Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің есебі.
Запорожье орта мектебі
2015-2016 оқу жылы.
Тіл - адамзат жасаған ұлы істердің бірі. Бұл-адамзат ойын көрсететін, қалыптастыратын сөйлесу құралы. Соның ішінде ана тілін, мемлекеттік тілді құрметтеу, оқушылар үшін сөздік қорды байыту, меңгерте білу біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Осындай ұранмен Запорожье орта мектебінде 23 қараша және 2 желтоқсан аралығында қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің онкүндігі өтті.
23.11.15 күні салтанатты түрде онкүндіктің ашылуы өтті. Ашылу ҚР Гимнімен ашылды. Ашылуды қазақ тілі мен әдебиетінің әдістеме бірлестігінің жетекшісі Жұмабаева Данагүл Қазезқызы өткізді. Әрі қарай 4 “Б” сынып оқушысы Наб Ирина “Туған жер” әнін айтты, 11 сынып оқушысы Серікова Салтанат “Үйрен ана тіліңді”, 10 сынып оқушысы Әшім Аружан “Тілдің туы” өлеңдері оқылды, “Әжесі мен немерелері” қойылымы көрсетілді. Ашылу салтанаты 4 “А” сынып оқушысы Әшім Әлия “Туған жер” әнімен аяқтады. Соңында онкүндік жоспары таныстырылды.
24.11.15 Мектеп кітапханашысы Михайленко С.П. «Тұңғыш Президент” атты көрме ұйымдастырды. 5-11 сыныптар арасында “Егер мен Президент болсам…” атты шығарма сайысы өткізілді. Жауаптылар қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдері.
Достарыңызбен бөлісу: |