26.11.2015 6 “А” сыныпта қазақ әдебиетінен Сәкен Сейфуллин « Далада» өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Оқушылар сабаққа белсене қатысты. Сабақ жоғарғы деңгейде өтті. Ашық сабақты өткізген
Омарбекова Т.А.
27.11.2015. 11 “А” сыныпта “Алтын қақпа” сыныптан тыс сайыс сабағы өткізілді. Оқушылар үш топқа бөлініп, сайысқа белсене қатысты. Сайыс алты кезеңнен құрылды. Сайыс соңында оқушылар марапатталды. Сыныптан тыс сайысты өткізген Сексембаева З.Б.
28.11.2015 Мақал -мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы , өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету мақсатында «Сөз мәйегі-мақал» атты сайыс өтті. Сайыс өте қызықты өтті. 4 “Б” сынып оқушылары тапсырмаларды қызығушылықпен орындады. Өткізген Жұмабаева Д.Қ.
30.11.2015 5 “Б” сыныпта Тәуелсіз елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» ашық сабақ өтті. Оқушылардың дайындықтарынан олардың қаншалықты қызығушылықтары бар екенін көрсетті. Өткізген Қасымова Д.И.
2.12.2015 “Ана тілім құламайтын бәйтерегім” атты онкүндіктің жабылу салтанаты өтті. “Інсар” тобының бишілері “Тойбастар” биін биледі, 9-10 сынып оқушылары Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған қойылым көрсетті, 6А сынып оқушысы Серікова Мөлдір Қ.Шабасовтың “Тілім-тірегім” өлеңін мәнерлеп оқыды, 8А сынып оқушысы Қожахметова Сәния “Қазақ елі” әні айтылды, 10 “А” сынып оқушылары “Атамның қалдырған қазынасы” қойылымын көрсетті және Наб Ирина мен Әшім Әлияның орындалуында “Жаса, тілім!” әнімен жабылуы салтанаты аяқталды.
Запорожье орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің
талдау жұмысы.
2015-2016 оқу жылы.
Тіл - адамзат жасаған ұлы істердің бірі. Бұл-адамзат ойын көрсететін, қалыптастыратын сөйлесу құралы. Соның ішінде ана тілін, мемлекеттік тілді құрметтеу, оқушылар үшін сөздік қорды байыту, меңгерте білу біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Осындай ұранмен Запорожье орта мектебінде 23 қараша және 2 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің онкүндігі өтті.
23 қараша күні онкүндіктің ашылу салтанаты өтті. Ашылу ҚР Гимнімен ашылды. Ашылуды қазақ тілі мен әдебиетінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі Жұмабаева Данагүл Қазезқызы өткізді. 4 сынып оқушысы Наб Ирина “Туған жер” әнін шырқап, 11 сынып оқушысы Серікова Салтанат “Үйрен ана тіліңді”, 10 сынып оқушысы Әшім Аружан “Тілдің туы” өлеңдерін оқыды, “Әжесі мен немерелері” қойылымы көрсетілді. Ашылу салтанаты 4 “А” сынып оқушысы Әшім Әлия “Туған жер” әнімен аяқталды. Соңында әдістеме бірлестігінің жетекшісі онкүндік жоспарымен таныстырды. Мектеп кітапханашысы Михайленко С.П. «Тұңғыш Президент” атты көрме ұйымдастырды. 5-11 сыныптар арасында “Егер мен Президент болсам…” атты шығарма сайысы өткізілді. Шығарма сайысынан І орынды иеленген 6 “А” сынып оқушысы Серікова Мөлдір, ІІ орынды 10 “А” сынып оқушысы Мұқанова Мадина, ІІІ орынды иеленген 8 “А” сынып оқушысы Тоғаева Қымбат және 6 “А” сынып оқушысы Болатова Бану. Жауаптылар қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.
Қабдрашева А.А. 9 “Б” сыныбында қазақ тілінен «Жеті ата» атты ашық сабақ өткізді. Сабақта сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, мұғалім өз шеберлігін көрсетіп, оқушылармен жұмыс істей білді және оқушылар мектеп бағдарламасы бойынша білімдерін көрсетті.
Омарбекова Т.А. 6 “А” сыныбында қазақ әдебиетінен Сәкен Сейфуллин «Далада» өлеңі тақырыбында ашық сабақ өткізді. Өз сабағында әдістемелік тақырыбы бойынша ойын элементтерін қолданды, оқушыларға көптеген қызықты тапсырмалар орындатқызды, топпен, жұппен жұмыс жасалды.Сабақ соңында рефлексия жасалды. Оқушылар сабаққа белсене қатысты, сабақ жоғарғы деңгейде өтті.
Сексембаева З.Б. 11 “А” сыныбында сыныптан тыс “Алтын қақпа” сайыс сабағын өткізді. Сайыс алты кезеңнен құрылды. Әр кезең тапсырмалары өте қызықты болды, оқушылар үш топқа бөлініп, сайысқа белсене қатысты. Сайыс соңында оқушылар марапатталды.
Жұмабаева Д.Қ. 4 “Б” сыныбында «Сөз мәйегі-мақал» атты сайыс сабағын өткізді. Мақал -мәтелдер қазақтың қысқа әрі нұсқа даналығы, өмірден түйген қорытындысы , тұрмыс айнасы екеніне көздерін жеткізу, орынды пайдалана білуге үйрету мақсатында. Оқушылар сайысқа белсене қатысып, тапсырмаларды қызығушылықпен орындады.
Қасымова Д.И. 5 “Б” сыныпта Тәуелсіз елімізді дүниежүзіне таныта білген мемлекеттік рәміздер туралы білімдерін жан-жақты дамыту мақсатында «Мемлекеттік рәміздер» ашық сабағын өткізді. Оқушылардың дайындықтарынан олардың қаншалықты қызығушылықтары бар екенін көрсетті. Өз сабағында мұғалім жеті модульді ықпалдастыра білді.
“Ана тілім құламайтын бәйтерегім” атты онкүндіктің жабылу салтанатын “Інсар” тобының бишілері “Тойбастар” биімен бастады, 9-10 сынып оқушылары Қазақ хандығының 550-жылдығына арналған қойылым көрсетті, 6А сынып оқушысы Серікова Мөлдір Қ.Шабасовтың “Тілім-тірегім” өлеңін мәнерлеп оқыды, 8А сынып оқушысы Қожахметова Сәния “Қазақ елі, осындай” әнін орындады, 10 “А” сынып оқушылары “Атамның қалдырған қазынасы” қойылымын көрсетті және Наб Ирина мен Әшім Әлияның орындалуында “Жаса, тілім!” әнімен жабылу салтанаты аяқталды.
ӘБ жетекшісі: Д.Қ.Жұмабаева
Достарыңызбен бөлісу: |