Берілген үзінділерді оқып, сұрақтарға жауап беріңіз.
Қазақ халқының көшпелі өмір салты сан ғасырлар бойы табиғатпен етене танысуына мүмкіндік берді.Осының нәтижесінде жабайы жануарлардың тыныс тіршілігін ,олардың бір- бірінен айырмашылығын,мекен орнын,пайдасы мен зиянын ажырата білді. «Түз тағысы табиғатпен тілдес» екендігін аңғарып,олардың аталығын,аналығын және ұрпақтарын жеке атауымен атап, әрқайсысына
-13-
ерекше мән берген.Кейбір жануарларды киелі,қасиетті деп санаған немесе «кесірі тиеді», «киесі ұрады»деп есептеген.Мысалы,жыланды «қыбыр», «ұзынқұрт»деп,ал қасқырды «ит- құс», «бөрі», «ұлыма»деп атаған.Ежелден қазақ аңшылары мен саяткерлері арасында аңдар балалаған кезде,құстар жұмыртқалап жатқанда,балықтар уылдырық шашқанда оларды ауламайтын салт дәстүр қалыптасқан.Мұның өзі түз тағыларына деген үлкен қамқорлықты көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |