Оразақын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж 25. Ораза қын Асқардың «Шетте жүрген бауырларға» өлеңінің негізгі идеясын адамгершілік
тұрғыдан талдап жаз.
Қазақтардың атамекеніне бет алған тарихи көшін біз бейнелі түрде
«Нұрлы көш» деп атадық. Қазақстан мемлекеттік репатриация саясатын
жалғасты түрде жүргізген әлемдегі санаулы елдердің біріне айналды.
(Н.Наазарбаев)
Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін 1992 жылы 7 сәуір күні шығарған екен.
Бұл кез – елімізге белгілі қазағымыз Тәуелсіз ел атанып, қандастарымыз тарихи атамекеніне оралуға
рұқсат алып, ақ түйенің қарны жарылып жатқан кез болатын.
Жер-дүниеге тарыдай шашылып кеткен бауырлардың басын қосу үшін Елбасымыз Дүниежүзілік
қазақтардың құрылтайын шақыра бастағанда, жүрегі жарыла қуанбаған қазақ, ақтарыла жыр жазбаған
ақын қаламаған болар?! Солардың бірі – өзі де 1955 жылғы алғашқы жылымықтың кезінде атамекеніне
көшіп келген Іле-Қытай қазағы Оразақын Асқар еді.
Шетелге кетсеңдер де бауыр басып,
Құтты орын тепсеңдер де ауырласып,
Атажұрт шақырады тұқымым деп,
Құшағын байтақ дала, тауың да ашып,-
деп бүкіл қазақты еліне құшағын ашып шақырды. Егер де атамекенге көшті бұрсаңыздар, атақ пен
даңққа, байлық пен берекеге бірге кененелеміз деп бауырларын атажұртқа тарта бастады. Ақын даусы
ағайынға жетті. Кезінде 1931—1933 жылдардағы ашаршылықтан Адай округынан көшіп кеткен 5
мыңдай Красноводск қазақтары қайтып орала бастады.1960—1965 жылдары жұмыс іздеген екі мыңға
жуық Астрахан қазақтары Атырау облысына қоныс аударып келді. Келгендердің көпшілігі жолы болып,
жақсы жағдайға кенеліп жатты, қиыншылықтарға ұрынбай қалғандары да болмай қалған жоқ. Міне
сондайлардың бірі - Астанада Эльвира Қыдырова деген оралман әйел орыс тілін білмегені үшін торт
пісіретін цехтан жұмыстан қуылған. (Қатты тисе де, ащы шындық... © 04.04.2017). Мұндай оралмандарға
ақын өз жырыммен рух берді, шыдамдылыққа шақырды, басу айтты.
Қазағың жетті ежелгі арманына,
Жағдайдың қарамаңдар бар, жоғына,
Ілінбеу үшін елдік бірлік керек
Ешқашан енді ешкімнің қармағына.
Уақытша көрсеңдер де қиыншылық,
Мың артық күн кешуден қорқып-бұғып,
Қожа боп өз жеріңде өз еліңе
Не жетсін тер төгуге соны ұғып.
Өз еліме келіп, өзім қожа боламын деп келген кейуана қайдағы бір орыс деген халықтың тілін білмегені
үшін елінен безуге шақ қалды. 70 жылдан аса рухани езгіде болып, көк көзді көршімізге әлі күнге дейін
жалтақтап жүргенімізді қайдан білсін қаркөз қарындасым Эльвира?!
Иә, бірде алшысынан, бірде тәйкесінен құлап жататын асықтың ойынындай заман ғой. Кейбір
қандастарымыз арасында атажұртқа келіп, кәсібін дөңгелетіп, табысқа кенелгендері көп.
Оралмандардың ішінде қол өнерімен айналысқандар саны 2%-тен 5%-ке өсіп отыр. Майда сауда-
саттықпен айналысқан оралмандардың саны екі есе өсті. Міне, осылай бірте-бірте бейімделудің
арқасында еліміздің саны арта түссе, арқадағы аю мен қырдағы айдахарға көрсетер үлкен айбарымыз
болар еді.
Қорыта айтқанда, оралманның жайы оңып тұрған жоқ. Олардың тағдырын квотамен шектеп
қойғаннан кейін оңалар емес. Елге шақырдың ба, үймен, жұмыспен, баспанамен қамтамасыз етіп,
бауырыңа тарт. Өйткені олар үшін өз Отанында ояну – бақыт.
Астында өз аспаның, өз туыңның,
Өз ауа, нәрін жұтып өз суыңның,
Қандастар қапы қалма, орны бөлек
Күнде өз әнұраныңмен оянудың.
Достарыңызбен бөлісу: