«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары Оқылым



Дата19.05.2020
өлшемі18,14 Kb.
#69802
Байланысты:
6 сынып СОЧ қазақ тілі




«Қазақ тілі мен әдебиеті Т2» пәнінен 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
Оқылым

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды.

Үсті-басы ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап, келіп қалды.

Дем алысы - үскірік, аяз бен қар,

Кәрі құдаң - қыс келіп, әлек салды.

Ұшпадай бөркін киген оқшырайтып,

Аязбенен қызарып ажарланды.

Бұлттай қасы жауып екі көзін,

Басын сіліксе, қар жауып, мазаңды алды.

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй шайқалды.

Әуес көріп жүгірген жас балалар,

Беті-қолы домбығып, үсік шалды.

Шидем мен тон қабаттап киген малшы

Бет қарауға шыдамай теріс айналды.

Қар тепкенге қажымас қайран жылқы

Титығы құруына аз-ақ қалды.
1. Мәтінде кездесетін сөздерді белгілеңіз.

А) Қар, үсік, аяз, боран

В) Ақ киім, тамақ, үй

С) Адамдар, білім, еңбек

Д) Зерттеу, адамдар, күш

[1]
2. Өлеңнің негізгі тақырыбын анықтаңыз.

А) Көктем мезгілі

В) Жаз мезгілі

С) Жыл мезгілі

Д) Күз мезгілі

[1]

3. Тыңдалым мәтіні мазмұны бойынша 1 «шын» ақпаратты белгілеңіз.




Мәтіндегі ақпараттар

Шын

Жалған

А

Адамды ақ киімді, денелі адамдай суреттейді







В

Қыс мезгілін суреттейді







С

Күз мезгілін суреттейді







[1]
4. Бос орынға қажетті сөзді қойып сөйлемді толықтырыңыз.

/алмастырады, алады, оқытады, шайқалды /

Борандай бұрқ-сарқ етіп долданғанда,

Алты қанат ақ орда үй__________________. [1]


5. Сұраққа толық жауап беріңіз.

Автор аязды қалай суреттейді?

_________________________________________________ [1]
Оқылым

Денсаулық саяхат кезінде ерекше күтімді қажет етеді. Адам ағзасына демалыс кезінде жол ауыртпалығын көтере алмау, жаңа ортаның климаты, тамағы, уақыттың ауысуы әсер етеді. Сондай-ақ, халық көп шоғырланған жерде түрлі бактериялар мен инфекциялар көп болады. Сол себептен де саяхат кезінде денсаулығыңызға салғырт қарамаңыз. Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, тексеріліп алыңыз. Саяхат кезінде денсаулығыңыз сыр бермесін десеңіз, дәрігер кеңесіне ескеріп, өзіңізді күтіңіз.

Саяхатқа шықпас бұрын барар мекеннің климаты, салты, тамағы жайлы алдын ала ғаламтордан біліп алыңыз. Қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алу өте пайдалы. Жолға жиналғанда қажетті заттармен бірге дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алуды ұмытпаңыз.

Саяхат кезінде беті-қолыңызды жиі-жиі жуып тұрыңыз. Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген абзал. Су болмаған жағдайда ылғалды сүлгілерді пайдаланыңыз. Дәріханадан антибактериалды сабын я сұйықтық сатып алыңыз. Тек қана таза су, кофе, көк немесе қара шәй ғана ішіңіз. Газдалған сусындарды пайдаланбаңыз. Жеміс-жидектер мен көкөністерді жуып жеңіз. Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек қана дүкендерден ғана алыңыз. Көшеден, базардан тамақ сатып алмаңыз.


1.Берілген тұжырымдардан бір «жалған» ақпаратты анықтаңыз.



Тұжырым

Шын

Жалған

А

Саяхат кезінде беті-қолыңызды үнемі жуып тұрыңыз







В

Өзіңізбен бірге орамал алып жүрген дұрыс







С

Заттарды жинастырғанда қажетті дүниелермен бірге

дәрі-дәрмек салынған қобдишаны алудың қажеті жоқ









[1]
2-3. Мәтіннен берілген сөздердің антоним, синонимдерін табыңыз.

зиянды (антоним) - _________________________________ [1]

жиналған (синоним) - ________________________________ [1]
4. Сөйлемдерді мәтін мазмұны бойынша рет-ретімен орналастырыңыз (1, 2, 3).


Мәтәндегі ақпараттар

Реті

Ет, балық, тауық, нан, сүт өнімдерін тек дүкендерден ғана сатып алыңыз




Дәрігерге жолығып, қандай егу шараларын жасау керектігін сұрап, ақыл-кеңес алсаңыз өте пайдалы




Жолға шықпас бұрын дәрігерге барып, денсаулығыңызды тексертіп алыңыз




[1]

5. Сұраққа толық жауап беріңіз. Саяхат кезінде қандай сусындар ішкен жөн? ____________________________________________________________________________________________________________________________________________ [1]



Жазылым

Берілген екі тапсырманың бірін таңдап, жазба жұмысын орындаңыз. Сөздерді орфографиялық нормаға сай жазып, себеп-салдарлы қатынасты білдіретін жалғаулықтарды қолданып, қосымшаларды дұрыс жалғаңыз, сөйлем соңында қойылатын тыныс белгілерді орынды қолданыңыз.




  1. Қазақ ұлттық қолөнері

Қазіргі кезде көпшілік қазақ ұлттық қолөнер бұйымдарына қызығушылық танытуда. Қазақ ұлттық қолөнеріне нелер жатады? Ойыңызды эссе түрінде жазыңыз.


  1. Саяхат және туризм

Сіз саяхаттағанды өте жақсы көресіз. Биыл жазда да еліміздің көптеген аймақтарына саяхат жасадыңыз. Саяхат өте тамаша болды. Сол уақытта қандай көрікті жерлер көрдіңіз? Қандай қызықты оқиғалар болды? Ойыңызды сипаттама мәтіні түрінде жазыңыз.


  1. Абайды оқы, таңырқа!

Сіздер сабақта Абай туралы ақпаратпен таныстыңыздар. Мұғалім Абайдың өмірбаянын жазуды тапсырды. Өмірбаян стилін сақтап жазыңыз.

[10]
Жазылым

Берілген тақырыптардың бірін таңдап, жұбыңызбен диалог құрастырыңыз (6-8 сөйлем). Диалог құрауда тура және ауыспалы мағыналы сөздерді, сұраулы, хабарлы, лепті және бұйрықты сөйлемдердің интонациялық ерекшелігін ескеріңіз.

[10]


Ұсынылатын тақырыптар

1. Абайдың қандай өлеңдерін білесіз? Өлең туралы айтып беріңіз.

2. Адамға саяхат пайдалы ма? Неліктен?

3. Қазақ ұлттық қолөнерін дамыту үшін не қажет?



4. Еліміздегі туризмді қалай дамытуға болады?

5. Қазақстанда туризмді дамытуға қандай қолайлы жерлер бар?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет