А) Біз кітап оқимыз
B) Сен оқушысың
С) Менің кітабым
D) Кітапханада кітаптар көп
Ілік септігінің жалғауып тап.
А) ның, нің
B) ға,ге
С) ды,ді
D) мен,пен
Кімде?неде? қайда? қай септіктің сұрағы?
А) Атау септік
B) Жатыс септік
С) Табыс септік
D) Барыс септік
Оқылым Мәтінді оқып, тапсырмаларды орында.
Тоқсан соңындағы демалыс кезінде ауылдан Исатайдың атасы келді. Әжең беріп жіберді деген қоржыннан шыққан неше түрлі тағамдар дастарханға толып кетті. Оның ішінде Исатай жақсы көретін талқан,сүт, ірімшік, құрт сияқты жеңіл тағамдар баршылық екен. Исатайдың көкесі мен апасы жұмыста. Таңертең кетіп, кешке бір-ақ келеді. Қонақпен бірге қаланы аралау Исатайдың үлесіне тиеді. Бұған ол кәдімгідей қуанып қалды. Өйткені, атасымен бірге жүрсе, балмұздақ жейді, тәтті сусындар ішеді. Исатай үшін талқан, сүт, ірімшік, құрт, балмұздақ - тәтті тағамдар.
(мәтін ғаламтор желісінен алынған)
Мәтінге қандай ат қояр едің?
А) Исатайдың өмірі
B) Тәтті тағамдар
С) Сәтті демалыс
D) Исатайдың отбасы
Исатайдың жақсы көретін тағамдары.
А) ет, бауырсақ, талқан
B) май, құрт, айран
С) талқан, сүт, ірімшік, құрт,
D) көже, тары
Мәтіннен жаман сөзінің антонимін тап.
_____________________________________
Қайда? Сұрағын қолданып, мәтін бойынша 1 сұрақ құрастырып жаз.
____________________________________________
Мәтін бойынша сөйлемдерді толықтырып жаз.
Исатай үшін________________________________________ тәтті тағамдар.
Қонақпен бірге __________________________________________ тиеді.