«Қазақ тілі мен әдебиетінен» эсселер жинағы


М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын



Pdf көрінісі
бет27/31
Дата01.02.2023
өлшемі336,49 Kb.
#167033
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
ЭССЕЛЕР ЖИНАҒЫ жмб 2021 ж

27. М.Сәрсекенің «Қаныш Сәтбаев» романындағы ғалымның қазақ ғылымын
қалыптастырудағы іс-әрекеттерін талдап жаз.
«... Жақсы шығарма - жан серігің. Сәтті сомдалған кейіпкерімен қоса қуантады, ойландырады, мұңайтады.
Жаңа шығармаларды әр кез оқуға уақыт табамын. «ЖЗЛ» сериясымен шыққан Медеу Сәрсекенің Қаныш
Сәтбаев пен Ебіней Бөкетов жайлы терең зерттеуден туған кітабын сүйсіне оқыдым. Соңғы екі шығарма
кәнігі металлург ретінде маған жаныма ерекше жақын».
(Нұрсұлтан Назарбаев)
Қазақтың тарихи тұлғаларын мәдени-рухани этностық тұрғыдан зерттеп топтастыра
бастайтын болсақ, тұтас бір галлереяға айналар еді. Сол галлереяның көшін бастап тұрған -
әдебиетіміздің алтын қорынан орын алатын талантты қаламгер Медеу Сәрсеке жазған
ғұмырнамалық роман-эссе «Қазақтың Қанышы» туындысы. Ұлы тұлғалардың өзі тарих
еншісіне айналғанымен, олардың өнегелі өмірі бүгін мен болашаққа қызмет етеді. Қазақ
тарихының төрінен орын алған біртуар тұлғалардың бірегейі Қаныш Имантайұлы Сәтбаев қазақ
ғалымын қалыптастыруда қандай игі істер атқарды?
Медеу Сәрсекенің шығармаларында нақтылық пен деректілік басым. "Қаныш Сәтбаев"
роман-эссесі де нақты деректерге толы. Жалпы шығарма Қаныш Сәтпаевтің өмір жолын
баяндайтын 3 негізгі бөлімнен тұрады. Олар:"Баянауыл аясында", "Сібір шамшырағы", "Ұлытау
жотасында" . Автордың көп ізденгенін сипаттаудың нақтылығынан және көзге аса қатты
байқалмайтын, шағын мәліметтердің өзіне аса зор мән бергенінен байқауға болады. Мысалы,
жас зерттеушінің Алтынқазған, Күмістөбе, Қорғасынды, Темірші, Жезтөбе деген кен орындарға
барлау жүргізуде топонимикалық атауларға мән бергендігін айтады. Осы қосалқы мәліметтің өзі
нақтылықпен берілгендігін байқауға болады. Роман-эсседе кеңінен қолданылған тарихи
құжаттар мен естелік-эсселер шығарманың шынайылығын, деректілік сипатын арттырып
тұрғанын көруге болады деп ойлаймын. 
Сонымен қатар, автор Қаныш атамыздың көзін көргендерден сұхбат алысып, мәлімет
жинаған. Қазақстанды жаппай қаулаған 1932 жылғы ашаршылық, ата-анасынан айырылуы, 1937


жылғы зобалаң жолындағы қиыншылықтардан өтіп, пісіп, жетілген жас зерттеуші бейнесі
романда айқын бейнеленеді. Бұндай қиын кездерден жол табудағы іс-әрекеттері шығарманың
нағыз дамуы мен шиеленісуі болды деп ойлаймын. Қаныш Сәтпаевтің басынан кешкен
оқиғалары замандастарының естелік-эсселерімен толығып, шығарманың айқындылығын
арттыра түсті. Қ.И.Сәтпаевтің шынайы бейнесін халыққа ұсынған ерекше шығарма десем артық
айтпағаным болар.
Медеу Сәрсеке – қазақтың деректі прозасына еңбегі сіңген жазушы. Қазақтың ұлы
тұлғасы Қаныш Сәтпаевтің өмір жолы туралы еңбекті елуден астам жыл бойы жазған. Медеу
Сәрсеке жазушылықтан бөлек, инженер-металлург мамандығын бітірген. Металлогения
мектебінің негізін қалаушы, жас зерттеушінің өмір жолын зерттеуге деген қызығушылығының
қайдан пайда болғанын осы жерден байқауға болады деп ойлаймын. 
Автор елу жылдан астам уақыт Қаныш Сәтпаевты жеке тұлға ретінде зерттеу жолында,
ғалымның жүрген жолымен жүріп, үлкен ізденісте болған. Автор роман-эссеге өзінің қиял
ұштарын қоспай, тек шынайы оқиғаларды жазды. Оқырманның Қаныш атамыздың өмірген
сүрген кезеңіне сапар шегуіне себепкер болды десем де болады. Ерекше әсер қалдыратын
шығарма екеніне көзім жетті. Медеу Сәрсеке жазушы ретінде шыңдалғанын, деректі прозаны
жоғары деңгейге жеткізгенін дәлелдеді. 
Қорыта келе айтарым, «Ел есімі – ер есінде» демекші, осындай шығармалардың
арқасында академик Қ.И.Сәтпаевтың есімі ел жадында мәңгілік сақталмақ!
Ақыл-ойдан жүк тиеп теңіздейін телегей,
Желді күні желкенсіз жеке жүзген кемедей,
Менменсіген Мәскеуді, Парижді де тәкаппар
Таңғалдырған кім еді, Қаныш аға Сіз емей?!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет