14. «Бүгінгі қоғамда Еріктер көп пе? Тағандар көп пе?» (О.Бөкейдің «Атау-кере» повесі
бойынша)
«Табиғат – мәңгілік тірі, өтірік айтпауды,
алдап – арбамауды табиғатан үйрену керек, өйткені
ОНЫҢ (табиғаттың) жүрегі таза»
(Оралхан Бөкей)
Ұлттық сөз зергерлерінің бірі – Оралхан Бөкейдің атақты шығармасының өзі «Атау кере»
деп аталуы адамзат баласын елең еткізеді. Ал «атау кере» деген ана дүниеге бара жатқан
адамның соңғы ішетін бұйырған асы емес пе? Яғни шығарманың өзі де өмір мен өлімнің, тірі
мен өлексенің, лас пен тазаның арасындағы күрес, тартыс болып саналады. Шығармада екі
кереғар тұлға – Ерік пен Таған деген екі азамат оқиғаның өн бойында талас-тартыспен уақыт
өткізеді. Олардың әңгімесі тұнып тұрған философия, бірде бірі алшысынынан түсіп жатса,
кейде екіншісі салиқалы, көңілге қонымды пікірлер айтып жатады. Бүгінгі қоғамда осындай
Еріктер мен Тағандардың қайсы көп? Қайсысы басым түсіп жатады?
Ерік сияқтылар өзінің туған жерін байлығымен, ағашымен, арасымен, шипалы
өсімдіктерімен тамырымен қосып өзге елден келгендерге сатып жіберіп, бас пайдасына келген
байлыққа басы айналғысы келетін жан. Мұндайлар өмірде көп. Жерін сатқан анасын сатқанмен
бірдей.«... Табиғат жаратқан алқам-салқам болмайды, ол - әмісе әдемі, әмісе сүйкімді, әрі
шыншыл, әрі ақылды, сондықтан да адамдар секілді қателеспейді». Сол жүрегі таза табиғаттың
арын таптағысы келетіндерге табиғат –Ананың беретін азасы әлі алда екенін Нюра мен Тағандар
шырылдап айтса да, ешкім құлақ асар емес.
Тағандар өмірде аз, өйткені ол батыл, көңіліндегісін ашық айтады. Әрине, оны маскүнем,
азғын ретінде оның пікірлерін көпшлік қабылдамауы мүмкін, бірақ ол шындықты шырқыратып
айтатын, жалған намыстан ада жан. «…біздер тарих-ананы қатты ренжіттік, өз ұлтымыздың
тарихын кісенде ұстадық, киесі ұрады деп білмедік. Шала-жансар оқулыққа сендік, шала
сауаттыларға сендік, шабына от түссе де айтайық: өкімет басында отырғандардың бар-
барлығына сендік, олардың ақ дегені – алғыс, қара дегені – қарғыс болды. Міне, сондықтан да
халық
адасты...
адам
жадынан,
есінен
айрылды»
Достарыңызбен бөлісу: |