«Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы үшін «Әдебиет теориясы» пәні бойынша студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені


-дәріс. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы



бет10/60
Дата07.02.2022
өлшемі377 Kb.
#97446
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60
Байланысты:
« аза тілі мен дебиеті» маманды ы шін « дебиет теориясы» п ні

3-дәріс. Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы


Дәрістің мақсаты: Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикалық ой-толғамдарын түсіндіру, қазақ ұлттық эстетикалық дүниетанымының қалыптасуы.


Тірек сөздер: Сұлулық, тұтастық, үйлесім, айқындық, абсолюттік, игілік.


Дәрістің жоспары:
Орта дәуір және қайта өрлеу дәуірінің эстетикасы

  1. Орта ғасыр эстетикасындағы діни сарындар. Абсалютті сұлулық туралы.

  2. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы

  3. Қайта дәуір дәуіріндегі адам тұлғасының асқақтығы.

Орта ғасыр эстетикасындағы діни, құдайшылық сарындардың жетекші сипат алуы. Ерте орта ғасырда өмір сүрген Аврелий Августиннің абсолютті сұлулық туралы пікірлері. Кейінгі орта ғасыр эстетикасының өкілі – Фома Аквинский. Әсемдіктің объективтілік сипатын мойындау. Сұлулықты анықтау үшін қойылатын үш шарт: тұтастық, үйлесім, айқындық. Құдай – абсолютті сұлулық әрі абсолютті игілік. Ұлттық эстетиканың қайнар бұлағы. Андрон, Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің бірі. Қаңлы жазуы. Сақ-скиф бейнелеу өнері. VI-IX ғасырлардағы ортақ түркі әдеби мұралары саналатын «Күлтегін», «Тоныкөк» жырларында, X-XII ғасырлар әдебиетіндегі М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік», Ж.Баласағұнның «Құтадғу біліг», А.Яссауидің «Диуани хикматында» ұшырасатын жалпыадамдық асқақ сезім, әсем ой, биік әсер көріністері. Әбунасыр әл-Фарабидің өнер саларының теориясына қосқан үлесі. Музыканың ұлы кітабы. Әуеннің үш түрі. Музыкалық қабілет. Дарын. Ұстаздық. Батыс Еуропадағы ояну дәуірінің (ренессанс) әдебиет пен өнердегі іргелі жаңалықтарға бастауы. Қоғам өміріндегі алғышарттар. Адам тұлғасының асқақ орны. Ізгілік пафосы.


Сырдария бойында – ертедегі түркі халықтарының кіндік қаласы Отырарда (Фарабта) туып-өскен ұлы ойшыл, ғұлама ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидің (870-950) бүкіл дүниежүзілік білім мен мәдениет аспанында жарық жұлдыздай жарқырап, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз дәрежесіне көтерілуі – адам таң қалғандай ғажайып құбылыс.
Әл-Фараби – дана философ қана емес, майталман математик, үлкен дәрігер, дарынды музыкант, мықты әдебиетші болған адам. Әдебиет пен өнерге байланысты данышпан ғалымның бүкіл әлем эстетикасына айтулы үлес болып қосылған «Музыканың ұлы кітабы» атты көлемді күрделі зерттеуін, «Музыка ғылымына кіріспе», «Музыка жайлы талдау», «Ырғақтарды топ-топқа бөлу» т.б. әр алуан ғылыми еңбектерін атауға болады. Бұлардың қай-қайсысы болсын, әл-Фарабидің ірі эстетик, іргелі теоретик екеніне айғақ. Ал оның «Поэзия өнерінің канондары туралы трактаты» мен «Поэзия өнері туралы» еңбегі өлең жайлы, жалпы ақындық өнер хақындағы аса бағалы байыптаулар болып табылады.
Әл-Фараби «Поэзия өнерінің канондары туралы трактатта» Аристотельдің «Поэтикасын» талдап-түсіндіруді мақсат ете тұра оны рет-ретімен және егжей-тегжейіне дейін түгел тексеріп жатпайды, поэзияны трагедия, комедия, драма, эпос, риторика, сатира, поэма т.б. осылдар тәрізді бірнеше түрге бөледі де, әрқайсысына жеке-жеке жанрлық сипаттама береді. Айталық, «комедия - деп түсіндіреді әл-Фараби, - арнаулы өлшемі бар поэтикалық жанр. Комедияда әр алуан әрсіз әрекеттер баяндалады, келеңсіз кісілер, олардың кесірлі қылықтары мен кеспірсіз мінездері сықақ етіледі». Бұл – кәдімгідей қалыптасқан, көп ретте дәл және тұрлаулы теориялық тұжырым.
Әл-Фараби өлең жазатындарды 3 топқа бөледі: бірі – тумысынан ақпа-төкпе, ағыл-тегіл дарындар; екіншісі – туғаннан соң жетілген, өлең өнерінің барлық құпиясымен жете таныс, «ойлампаз» таланттар; үшіншісі – тума қабілеті де, табиғи таным-дарыны да жоқ, жоғарғы екеуіне еліктеумен ғана жүретіндер. Бұлардың біріншісі – ауыз әдебиетіндегі суырып салма – импровизатор жырауларға, екіншісі – жазба әдебиетіндегі профессионал ақындарға, үшіншісі - әр тұста да бола беретін әшейін әуесқойларға берлген мінездемелер секілді.
Әл-Фарабидің «Поэзия өнері туралы» трактаты түгелімен өлең құрылысына - өлең өлшемдерін талдауға, өлеңдегі ырғақ пен буын мәселелерін тексеруге арналған.
Осы трактаттарының қай-қайсысында болсын, ұлы ғалым өнер атаулының ақиқат өмірден ғана туатынын терең білгірлікпен тап басып, дәл айтқан. Бұдан мың жылдан астам бұрынғы «соқтықпалы, соқпасыз» бұлыңғыр дәуірде мұншалық сара ой-сана иесі болу адам баласының парасат тарихында дара туған даналардың ғана үлесіне тиген. Демек, Әбу Райхан Бируни (973-1050), Әбу Әли Ибн-Сина (980-1037), Омар Һәйям (1048-1130), Роджер Бэкон (1214-1294), Әбдірахман Жәми (1414-1492) секілді әлемге әйгілі ойшыл-ғұламалардың Әл-Фараби еңбектерін ғұмыр бойы үлгі, өнеге тұтып өтулері тегіннен-тегін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет