Бір күні оны
аю сезіп қалады. Сөйтіп түлкі кірген терезені жауып қояды. Түлкі шыға алмай кешірім
сұрап, жылайды. Аю және қонжықтары түлкіні аяп, шығарады. Оған ұрлықтың жаман
екенін, тамақты еңбекпен табу керек екенін айтады. Содан былай түлкі аюға еріп,
балық тағы басқа қоректерін өзі табатын болыпты. Әрі қонжықтарды ойнатады екен.
Еңбектеніп өзіне апан да жасап алыпты. Содан бері аю мен түлкі дос болыпты.
Олардың балалары да бірге ойнап, тату тәтті өмір сүріпті.
А) Жақсы/жаман әдеттерді сәйкестендіріңіз. (1)
1. Ұрлық жасау
а) жақсы әдет
2. еңбекпен табыс табу
ә) жаман әдет
Ә) Мәтіндегі кейіпкерлер мен олардың әрекетін сәйкестендіріңіз. (2)
Кейіпкер
Аю
Әрекеті
1.Еңбек етеді
2.Еңбек етпейді
3.Ұрлық жасайды
4.Қамап қояды
Түлкі
2-тапсырма. Мәтіннен зат есім, сын есімдерді теріп жазыңыз. (2)
••••••••••••••
Зат есім:
Сын есім:




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет