Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аққалиева Гүлзинат Ерболатқызы


Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша тест сұрақтары



бет6/19
Дата06.02.2022
өлшемі56,72 Kb.
#48397
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Халық ауыз әдебиеті тарауы бойынша тест сұрақтары 
1.Халық ауыз әдебиеті қалай тараған? 
А) халық арқылы 
Ә) кітап арқылы 
Б) оқу арқылы 
2. «Ерте,ерте,ертеде…» деп не басталады? 
А) жұмбақтар 
Ә) әңгімелер 
Б) ертегілер 
3. Тұрмыс-салт ертегілерінің кейіпкерлері: 
а) Қожанасыр 
Ә) Ертөстік 
Б) Алдар Көсе 
4. Қиял-ғажайып ертегілерінің кейіпкерлері: 
А) түлкі 
Ә) Ертөстік 
Б) Қожанасыр 
5. «Кәріліктен отырсам тұра алмаймын, тұрсам отыра алмаймын», - деп кім айтқан? 
А) бала 
Ә) жалмауыз кемпір 
Б) Қаңбақ шал 
6. «Толағай ертегісі : 
А) аңдар туралы 
Ә) ерлік туралы 
Б) құстар туралы 
7. «Көп тыңда, аз сөйле» 
А) жұмбақ 
Ә) жаңылтпаш 
Б) мақал-мәтел 
8. Жұмбақтың шешуін тап: 
«Айналада ақ отау, 
Аузы-мұрны жоқ отау» 
А) жұмыртқа 
Ә) балапан 
Б) торғай 
9. Жиренше қандай адам болған? 
А) тапқыр 
Ә) бай 
Б) ғалым 
10. Орта ғасырда өмір сүрген данышпан ғалым кім? 
А) Құрманғазы 
Ә) әл-Фараби 
Б) Шоқан Уәлиханов 

Ежелгі дәуір әдебиеті 
Түркі тілі дана сөздерді сақтаған
Бабалардың сөздерін тыңдау керек ол үшін, 
Бабалардың мақалдарын сақтау сенің борышың. 
Жүсіп Баласағұн 
Қазақ халқының арғы тегі көне түркі тайпаларынан шығады. Олар қазіргі Қазақстанды, Орта Азияны, Оңтүстік-шығыс Сібірді, Орталық Азияны, Еділ бойын, Каспий жағалауларын мекендеген. Түркі тілдес халықтардың әдебиеті де ортақ болған. Олар өздерінің елеулі тарихи адамдарының ерліктерін мадақтау түрінде құлпытастарға жырларын ойып жазып кеткен. Бұл түркі ұлыстарының жазба әдебиеті ерте пайда болғанын көрсетеді. Ол жазба әдебиеті Күлтегін, Тоңықұқ, Қорқыт ата, Ахмет Йасауи сияқты ғұламалардың шығармаларында дамыған. 
Ежелгі дәуір әдебиетінің (VІІ-ХІV ғ.ғ.) басты-басты әдеби мұралары: 
1. Орхон-Енисей ескерткіштері (VІІ ғ.): «Күлтегін» жыры (Монғолиядағы Орхон және Енисей өзендерінің бойында табылған). 
2. «Қорқыт ата кітабы» (VІІІ ғ.). Осы күнге дейін Германияда 12 жырдан тұратын қолжазба күйінде және Италияда 6 жырдан тұратын қолжазба күйінде сақталған. 
3. «Оғыз-нама» (ІХ ғ.). Оғыздар мен олардың ханы Оғыз қағанның әскери жорықтары, ерлік істері жырланады. 
4. Әл-Фараби, М.Қашқари, Қ.А.Йасауи, Ж.Баласағұни сияқты ұлы ойшылдар, ғұлама ғалымдар, ақындардың еңбектері. 

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет