«Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерде)» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар 8-сынып «Қазақ тілі мен әдебиеті»



Дата12.02.2020
өлшемі22,99 Kb.
#57855
Байланысты:
3 КТЖ Қазақ тілі мен әдебиеті 8 сынып

«Қазақ тілі мен әдебиеті (оқыту тілі қазақ тілі емес мектептерде)» пәні бойынша

күнтізбелік-тақырыптық жоспар

8-сынып

«Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша күнтізбелік-тақырыптық жоспар жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес оқу бағдарламасы негізінде әзірленді. Мұғалім тоқсан бойынша белгіленген сағат сандарын тарауларға жіктей алады және оқу мақсатына кететін уақытты (сағатты) өзі белгілей алады. Мұғалім белгілі бір тарауда ұсынылған оқу мақсаттарын жүзеге асыру үшін олардың ретін ауыстыра алады, тарау барысында бірнеше рет қайталап ұсына алады және оқушылардың қажеттілігіне сай қосымша оқу мақсаттарын таңдай алады. Бір сабақта кемінде 1-2 оқу мақсатын қамтыған дұрыс.

Мұғалім оқу бағдарламасында көрсетілген тарау атауларына сәйкес сабақтың лексикалық тақырыбын оқулықтан немесе өзі таңдап құрастырады және таңдаған тақырыпқа байланысты сағат санын өзі белгілей алады.

Жылдық жүктеме 170 сағат, аптасына 5 сағат.




Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімдері

Көркем шығармалар

Оқу мақсаттары

Тыңдалым

Айтылым

Оқылым

Жазылым

Тілдік бағдар

І тоқсан

(40 сағат)



1-бөлім:

Білім. Ғылым. Инновация.


(лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)



Т. Сұлтанбеков

«Ғажайып планета» әңгімесі (үзінді)




8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау



8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;

8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау.



8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау



8.4.1.1- мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазу;

8.4.3.1 -жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу



8.5.1.1 - болжалдық сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

2-бөлім:

Сауда жасай білесің бе?


(лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)


Абай Құнанбаев «Базарға қарап тұрсам әркім барар»


8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;

8.1.6.1 – тыңдалымматериалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру



8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;

8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру



8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру



8.4.2.1 -эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

8.4.4.1- тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану



8.5.1.1-бөлшектік сан есімдердіжазба, ауызша жұмыстарда орынды қолдану

3-бөлім:

Жаһандық энергетикалық дағдарыс (лексикалық тақырыптар



оқулықтардан алынады)


Ш.Айтматов «Кассандра таңбасы».

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;

8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздердің мағынасын түсіну



8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру



8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;

8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақалажазу;

8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер)



8.5.1.2 - еліктеу сөздерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағат

ІІ тоқсан

(40 сағат)



4-бөлім:

Достық пен татулық - таптырмас бақыт (лексикалық тақырыптар



оқулықтардан алынады)


Т.Айбергенов «Бір тойым бар».

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау;

8.1.6.1 – тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру



8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

8.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту



8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (мақала) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,пікір жазу;

8.4.5.1 - тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатынтыныс белгілерді орынды қолдану



8.5.1.3 - етістіктің шартты рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

5-бөлім: Кәсіп – бақыттың шырағы,

Еңбек – ырыстың бұлағы


(лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)


С. Мұқанов «Саятшы Ораз»

8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну;

8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау



8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;

8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау



8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (жолдаулар) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;

8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру



8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

8.4.3.1 - жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу



8.5.1.3 - етістіктің бұйрық рай қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

6-бөлім:

Қазақстанның су ресурстары (лексикалық тақырыптар



оқулықтардан алынады)


Ә.Нұрпейісов «Қан мен тер» романы (үзінді).

8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау



8.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту;

8.2.6.1 -кесте, диаграмма, нұсқаулық, шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру



8.3.1.1 - перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау;

8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап,интервью жазу;

8.4.5.1 -тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер)



8.5.1.1 -күшейткіш үстеулерді ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану


Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағат

ІІІ тоқсан

(50 сағат)



7-бөлім:

Тарихи тұлғалар тағылымы (лексикалық тақырыптар



оқулықтардан алынады)

Т.Әлімқұлов «Қараой» әңгіме



8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;

8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну



8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;

8.2.4.1 -идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау



8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау



8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

8.4.3.1 - жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу



8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (сұраулық, күшейткіш) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды қолдану

8-бөлім:

Қызым – жағадағы құндызым,

Ұлым – аспандағы жұлдызым (лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)


«Қозы Көрпеш – Баян сұлу» жыры (үзінді).

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;

8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау



8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру;

8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру



8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу;

8.4.3.1 - жазба жұмыстарында символ мен кейіптеу түрлерін қолданып жазу



8.5.1.5 - демеулік шылаулардың (болжалдық, шектік) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орынды

қолдану


9-бөлім:

Биоалуан түрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер (лексикалық тақырыптар



оқулықтардан алынады)


М.Әуезов «Көксерек»

8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну;

8.1.6.1 – тыңдалымматериалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру.



8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау;

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру



8.3.1.1 - перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау;

8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру



8.4.4.1 - тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану;

8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

8.4.5.1 - тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатынтыныс белгілерді орынды қолдану


8.5.1.5 -демеулік шылаулардың (болымсыздық немесе қарсы мәнді, нақтылау) қызметін білу, ауызша және жазба жұмыстарда орындықолдану

10-бөлім

Наурыз және әлем халықтарының оны қарсы алу ерекшелік

тері (лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)


Б.Ж.Бопай

ұлы «Қазақы наурызнама» (үзінді).



8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау;

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау



8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;

8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау



8.3.3.1 - прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтау, кейіпкердің іс -әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образына баға беру;

8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру



8.4.2.1 - эссе құрылымы мен дамуын сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу жолдарын ұсыну;

8.4.4.1 - тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану



8.5.2.1 - жазба жұмыстарында себеп-салдарсалалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағат

IV тоқсан

(40 сағат)



11-бөлім:

«Мәңгілік елдің нұрлы жолы!» (лексикалық тақырыптар



оқулықтардан алынады)


Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан жолы» (үзінді).

8.1.3.1 - оқу - еңбек тақырыптарына байланысты күрделі сөздер мен тұрақты тіркестердің мағынасын түсіну;

8.1.4.1 - орта көлемді прозалық, драмалық және поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдау, тақырыбы мен идеясын талдау.



8.2.2.1 - түрлі жанрдағы көркем мәтіндерге сүйене отырып,көңіл-күйді білдіруде ұлттық сөз әдебі мен сөйлеу этикеті формаларын қолдана білу;

8.2.3.1 - ауызша мәтіндер құрауда сөз ішіндегі және сөз аралығындағы ілгерінді, кейінді және тоғыспалы ықпал заңдылықтарын ескеріп айту



8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (қысқа очерк) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау;

8.3.4.1 - мәтіндердің түрлерін, тілдік ерекшеліктерін салыстырып, талдау жасау



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, шағын мақала жазу;

8.4.5.1 - тақырып бойынша сөйлем ішінде қойылатын тыныс белгілерді орынды қолдану



8.5.2.1 - жазба жұмыстарында талғаулысалалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

12-бөлім.

Қазақстанның айтыс өнері мен сөз мәдениеті



(лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)


Ринат Заитов пен Аманғазы Кәріпжанов айтысы

8.1.2.1 - тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, детальді ақпараттарды анықтау;

8.1.5.1 - тірек сөздер, автор көзқарасы мен көңіл күйі арқылы негізгі ойды анықтау



8.2.1.1 - тұрақты тіркестер мен көркемдегіш құралдарды қолданып, ауызша мәтіндер құрау;

8.2.6.1 - кесте, диаграмма, нұсқаулық шартты белгілер мен сызбаларда берілген ақпаратты талдау, баға беру



8.3.1.1 - перифраз түрінде берілген сұрақ арқылы қажетті ақпаратты анықтау;

8.3.2.1 - публицистикалық стильдің (мақала, интервью) тілдік ерекшеліктері арқылы мәтіндердің жанрын анықтау



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, пікір жазу;

8.4.4.1 - тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану



8.5.2.1 - жазба жұмыстарында кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

13-бөлім Қазақстан - Байқоңыр-Ғарыш (лексикалық тақырыптар

оқулықтардан алынады)


Нұртөре Жүсіп «Қыран қазақ» (деректі әңгіме).

8.1.1.1 - мәтін тақырыбы, тірек сөздер, иллюстрациялар арқылы көтерілетін мәселені болжау;

8.1.6.1 – тыңдалымматериалдарының мазмұны негізінде деректерді келтіре отырып, дәлелді жауап беру;



8.2.4.1 - идеялық жағынан ұқсас мәтіндердегі оқиғалар желісіне бақылау жасай отырып, мазмұнның дамуын салыстыру және талдау;

8.2.5.1 - пікірталасқа қатысушылар берілген тақырып бойынша өз пікірлерін сенімді дәлелдеу және қойылған сұрақтарға еркін жауап беру



8.3.5.1 - қосымша ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді қолдана отырып, мәтінге өзгеріс енгізу, ерекшеліктерді бақылау;

8.3.6.1 - тақырып бойынша бірнеше мәтінде көтерілген мәселелерді салыстыра отырып, баға беру



8.4.1.1 - мәтіндердің жанрлық және стильдік ерекшелігін сақтап, интервью жазу;

8.4.5.1 - тақырып бойынша сөздердің маңызды бөліктерін дұрыс жазу (жеке сөздер, бірге, бөлек және дефис арқылы жазылатын сөздер)



8.5.2.1 - жазба жұмыстарында себеп-салдар, талғаулы, кезектес салалас құрмалас сөйлемдерді құрастыру

Тоқсандық жиынтық бағалау

1 сағат


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет