2 Сөздердің мағына жағынан дамуын зерттейтін лексиканың саласы
a) ономастика
ә) семасиология
б) салыстырмалы лексикология
в) тарихи лексикология
3 Кәсіби сөздер неше салаға бөлінетінін көрсетіңіз?
a) 1
ә) 2
б) 3
в) 4
4 Өзара іргелестігі, шектестігі нәтижесінде бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты туатын ауыс мағына не деп аталады?
a) метафора
ә) метонимия
б) синекдоха
в) полисемия
5 Түркі тілдеріне ортақ тұңғыш сөздік
a) Радловтың «Опыт словаря тюркских наречий» сөздігі
ә) Кодекс Куманикус
б) Будаговтың «Сравнительный словарь турецко-татарских наречий» сөздігі
в) М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» сөздігі.
6 Экспрессивті сөздерді табыңыз
a) бүрсеңдеу, абажадай, адыраңдау
ә) қалжыңбас, сабаз, ғажап
б) айналайын, көкетай, әкежан
в) бауырмал, ділмар, сөзуар
7 Какофемизм дегеніміз не?
a) Мағынасы тұрпайы сөздерді жеңілдетіп, жұмсартып жеткізетін жұмсақ сөздер
ә) Эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс
б) Сыпайыгершілік пен әдептікке негізделген сөздер
в) Діни наным-сенімге қатысты тыйым салынған сөздер
8 Көп мағынаға ие бола алатын сөз
a) ол
ә) араның
б) жүзін
в) қайрады
9 Табу.
a) Биіктен қиян алыс көкжиекке қадалып қараған Абай көзі – ой көзі сол кемені оң сапарға ұзатып, талмастан телміре қарап қалыпты.
ә) Өзі сері, әнші, өзі сұлу Байтасқа екеуі де – бірі кәрі, бірі жас бала – қызыға да, тамашалай да қараған.
б) Шешей, сонда сен де бар шығарсың деймін, түнде күйеуден ақша алып, Шырайлымды алып барып көрсетпекші болдық қой.
в) Миды жейтін қиыншылықтарын былай қойғанда, сол кездегі ауылдың ұғымында мен көп білім біліп қалдым.
10 Қазақ тілінде метафораны әдейі зерттеген кім?
a) М.Балақаев
ә) Ж.Мусин
б) Б.Хасанов
в) Н.Сауранбаев
11 Кәсіби сөздер
a) Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен кіріссеңіз, сөз жоқ жеңіске жетесіз.
ә) Жақсылыққа үлгі көрсетіп жетпесе, уағыз аутумен жету қиын.
б) Елдің елдігін сақтайтын - әдебиеті, тарихы, жол-жорасы
в) Қалың тал сайын бір миясар: біреуі – зергер, біреуі – ұста, біреуі – ісмер.
12 Синекдоха
a) Тамақ астындағы дөңгелек аузын тамсана, балғын қызыл мұрттарын мазасыз қимылдатады
ә) Ойыма келген нәрселерді жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын.
б) Майлаңқы сақал-мұрттар бір-бір желпілдесіп қалды.
в) Қазақстанда бүркіт ұясы көбенесе Алтай, Тарбағатай, Алатау, Көкшетау, Шыңғыс сілемді тауларда, орманды алқаптарда, әсіресе қарағайлы, үйеңкілі жерлерде кездеседі.
13 Синекдоха тәсіліне сәйкес дұрыс мысалды көрсет.
a) Аспанға шашу шашты меруерттер
ә) Жау жағадан алу, көзге жас алу
б) Талаптың мініп тұлпарын
в) Басында Қамажайдың бір тал үкі.
14 Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниедей … деген мысалда сөз мағыналарының қай түріне жатады?
a) синекдоха
ә) метафора
б) метонимия
в) полисемия
15 Омоним.
a) Сұр шыланның атып шыққан оқ көзінен көз айырар бозторғайда дәрмен жоқ.
ә) Қай тарапқа көз тастасаң да, көкпеңбек аспан әлемін және көкжиекті көресің
б) Жасырынып жар қабақтың астында отырғанымызда аспан қабағы да тұнжырап алған екен.
в) Бәлкім бұл заманның тілін сен табарсың, қараңғы халқыңды жаңа бір қырқаға сен шығарарсың.
16 Омонимдер түрленуі, өзгеруі дәрежесіне сәйкес қалай топтастырылады?
a) фонетикалық, лексика-семантикалық
ә) лексикалық, лексика-грамматикалық, аралас
б) лексикалық, морфологиялық, грамматикалық
в) топтастырылмайды.
17 Синонимдік қатардағы сөздердің саны қаншаға жетеді?
a) 4-5 тен аспайды
ә) 10 шақты
б) 40-тан асады
в) 20 шақты
18 Синоним
a) Сөз өнерінің сұлулығынан халықтың жан сұлулығы туындайды.
ә) Өзіңе жамандық істеген адамға жақсылық істеу де ерлік емес пе?
б) Көк жұлдыздары бірден-бірге баяу тартып, аспан әлемі жарық сәулеге бөленді.
в) Осы өткен қыста әкесін жөнелту қамымен қаладан қайтпай жатып Абай орысша тілге тағы да көп зер салды.
19 Антоним
a) Әзіл айтқанға әділ айт
ә) Кітап оқудан тыйылған адам ойлаудан да тыйылады.
б) Төзім – тамаша қасиет, ұзақ төзуге өмір қысқа.
в) Құнанбай барлық сөз аңғарын ұқты да, жақтырмады.
20 Сөздердің шығу тегі мен олардың семантикасының дамуы туралы мағлұмат беретін сөздіктер
a) фразеологиялық, аударма, терминологиялық, диалектологиялық сөздік
ә) фонетикалық, орфографиялық сөздік
б) этимологиялық, тарихи сөздіктер
в) энциклопедиялық, иллюстративті сөздік
21 Сөздік құрамдағы сөздерді қолдану жиілігіне қарай қандай екі салаға бөлуге болады?
a) актив сөздер, пассив сөздер
ә) төл сөз, кірме сөз
б) түбір, туынды сөздер
в) біріккен, қос сөздер
22 Көптеген тілдерге ортақ, халықаралық сипаты бар сөздер.
a) кәсіби сөздер
ә) интернационалдық сөздер
б) жаргон сөздер
в) жалпыхалықтық лексика
23 Неологизм неше түрге бөлінеді?
a) 3
ә) 4
б) бөлінбейді
в) 2
24 Қазақ тіліндегі жаңа қолданыстар
a) Осы уақыт ішінде 100-ден астам мемлекет таныған Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды.
ә) Қазақтың ән, опера, драма өнерінің тарихына көз салсаңыз, оның аса бір жарқын, ғажайып белесін Байсейіткеліні Күләштің сан қырлы таланты, терең шығармашылығы құрайды.
б) Астанамыздағы Рысқұлов пен Сейфуллин даңғылдарының қиылысындағы бағдаршамның көкшіл көзі жанған кезде құстың сайраған даусы естіледі.
в) Алатаудың қарлы шыңдары қысы-жазы әсем Алматыға ерекше бір сипат беріп тұрғандай.
25 Диалектизмдердің есебінен жасалған синонимдерді көрсет:
a) ұрпақ-тек
ә) рет-мәртебе
б) қоштау-мақұлдау
в) көңілі жақын - әуей, әріптес
26 Қазақ тілінің сөздік құрамындағы кірме сөздер негізінен қандай халықтан келіп енген?
a) араб-парсы
ә) монғол
б) орыс
в) берілген жауаптың барлығы
27 Фразеология нені зерттейді?
a) сөздердің мағынасын, семантикалық заңдылықтарын
ә) сөздердің шығу төркінін
б)тұрақты сөз тіркестерін
в) жалқы есімдер мен жалпы есімдерді
28 Фразеологиялық байлаулы мағынаға жататын мысалдарды көрсет.
a) биік тау, кең бөлме, талапты шәкірт
ә) Қарасақ көп адамдар түлкі боп жүр.
б) затты қабылдау, ие болу
в) ну орман, қас батыр, шырт ұйқы
29 “Қазақ тілінің жергілікті ерекшеліктері” атты тұңғыш сөздіктің авторы кім?
a) Н.Сауранбаев
ә) С.Аманжолов
б) Ж.Досқараев
в) Ғ.Мұсабаев
30 Арнаулы сөздер деп нені айтамыз?
a) кәсіби сөздер
ә) терминдер
б) жаргон сөздер
в) диалект сөздер