Менің достарым
№1 Бос орындарды толтыр.
Оның дос _________ дәрігер
Менің дос __________ оқушы
Сіздің дос __________ студент
Сенің дос __________ инженер
№2 Сұрақтарға жауап жаз.
Сенің досың бар ма?
Менің досым ........
Аты кім?
Аты .........
Ол қайда тұрады?
Ол .......тұрады
Қай мектепте оқиды?
Ол ......мектепте оқиды
Нешінші сыныпта оқиды?
Ол .....сыныпта оқиды
Ол қалай оқиды?
Ол .......оқиды.
№3 Сыныптасыңнан досы туралы сұра.
Тірек сөздер: бар, қандай, нешінші, бойы, қалай?
Киім
№1 Сұрақтарға жауап жаз.
-Мынау көйлек пе?
- Иә,.......... ....
-Сенің көйлегің қандай?
-Менің көйлегім.........
- Көйлегің ұзын ба?
-Жоқ ...........
-Көйлегіннің жағасы бар ма?
- Иә, ..............
-Қалтасы бар ма?
-Иә, ........
-Түймесі қандай?
-Түймесі .......... (Керекті сөздер: көк, қысқа, бар, түймесі, ақ, көйлек)
№2 Сандармен сөйлем құрастыр
5 көйлек 12 қолғап 6 етік 51 жейде 45 бөкебай 62 тон
10 пима 20 бәтеңке 8 шалбар 48 құлақшын 14 жемпір
№3 Көп нүктелердің орнына керекті сөздерді қойып жаз.
Дамир әкесімен дүкенге......... Дүкенде........бар. Әкесі Дамирге ақ....., қара....., жылы .......сатып алды. Дамир сатып алған киімдерге өте.........Ол әкесіне риза...... Олар үйге келді.
Керекті сөздер: киімдер, келді, тон, етік, қолғап, қуанды, болды.
№4 Берілген сөздерді қатыстырып, сұрақтар құрастырып жаз.
Көйлек, қысқа, көк, қысқы, етік, қолғап, сатып алды, киді.
№6 Сөздерді буынға бөліп жаз.
Айжан кітапханадан келді. Ол пальтосын шешті. Мынау – ілгіш. Пальто – киім. Айжан пальтосын ілді.
№7 Сұрақтардың орнына керекті сөздерді жаз.
Достарыңызбен бөлісу: |