жалғасты түрде жүргізген әлемдегі санаулы елдердің біріне айналды.
(Н.Наазарбаев)
Оразақын Асқар «Шетте жүрген бауырластарға» өлеңін 1992 жылы 7 сәуір күні шығарған екен. Бұл кез – елімізге белгілі қазағымыз Тәуелсіз ел атанып, қандастарымыз тарихи атамекеніне оралуға рұқсат алып, ақ түйенің қарны жарылып жатқан кез болатын.
Жер-дүниеге тарыдай шашылып кеткен бауырлардың басын қосу үшін Елбасымыз Дүниежүзілік қазақтардың құрылтайын шақыра бастағанда, жүрегі жарыла қуанбаған қазақ, ақтарыла жыр жазбаған ақын қаламаған болар?! Солардың бірі – өзі де 1955 жылғы алғашқы жылымықтың кезінде атамекеніне көшіп келген Іле-Қытай қазағы Оразақын Асқар еді.