Билет № 6
Айқындауыш мүшелер дегеніміз не? Түрлерін ата, мысал келтір
Мәтінді мұқият оқып, төмендегі тапсырманы орындаңыздар.
Табиғаттың ластануы дегеніміз – біз оған тән емес әрекеттердің салдарынан қоршаған ортадағы химиялық, физикалық, биологиялық концентрацияның артуы және қолайсыз әсерлердің туындауы. Ластандырушы заттарға тек улы заттар ғана емес, ағзаға қажет заттың оптималды консентрациядан артық болуы да жатады. Ластануды жүйенің тепе-теңдігін бұзатын кез келген агент ретінде бағалауға болады. Ластану әртүрлі белгілер бойынша жіктеледі.
Шығу тегі бойынша: табиғи және жасанды (антропогенді):
Пайда болу көзіне байланысты: өндірістік, ауылшаруашылық, транспорттық, нысандық (мысалы, өнеркәсіп орны), трансгрессивтік (басқа аймақтар мен мемлекеттерден енетін).
Кез келген ластаушы затты үш параметр бойынша бағалауға болады: қоршаған ортаға түсетін көлеміне, улылығына және тұрақтылық дәрежесіне қарай. Өндірілетін ресурстардың тек 2-3% ғана пайдалы өнім ретінде қолданылады, ал қалғаны қалдықтар (бос жыныс, шлактар және т.б).
Судың ластануы. Судың барлық санаттары: мұхит, құрлық және жерасты сулары ластануға әртүрлі дәрежеде ұшырайды. Бірінші реттік судың ластануы су қоймаларына әртүрлі ластаушы заттардың келіп түсуіне байланысты болады. Екінші ретті ластану бірінші ретті ластаушылардың әртүрлі тізбекті реакцияларға түсуі арқылы жүреді. Ластаушы заттарға негізінен топырақ эрозиясының өнімдері, минералдық тыңайтқыштар, улы химикаттар және т.б заттар жатады. Ластаушы заттардың басым көпшілігін атмосфералық жауын-шашын әкеледі. Сулардың канализация ағысымен, тұрмыстық қалдықтармен, өнеркәсіп орындарының қалдықтарымен, су таранспорттарымен ластану үлесі де жоғары. Қазір бүкіл планетада іс жүзінде қандай да бір дәрежеде адам қызметі нәтижесінде ластанбаған тұщы су көзі жоқ деуге болады. Қазіргі кезеңнің өзекті мәселелерінің бірі – радиациялық ластану болып қалып отыр. Қазақстан территориясында қуатты ядролық сынақтардың ең көп мөлшері жасалды. Олар еліміздің территориясының біраз бөлігінің радиациялық ластануына әкелді. Қазақстан территориясындағы радиациялық ластану себептеріне мыналар жатады: Семей ядролық полигонында жасалған жарылыстардың салдары, радиоактивті материалдарды пайдаланатын атомдық өнеркәсіп орындары, ғламдық жауындар, халық шаруашылық мәселелерін шешу мақсатында жасалған жерасты ядролық жарылыстар, табиғи радиоактивтілік, радиоактивті қалдықтар.
Мәтіннен күрделі сөздерді тауып, жасалу жолына қарай бағандарға жіктеп жаз Біріккен сөздер Қос сөздер Тіркесті сөздер Қысқарған сөздер
Достарыңызбен бөлісу: |