жылғы зобалаң жолындағы қиыншылықтардан өтіп, пісіп, жетілген жас зерттеуші бейнесі
романда айқын бейнеленеді. Бұндай қиын кездерден жол табудағы іс-әрекеттері шығарманың
нағыз дамуы мен шиеленісуі болды деп ойлаймын. Қаныш Сәтпаевтің басынан кешкен
оқиғалары замандастарының естелік-эсселерімен толығып, шығарманың айқындылығын
арттыра түсті. Қ.И.Сәтпаевтің шынайы бейнесін халыққа ұсынған ерекше шығарма десем артық
айтпағаным болар.
Медеу Сәрсеке – қазақтың деректі прозасына еңбегі сіңген жазушы. Қазақтың ұлы
тұлғасы Қаныш Сәтпаевтің өмір жолы туралы еңбекті елуден астам жыл бойы жазған. Медеу
Сәрсеке жазушылықтан бөлек, инженер-металлург мамандығын бітірген. Металлогения
мектебінің негізін қалаушы, жас зерттеушінің өмір жолын зерттеуге деген қызығушылығының
қайдан пайда болғанын осы жерден байқауға болады деп ойлаймын.
Автор елу жылдан астам уақыт Қаныш Сәтпаевты жеке тұлға ретінде зерттеу жолында,
ғалымның жүрген жолымен жүріп, үлкен ізденісте болған. Автор роман-эссеге өзінің қиял
ұштарын қоспай, тек шынайы оқиғаларды жазды. Оқырманның Қаныш атамыздың өмірген
сүрген кезеңіне сапар шегуіне себепкер болды десем де болады. Ерекше әсер қалдыратын
шығарма екеніне көзім жетті. Медеу Сәрсеке жазушы ретінде шыңдалғанын, деректі прозаны
жоғары деңгейге жеткізгенін дәлелдеді.
Қорыта келе айтарым, «Ел есімі – ер есінде» демекші, осындай шығармалардың
арқасында академик Қ.И.Сәтпаевтың есімі ел жадында мәңгілік сақталмақ!
Ақыл-ойдан жүк тиеп теңіздейін телегей,
Желді күні желкенсіз жеке жүзген кемедей,
Менменсіген Мәскеуді, Парижді де тәкаппар
Таңғалдырған кім еді, Қаныш аға Сіз емей?!
Достарыңызбен бөлісу: