Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының студент-практиканты Әлімғожа Дастанға
Ментордың бағалау парағы Әлімғожа Дастан Өміртайұлы Алматы облысы, Жамбыл ауданы Бесмойнақ ауылындағы Жангелдин атындағы ОМ Қараарша БМКМ мекемесісінде 14.03 – 16.04.22ж аралығында педагогикалық практикадан өтті.
2022 жылдың 18 наурыз күні О. Бөкейдің «Тортай мінер ақбоз ат» әңгімесінің тақырыбы мен идеясы деген тақырыпқа алғашқы сабағын өткізді. Сабақ өту барысында әр түрлі әдістерді пайдалана отырып, оны өз семинар сабақтарына кірістіре білді. Бірнеше сынақ сабақтарын және 1 үлгілі сабақ өткізді.
Дастан 19 наурыз күні 6 сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты әдеби тілдік сайыс өткізді. Бұл сайыста оқушылар белсенді қатысып, өздерінің білімділігін көрсете алды. Осы сайысты тамашалауға қатысқан мұғалімдер сайыс жоғары дәрежеде өткендігін айтып, өткізген әдеби сабағына оң баға беріп, оның жұмыстарына сәттілік тіледі.
Дастан 12 сәуірде 6 сыныпқа А. Алтайдың «Прописка» әңгімесі – заман ақиқатының айнасы атты тақырыпқа ашық сабақ өтті. Сабаққа қатысқан мұғалімдер сабаққа оң баға берді. Дастанның педагогикалық жұмысына сәттілік тіледі. Келешекте Әлімғожа Дастан білгір, өз жұмысын жетік меңгерген ұстаз болатынына сенімдіміз.
Мектеп директоры Заурбеков С.А
Директордың оқу ісі жөніндегі
орынбасары Искакова Х.Қ