«Қазақ тілі мен әдебиеті»



Pdf көрінісі
бет8/24
Дата26.01.2023
өлшемі0,59 Mb.
#166464
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24
Байланысты:
1 ОШ СОР Казахский язык и литература 10 класс каз
f75356839684cb9f4ef2f405ab4a9cf77ed3582a
жиынтық бағалау 
Оқу мақсаты 
10.1.2.1 мәтінді тыңдай отырып, негізгі идеяларды 
(ақпараттарды) қысқаша түртіп жазу (конспектілеу), жазбаға 
сүйеніп мәтін мазмұнын түсіндіру 
10.2.2.1 ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндерге 
сүйеніп, монолог және диалог құрау, сөз әдебі мен сөйлеу 
этикеті формаларын орынды қолданып, тыңдаушыға әсер 
ету 
Бағалау критерийі 
Білім алушы 

Тыңдалған мәтіндегі негізгі ақпараттарды түртіп 
жазып, мәтін мазмұнын түсіндіреді 

Сөз әдебі мен сөйлеу этикетін орынды қолданып, 
ғылыми-көпшілік және публицистикалық мәтіндер 
негізінде монолог құрады 
Ойлау 
дағдыларының 
деңгейі 
Жоғары деңгей дағдылары 
Орындау уақыты 
25 минут 
 
Тапсырма 
1.
 
Мәтінді тыңдап, негізгі ақпараттарды қысқаша жазып алыңыз. Жазғаныңызға сүйеніп 
мазмұнын түсіндіріңіз. 
 
Арал теңізі – кезінде құрлықтың ішінде орналасқан бүкіл дүниежүзіндегі төртінші ең 
ірі су қоймасы болатын. 1960 жылдары Кеңес Одағының орталық басшылығы мақта 
егістіктерін суару үшін Аралға құятын ең басты 2 өзен – Сырдария мен Амударияның суын 
бұрып жіберді. Соның нәтижесінде Өзбекстан әлемдегі ең ірі мақта өндірушінің біріне 
айналды. Алайда ауыл-шаруашылығының мұндай жетістігі тым қымбатқа түсті – Арал теңізі 
тартыла бастады, жергілікті балық шаруашылығы түгел құрдымға кетті, Арал өңірінің ауа 
райы күрт өзгере бастады. Ауаға химиялық заттар мен теңіз түбіндегі кепкен тұздың шаңы 
жайылды, теңіздің тоқтамай тартылуы салдарынан жергілікті халық ауыр халге түсті. 
Жергілікті халықтың арасында ісік ауруы, қанның аздығы, аллергия және т.б. дерттер кең 
жайылып, өмірдің орташа ұзақтығы 64-тен 51-ге дейін құлдырады. Арал теңізінің тартылуы 
– ХХ ғасырдағы адамның қолымен жасалған теңдессіз апат болып қалды. Аралдың суы 
бұрын-соңды болмаған деңгейіне дейін тартылып, теңіз “Солтүстік Арал” және “Оңтүстік 
Арал” болып екіге бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет