«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және
көмек»
Оқу мақсаты
10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық
анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны
бағалау
10.4.2.1 қажетті клишелер мен лексикалық құрылымдарды
қолданып, көтерілген мәселе бойынша өз ойын дәлелдеп
эссе жазу («келісу, келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе,
аргументативті эссе)
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтіндегі негізгі ойға қатысты деректі ақпараттарды
анықтап, көзқарасын білдіреді, баға береді
Көтерілген
мәселе
бойынша
қажетті
тілдік
құрылымдарды қолданып, эссе жазады («келісу,
келіспеу» эссесі, дискуссивті эссе, аргументативті эссе)
Ойлау дағдыларының деңгейі Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырма
Мәтінді оқып шығып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Астанада тұрмыстық қалдықтар сары және жасыл түсті контейнерлерге сұрыпталып
тастала бастады. Сары жәшіктер пластик, қағаз, шыны, металл және ұсақ-түйек электронды
техника қалдықтарын жинауға арналса, жасыл контейнерлерге тағам бөліктері,
органикалық қалдықтар жиналады. Негізгі мақсат – полигонға жиналатын қоқыс көлемін
кемітіп, еліміздегі қайта өңдеу саласын дамыту. Алдағы жылдары елімізде сұрыпталмаған
қоқысты көмуге жаппай тыйым салынбақшы. Жалпы сарапшылардың дерегі бойынша, жыл
сайын елімізде 700 миллион тонна өнеркәсіптік қоқыс пен қалдықтар жиналатын болса,
оның 250 миллионы денсаулыққа қауіпті улы заттар көрінеді.
Қалдықтарды сұрыптап, қайта өңдеу ісі бойынша Германия Еуропада алдыңғы
орында. Бұл ел алғаш мұндай тәжірибені 1990 жылдардың басында іске асырып көрді және
әлі күнге дейін дамыту үстінде. Немістердің әрқайсысының пәтерінде қоқыс жинауға
арналған кемінде үш түрлі ыдыс болады. Ол кейде тіпті сегізге дейін жетеді. Ескі
батарейкалар мен аккумуляторлар ерекше әдіс арқылы жоюды қажет етеді, себебі онда
жоғары токсинді улы заттар бар. Ескі киімдер арнайы контейнерге салынады. Германияда
кез келген сусынның бағасына ыдысының құны қосылады. Босаған кезде оны өткізіп,
ақшасын қайтарып алуға болады. Берлиндегі жасөспірімдер егер қоқыс жинап оны өткізсе,
қаржылық марапатқа ие болады.
Қоқысты қайта іске асыру және сұрыптау бойынша Францияда қоқыс өртейтін арнайы
кешенді зауыттар салынған. Мысалы, Париж түбіндегі Иври-сюр-Сен зауыты жылына
шамамен 600 мың тонна қоқыс өртейді. Қоқыстарды парализ тәсілі бойынша жоғары
температурада өртейді. Соның әсерінен зиянды улы заттар толық еріп, күлге айналады.
Франция қоқысты сұрыптап жинау әдісі мен қайта өңдеу нәтижесінде 30% алюминий, 50%
әйнек, сонша газет қағазын өңдіріп отыр.
Жапонияда тұрмыстық қалдықтарды өртейді, ал одан алынған энергияны жылыту
үшін қолданады. Тұрмыстық техникаларды қайта бұзып, өңдеу үшін жөнелтеді. Бұл елде әр
жапондықтың үйінің алдында үш контейнер тұрады. Бірі пластмассаға арналса, екіншісі
тағам, ал үшіншісі керексіз заттар үшін. Тіпті аталған елде органикалық қалдықтардың
өзінен құрылыс материалдарын жасап шығарады.
26
1. Мәтіндегі негізгі ойды және оны ашатын деректі ақпараттар бойынша кластерді
толтырыңыз.
2. Мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікіріңізді 3 сөйлеммен беріңіз.
_______________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
3. «Адам құқығының аяққа тапталуы құқықтық сауатсыздықтан» деген пікірмен
келісесіз бе? Лексикалық құрылымдар мен клишелерді қолдана отырып, ойыңызды
шағын эссе түрінде жеткізіңіз.
27
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтіндегі
негізгі
ойға
қатысты
деректі
ақпараттарды
анықтап,
көзқарасын білдіреді, баға
береді
1
мәтіннің негізгі ойын анықтайды;
1
негізгі ойды ашатын 6 деректі
ақпаратты анықтайды;
1
1
1
(әр 2
дұрыс
жауап
үшін 1
балл).
2
мәтіннің негізгі ойына қатысты өз
пікірін 3 сөйлеммен білдіреді;
2
Көтерілген мәселе бойынша
қажетті тілдік құрылымдарды
қолданып,
эссе
жазады
(«келісу, келіспеу» эссесі,
дискуссивті
эссе,
аргументативті эссе)
3
берілген пікірдегі кілт сөзге 2-3
сөйлеммен анықтама береді;
1
пікірге
қатысты
өз
ұстанымын
білдіреді;
1
өз
ұстанымын
3-4
аргументпен
дәлелдейді;
2
мәселенің шешіміне қатысты нақты
ұсыныстар береді;
1
эссе
мазмұнында
қолданылатын
лексикалық
құрылымдар
мен
клишелерді қолданады.
2
Барлық балл
13
28
«Жер планетасындағы қауіпті қалдықтар», «Әлеуметтік теңсіздік: адам құқықтары және көмек» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_______________________________________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтіндегі негізгі ойға
қатысты
деректі
ақпараттарды
анықтап,
көзқарасын
білдіреді,
баға береді
Мәтіннің негізгі ойын және
негізгі ойды ашатын 6 деректі
ақпаратты анықтауда, негізгі
ойына қатысты өз пікірін
жеткізудеқиналады.
Мәтіннің негізгі ойын және
негізгі ойды ашатын 6 деректі
ақпаратты анықтауда, негізгі
ойына қатысты өз пікірін
жеткізуде қателеседі.
Мәтіннің негізгі ойын және
негізгі ойды ашатын 6 деректі
ақпаратты анықтайды, негізгі
ойына
қатысты
өз
пікірін
жеткізеді
Көтерілген
мәселе
бойынша қажетті тілдік
құрылымдарды
қолданып, эссе жазады
(«келісу,
келіспеу»
эссесі, дискуссивті эссе,
аргументативті эссе)
Берілген пікірдегі кілт сөзге
анықтама
беруде,
өз
ұстанымын
дәлелдейтін
аргументтер
мен
фактілер
келтіруде, мәселенің шешіміне
қатысты ұсыныстар беруде,
эссе
мазмұнында
қолданылатын
лексикалық
құрылымдар мен клишелерді
қолдануда қиналады.
Берілген пікірдегі кілт сөзге
анықтама беруде, өз ұстанымын
дәлелдейтін аргументтер мен
фактілер келтіруде, мәселенің
шешіміне қатысты ұсыныстар
беруде,
эссе
мазмұнында
қолданылатын
лексикалық
құрылымдар мен клишелерді
қолдануда қателеседі.
Берілген пікірдегі кілт сөзге
анықтама береді. Өз ұстанымын
дәлелдейтін аргументтер мен
фактілер келтіріп, мәселенің
шешіміне қатысты ұсыныстар
береді.
Эссе
мазмұнында
қолданылатын
лексикалық
құрылымдар мен клишелерді
қолданады.
29
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН ТАПСЫРМАЛАР
«Жастардың денсаулығы – қоғам байлығы», «Сандық технологияны пайдаланудағы
теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.1.4.1
прозалық
шығарманы
тыңдау,
шығармада
көтерілген жалпыадамзаттық мәселені айқындау
10.2.6.1 әртүрлі графиктік мәтіндердегі (иллюстрация,
фотосурет, сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыру,
негізгі идеясын түсіндіру
Бағалау критерийі
Білім алушы
Жалпыадамзаттық мәселені анықтайды
Графиктік мәтіндердегі (иллюстрация, фотосурет,
сызба, шартты белгі) ақпараттарды салыстыра отырып,
ортақ идеяны түсіндіреді
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Қолдану
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырма
Аудиомәтінді екі рет тыңдап, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Мұрат үш күннен бері ауру. Еті күйіп-жанып, екі беті қып-қызыл болып балбырап,
төсек тартып жатып қалды. Ұлжан сусынын аузына тосып, күндіз-түні оның жанынан
шықпайды.
Жолаушы кеткен Батырбай қария бүгін келді. Есіктен кірген бойда төсекте жатқан
баласын, қасында отырған Ұлжанды көріп шошып кетті.
— Мұрат жайша жатыр ма? Кеудесін кере бір күрсініп алып:
— Қайдан жайша болсын! — деп бастады да, Ұлжан Мұраттың ауруға шалдығу себебін
баяндап берді.
Батырбай қария алақанын баласының маңдайына басып, біраз отырды да, басын
шайқады:
— Дәрігерге көрсетпесе болмас.
Мұрат — Батырбай қария мен Ұлжанның сүт кенжесі. Кәрі әке-шешеге ол өте аяулы.
Көздерінен таса еткілері келмейді.
Мектепке түскенге шейін Мұрат семья өмірінен ұзақ шыға алмай келді. Қарт ата-ана
үйде ойна деп, оны қақпайлай беретін. Есік алдына шықса болды, суық тиеді, сыз өтеді,
шаншу қадалады деген сияқты толып жатқан қауіптерді төндіріп, үйге кіргізетін.
Алдыңғы жылы күзде әке-шешесі Мұратты оқуға берді. Мұрат жақсы үлгеріп оқып
кетті. Қазір ол 2-сыныпта оқып жүр. Қыс бойы Мұрат өзге балалардай сырғанақты да еркін
тебе алған жоқ.
Дәрігер Мұратты қарап көріп, былай деді:
— Балаларыңыздың аурушаң, арық болып өскеніне өздеріңіз айыптысыздар. Баланы жас
күнінен шынықтырып, ыстықтан да, суықтан да қорықпайтын, төзімді ету керек. Таза ауада
ойнауына бөгет жасамаңыздар. Күнге күйіп, суға шомылып, жалаңаяқ жүрсін. Одан қорқуға
болмайды.
Бұрын да қыңқыл-сыңқылы көп болатын Мұраттың науқасы бұл жолы ұзаққа
созылып, тым азып кетті.
Уақыт өте берді. Мұрат өсе берді. Ол бастауыш мектепті бітірді.
30
Биылғы жазғы демалыста жолдастарымен бірге пионер лагеріне жіберілген еді.
Лагерьде Мұрат бір ай болып, әр жағынан жетіліп, іштей де, сырттай да жаңғырып
қайтты. Ойы сергіп, бойы өскендей болды.
Мұрат лагерьден қайтып келген күннің ертесіне терезенің тұсында бірдеме тасырлаған
соң, Ұлжан сыртқа қараса, баласы жүгіріп бара жатқан адамға ұқсап, бір орында безек
қағып тұр екен.
— Әкем-ау, бұнысы несі? — деп таңданды Ұлжан.
Бір кезде Мұрат жүгіргенін қойды да, қолын жоғары созып, онан соң қайта төмен
түсіріп, осылайша бірнеше рет қайталады. Бұнымен де тынған жоқ. Бір кезде екі бүйірін
таянып, біресе отырып, біресе тұрды.
Баласының бұл қылықтары шешесін әрі таңдандырды, әрі қызықтырды:
— Мұратжан-ау, бұның не, лагерьден осыны үйреніп кайттың ба?—деді Ұлжан шешей.
— Зарядка жасап жатырмын.
— Ол не дегенің ?
— Лагерьде бізге күнде ертемен зарядка жасататын. Үйде де жасап тұрындар деген. Aпa,
бұның пайдасы зор. Атам екеуіңнің жасауларыңа да болады. Үнемі зарядка жасап,
физкультурамен айналысқан адамның денсаулығы күшті болады. Ауруға да бой бермейді.
Мұрат орамал, сабын, тіс порошогін алып тысқа шығып кетті.
Үйдің артында арық бар еді. Арықта таудың мөлдір, суық суы ағып жататын. Ертемен
бақшаны аралап көріп, енді қайтып келе жатқан Батырбай қарт, бүкіл кеудесін сумен жуып
жатқан баласын көрді.
— Мұратжан-ау, мынауың не?
1. Мұраттың аурушаң болуының 4 себебін атаңыз.
31
2. Мәтіннен адамзатқа ортақ мәселені анықтап, оның салдары мен бірнеше шешу жолын
ұсыныңыз.
3. Графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-бірімен салыстыра отырып, ортақ идеясын
түсіндіріңіз.
33
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Жалпыадамзаттық мәселені
анықтайды
1
кейіпкерге қатысты 4 себепті анықтайды;
1-себеп
2-себеп
3-себеп
4-себеп
1
1
1
1
жалыпадамзатқа
ортақ
1
мәселені
анықтайды;
1
мәселенің 3 салдарын анықтайды;
1
мәселенің нақты 2-3 шешу жолын
ұсынады;
2
Графиктік
мәтіндердегі
(иллюстрация,
фотосурет,
сызба,
шартты
белгі)
ақпараттарды
салыстыра
отырып,
ортақ
идеяны
түсіндіреді
2
графиктік мәтіндердегі ақпараттарды бір-
бірімен салыстырады;
2
ортақ идеяны түсіндіреді.
1
Барлық балл
11
34
«Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық
бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні_______________________________________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Жалпыадамзаттық
мәселені анықтайды
Кейіпкерге
қатысты
себептерді,
жалпыадамзатқа
ортақ
мәселені,
салдарын
анықтауда, мәселенің нақты
шешу
жолдарын
ұсынуда
қиналады
Кейіпкерге қатысты себептерді,
жалпыадамзатқа ортақ мәселені,
салдарын анықтауда, мәселенің
нақты шешу жолдарын ұсынуда
қателеседі.
Кейіпкерге қатысты себептерді,
жалпыадамзатқа ортақ мәселені,
салдарын анықтайды, мәселенің
нақты шешу жолдарын ұсынады.
Графиктік мәтіндердегі
(иллюстрация,
фотосурет,
сызба,
шартты
белгі)
ақпараттарды салыстыра
отырып, ортақ идеяны
түсіндіреді
Графиктік
мәтіндердегі
ақпараттарды
салыстыруда,
ортақ
идеяны
түсіндіруде
қиналады.
Графиктік
мәтіндердегі
ақпараттарды
салыстыруда,
ортақ
идеяны
түсіндіруде
қателеседі.
Графиктік
мәтіндердегі
ақпараттарды
салыстырады,
ортақ идеяны түсіндіреді.
35
«Қоғам және заң» бөлімі бойынша жиынтық бағалау
Оқу мақсаты
10.3.6.1 мәтін мазмұнындағы деректі ақпаратты толық
анықтап, негізгі ойға өз көзқарасын білдіру және оны
бағалау
10.4.3.1
шығармашылық
жазба
жұмыстарында
көркемдегіш құралдар мен айшықтау амалдарын тиімді
қолданып жазу
Бағалау критерийі
Білім алушы
Мәтінге қатысты деректі ақпаратты анықтайды, өз
пікірін білдіреді, баға береді
Көркемдегіш құралдар мен айшықтауды қолданып,
шығармашылық жазба жұмысын орындайды
Ойлау
дағдыларының
деңгейі
Жоғары деңгей дағдылары
Орындау уақыты
25 минут
Тапсырма
Мәтінді оқып, төмендегі тапсырмаларды орындаңыз.
Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті
әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану
белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша
тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған
адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен
бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:
жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы;
жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай
жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толған қылмыскердің
ата-анасына);
жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге
байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан
айырады.
XV-XVII ғасырларда қазақтың әдет-ғұрып заңында жазалардың мынадай түрлері
болған:
а) рудан қуып жіберу;
ә) кінәліні жәбірленушінің туыстарына беру;
б) адамның жеке басына қарсы жасалған қылмыстар мүліктік қылмыстар үшін
айыппұл тағайындау;
в) денеге ауыр жарақат салғаны үшін, кісі өлтіргені үшін құн тағайындау;
г) өлім жазасы — жазаның бұл түрі өте сирек қолданылды.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарға
тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір
қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары,
қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады.
Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық
шығынға ұшырайды.
Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысының белгілі бір бөлігін мемлекет
пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту.
Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып
табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге
36
белгіленеді.
Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң,
ерекше режимдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан
тұрады.
1. Мәтін мазмұнындағы негізгі ойға қатысты деректі ақпараттар негізінде кесте-сызба
әзірлеңіз.
2. Еліміздегі жаза түрлері қылмыстың азаюына қаншалықты ықпал етеді деп ойлайсыз?
Ойыңызды 2-3 сөйлеммен беріңіз.
________________________________________________________________________________
_______________________________________________________________________________
3. Жергілікті газетке «Жасөспірімдер неге қылмысқа барады? » деген тақырыпта мақала
жазыңыз. Мақала мазмұнында теңеу мен эпитет және риторикалық сұраулы сөйлемдерді
қолданыңыз.
37
Бағалау критерийі
Тапсырма
№
Дескриптор
Балл
Білім алушы
Мәтінге
қатысты
деректі
ақпаратты анықтайды, өз
пікірін білдіреді, баға береді
1
мәтін
бойынша
кесте-сызба
дайындайды;
1
деректі ақпараттарды қолданады;
1
2
мәтіндегі негізгі ойға қатысты пікірін
2-3 сөйлеммен білдіреді;
2
Көркемдегіш құралдар мен
айшықтауды
қолданып,
шығармашылық
жазба
жұмысын орындайды
3
мақаланың кіріспе бөлімінде мәселенің
өзектілігі туралы айтады;
1
негізгі бөлімде жастардың қылмысқа
баруының 3-4 себебін көрсетеді;
1
қорытынды бөлімде мәселенің шешу
жолдарын көрсетеді;
2
мақала
мазмұнында
теңеу
мен
эпитеттерді қолданады;
2
риторикалық сұраулы сөйлемдерді
қолданады.
1
Барлық балл
11
38
«Жастардың денсаулығы - қоғам байлығы», « Сандық технологияны пайдаланудағы
теңсіздік» бөлімдері бойынша жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға
арналған рубрика
Білім алушының аты-жөні____________________________________________________________
Бағалау
критерийі
Оқу жетістігі деңгейі
Төмен
Орта
Жоғары
Мәтінге қатысты деректі
ақпаратты анықтайды, өз
пікірін білдіреді, баға
береді
Деректі ақпараттарды қолданып
мәтін
бойынша
кесте-сызба
дайындауда, негізгі ойға қатысты
пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде
қиналады.
Деректі ақпараттарды қолданып
мәтін
бойынша
кесте-сызба
дайындауда, негізгі ойға қатысты
пікірін 2-3 сөйлеммен жеткізуде
қателеседі.
Деректі ақпараттарды қолданып
мәтін
бойынша
кесте-сызба
дайындайды,
негізгі
ойға
қатысты пікірін 2-3 сөйлеммен
жеткізеді.
Көркемдегіш
құралдар
мен
айшықтауды
қолданып,
шығармашылық
жазба
жұмысын орындайды
Теңеу мен эипитет, риторикалық
сұраулы сөйлемдерді қолданып,
құрылымына сай мақала жазуда
қиналады.
Теңеу мен эипитет, риторикалық
сұраулы сөйлемдерді қолданып,
құрылымына сай мақала жазуда
қателеседі.
Теңеу мен эипитет, риторикалық
сұраулы сөйлемдерді қолданып,
құрылымына сай мақала жазады.
Достарыңызбен бөлісу: |