Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша тест жинағы (5-сынып) Шымкент қаласы


«Менің атым Қожа» повесінің авторы



бет18/25
Дата14.02.2022
өлшемі0,62 Mb.
#131703
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25
Байланысты:
5-сынып ТЕСТ

9. «Менің атым Қожа» повесінің авторы.
А) Ахмет Байтұрсынұлы
B) Бердібек Соқпақбаев
C) Абай Құнанбаев
D) Ыбырай Алтынсарин
E) Дулат Бабатайұлы


10. Б.Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесіндегі Қожаның
арманы
А) жазушы болу
B) адал әскер болу
C) тәртіпті болу
D) сынып белсендісі болу
E) ақын болу


Мәтінді оқып, тест тапсырмаларын орындаңыз.


(Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа» повесінен үзінді)
Мейлі, біздің класс жетекшіміз Майқанова мені жамандай берсін, сотқар деп ұрса берсін. Мен өзімнің көкейтесті арманымды, жанымның түкпірінде маздап жанған құпиямды Жанарға бір жөні келгенде ақтарып айтып берсем, менің кім екенімді ол таныр еді. «Е, бәсе, Қожа осындай екен ғой. Талант деген түбінде жарып шықпай қоймайды», — дер еді. Шіркін-ай, былай болса: адам әуелі үлкен болып жаралса. Өмірдегі өзіне тиісті қызмет мамандығын атқарып болғаннан кейін барып балаға айналса. Сонда маған Майқанова қалай қарар еді? «Үлкен кезінде ол әйгілі жазушы болған, оның есімі бүкіл дүние жүзіне мәлім. Олай болса, менің оған әкіреңдей бергенім жарамас, жазушыны сыйлау керек» деп, тәубасына келер еді.
Бірақ амал қанша, өмірде бұлай болмайды, болмақ емес. Әуелі беделсіз, білімсіз бала болып жараласың. Сенің үлкейгенде қандай адам болатыныңда ешкімнің шаруасы жоқ. Екінің бірі саған ақыл айтып, үстемдік жүргізбекші болады. Ақ, қараңды айырып, жаныңның түкпірінде не бар, не жоғына үңілмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет