Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Стоматология Мейірбике ісі Курс: І семестрі: І



бет6/8
Дата10.03.2017
өлшемі1,91 Mb.
#11239
1   2   3   4   5   6   7   8

Кім жазықты


Бір сөзім бар шалдуар

Болмаса да тыңшысы.

Бұ күнде жоқ, соң туар

Роман мен сыншысы.

I

Түскендей әуе жерге қырық күн шілде



Ішкен мас, жегендер тоқ күнде-күнде.

Қысқа түн қымқырылды, таң көрінді:

Кел, шық деп, иек қағып жарық күнге.

Ән салды таңды мақтап сансыз торғай

Бас иіп, бәйік болып, жерге қонбай.

Найқалып таң желіне тербетілді

Көк майса көзі ілініп тұрған сондай.

Асыл шөп, жасыл шықтың иісі аңқып

Батқандай мелдігінен нұрға қалқып,

Күлімдеп көктің жүзі көңілі шат:

Жауһардай күн шығар деп бізге балқып.

Көлбеңдеп көкке қарай жердің буы,

Айнадай анандайдан көлдің суы;

Күй билеп суда тұрған барлық қамыс,

Ән салды домбыра мен құстың шуы.

Мақтанып қара түнде нұрын шашқан,

Айдың да өлеусіреп түсі қашқан;

Шығарын сұлу күннің сезгеннен соң,

Бірі жоқ таман жұлдыз бетін басқан.

Жайылып төрге қарай таңның ағы,

Көрінді ауыл-ауыл маңайдағы.

Қарайып, өрген сиыр, түйе менен,

Ауылдың малға толды әрбір жағы.

Ыңыранып қой қотанда таңды көріп,

Күн шықса, жайылысқа кетпек өріп.

Төбеттер үй алдына жаңа жатты

Түн бойы қой күзеткен, ұйқы бөліп.

Таяқты, жалаң аяқ шалдар тұрып,

Сүйкенген үйлеріне қойларды ұрып.

Бір молда шәугім ұстап, тысқа шықты,

Бүкшеңдеп, арба айнала қақырынып.

Қисайған қос секілді жалғыз қара -

Ауылдан арқан бойы тұрды дара.

Қолтықтап "Әптиек" пен "Құрандарын"

Жиналып жатыр сонда біткен бала.

Күн хабар сонда берді нұрын шашып,

Бір күлдік жүзіменен амандасып:

"Ал, бізге сәуле түсті алақай!" деп,

Ой мен қыр қарап тұрды жымыңдасып.

Өргізді қойшы тұрып қойын айдап,

Ерттеп ап арқандағы атын жайлап:

Торсыққа ақ боз үйден қымыз құйып,

Жанына мықтап алды байлап.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.



Сұрақтар
1. Троицк қаласында қай жылы, қандай медреседе білім алды? (Ахун Рахманқұлы
татар медресесі 1912 ж)
2. Білім тақырыбына жазған өлеңдерін ата. ( «Оқып жүрген жастарға», «Оқуда
мақсат не?», «Талиптерге» )
3. Троицкіде қандай журналда қызмет істеді? ( «Айқап» )
4. «Айқап» редакциясынан жұмыстан шығуының себебі не? ( әлеуметтік
теңсіздік, тартыс, ел ішіндегі қайшылық)
5. Баянауылда қандай ұйым құруды ойлады? ( «Шоң серіктестігі»)
6. Алтайда қай жылдары болды? Немен шұғылданды? ( 1914 – 16 ж.
Ағартушылық, жазушылық жұмыспен)
7. Семейде не себепті оқуға қабылданбады? ( қаражаты, жатар орны болмады,
төменгі сыныпқа жасы келмеді, жоғары сыныпқа білімі болмады)
8. « ... Жұмасына екі рет ет жеймін. Құр шай, нан жеймін. Киім алғаным жоқ.
Кино, кештерге барғаным жоқ. Айналдырғаным ала қағаз беті. Бір тиыным қалғанша оқимын...» сөзін қай жылы, қайда оқып жүргенде жазды? (1916 – 17ж Томск )
9. Алаш партиясы мен Алашорда үкіметіне арнаған қандай өлеңін білесіз? (
«Алаш ұраны», «Таныстыру» )
10. «Таныстыру» өлеңі кімдерге арналған, оларды неге теңейді? (А.Байтұрсынов,
Ә. Бөкей, М.Дулатов, Абай, Шәкәрім. Оларды айға, күнге, Шолпанға)
11. 1918 ж қандай поэмалары жарық көрді? ( «Айтыс» аяқталмаған, «Кедей»,
«Адасқан өмір»)
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

2. Өлеңдері мен романын оқу
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Кім жазықты?» поэмасын оқып келу




28-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаев
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Мағжан өлеңдері мен поэмаларын атап, олардың мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян» поэмасының тарихи- эпикалық сипатын таныту, сюжеттік –композициялық құрылысына талдап, тақырыбы мен идеясын анықтау.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: оқушылардың әдеби –теориялық білімдерін , сөйлеу тілдерін, зейін, көру, есту қабілеттерін дамыту. Өз ойларын көркем -әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.

5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Кім жазықты?», «Адасқан өмір» поэмасы , «Қамар сұлу» романы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Халқымыздың от жалынды, зор талантты ақындарының бірі Мағжан Жұмабаев қазіргі Солтүстік Қазақстан облысы, Булаев ауданындағы Сасықкөл мекенінде 1893 жылы 15 мамырда дүниеге келген. Өз әкесі Бекен, бабалары Жұмабай қажы, Шоқай, Өтеген, Өтеміс - өз заманында даңқы шыққан белгілі кісілер. Мағжан өзінің Мүсілім, Қаһарман, Мұқаметжан, Сәлімжан, Қалижан, Сабыржан, Күландам, Гүлбарам сияқты бауыр – қарындастарымен құлын – тайдай тебісіп, ауыл баласының қызықты, романтикаға толы тәтті, қимас шағын бастан кешірген.

Кәрім, Мұқаметжан молдалар, Данияр қажы, Ахитден мұғалім – бұлар болашақ ақынның тілін сындырып,хат танытқан, арабша, парсыша, түрікше,орысша оқытқан алғашқы ұстаздары. Алдымен Қызылжарда медреседе Хасен молдадан дәріс алған Мағжан,Уфа қаласына барып,медресе Ғалияда татар халқының ұлы жазушысы Ғалымжан Ибрагимовтан оқыды.Алғашқы әдеби тәжірибе басталып, көк қауырсын жырлар тудырды.

Жаңа заман рухы бойын билеген Мағжан орысша білім алуға ерекше талаптанып, 1913 жылы Омбы қаласына келіп,осында мұғалім болып жүрген Міржақып Дулатовтан сабақ алып, дайындалып, семинарияға түседі де, оны 1916 жылы бітіріп шығады.

Бұдан кейін ел өміріндегі ұлы оқиғалар жас азамат,өршіл ақынды күрес толқынына тартып әкетеді.Мағжан 1919 жылдың көктемінен бастап кеңес жұмысына араласып,әлеумет ісіне бел шешіп кіріседі.Қызылжардағы «Бостандық туы» газетінде редактор болады (1919),Ташкент Қазақ-қырғыз институтында сабақ береді (1922),Мәскеуде «Күншығыс» баспасында аудармашы болады, В.Брюсов атындағы Көркем әдебиет институтында оқиды (1928), Бурабайда техникумда,Қызылжарда партия кеңес мектебінде сабақ береді.1929 жылы жазықсыз жала жабылып,түрмеге қамалып,одан Карелияға жер аударылады.М.Горький және оның әйелі Е.Пешкованың араласуымен 1936 жылы босап келгенімен,қайта ушыққан репрессия тырнағына ілініп,жазықсыздан-жазықсыз есіл ақын 1938 жылы 19 наурызда атылған.Өзі ғана емес,ағалары Мүсілім,Қаһарман,інісіМұқаметжан да репрессия отына шалынды.Әкесі Бекен 1934 жылы,анасы Гүлсім 1934 жылы қуғында өлді.

Талантты ақынның алғашқы өлеңдері Уфадағы, Омбыдағы қабырға газеттерінде, қолжазба журналдарда,мерзімді баспасөз бетінде жарияланып, жұртшылық назарын аударады.1912 жылы Қазанда «Шолпан» атты өлеңдер жинағы шыққанда, Мағжан не бары он сегіз-он тоғыз жас шамасында болатын.Абай кітабының басылғанына үш-ақ жыл өткенін ескерсек,жас ақынның даңқы қазақ сахарасы аспанына қалай көтерілгенін ұғу қиынға соқпас.Бұдан кейін де қазақ газет-журналдарының бетінде Мағжан шығармалары үздіксіз жарияланып тұрды.Негізінен, ақын өлеңдері оқырман қолына екі рет жинақталып, топталып тиді.Бірінші рет 1922 жылы Бернияз Күлеев Қазанда бастырып,екінші рет осы кітап толықтырылып, Сұлтанбек Қожановтың алғы сөзімен 1923 жылы Ташкентте шықты. «Педагогика», «Сауатты бол» (араб,латын әріптерімен бірнеше рет басылған) кітаптары,аудармалары басылды.Қысқасы, Мағжан Жұмабаевтың қаламгерлік сапары бас-аяғы жиырма жылға жетпей,тым ерте үзілді; он жылдай өмірі абақтыда,лагерьде, қуғын-сүргінде өтіп,ақыры 1938 жылы ату жазасына кесілді.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. М.Жұмабаевтың өлеңдерін оқу

3. Мағжан қандай ақын? Қандай өлеңдерін, поэмасын білдіңдер?

4. Ақыннның өлеңдері не туралы? Қандай лирикаға жазылған?

5. Ақын өмірі қандай болған? Оның қандай мұраларын білесіңдер?


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:


13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармышылығы.



29- сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Батыр Баян» поэмасы
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)

3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Мағжан өлеңдері мен поэмаларын атап, олардың мазмұндық тақырыбына қысқаша шолу жасау. «Батыр Баян» поэмасының тарихи- эпикалық сипатын таныту, сюжеттік –композициялық құрылысына талдап, тақырыбы мен идеясын анықтау.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: оқушылардың әдеби –теориялық білімдерін , сөйлеу тілдерін, зейін, көру, есту қабілеттерін дамыту. Өз ойларын көркем -әдеби тілде жеткізе білуге дағдыландыру.



5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. С.Торайғыровтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Кім жазықты?», «Адасқан өмір» поэмасы , «Қамар сұлу» романы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Баян Батыр, Баян Қасаболатұлы (шамамен 1710/15 – 1757 – батыр. Бүкіл өмірін қазақ жүртының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнаған ержүрек ардагерлердің бірі — батыр Баян Қасаболатүлы. Батырлығымен, тапқырлығымен Абылай ханның ерекше қүрметіне бөленген. Қазақ-жоңғар шайқастарына қатысып, "Батыр Баян" атанған. Батыр Баян жөнінде деректерді Мағжан Жүмабаевтың "Батыр Баян" поэмасынан, жыраулар шығармаларынан, Шоқан Уәлихановтың еңбектерінен кездестіруғе болады. Тарихи деректерде Баян жоңғар шапқыншылығына қарсы күрескен қазақ батырларының ішіндегі шоқтығы биік болып көрсетіледі.

Қазақ батырларының елдікті сақтап қалудағы ерлігі Үмбетай мен Төтіқара толғауларында жақсы баяндалған. Үмбетай жыраудың "Бөгенбай өлімін Абылай ханға естірту" атты толғауында былай делінген: Қара Керей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Сары, Баян мен Сағынбай, Қырмап па еді жауыңды, Қуантпап па еді қауымды, Үмыттың ба соны, Абылай.

Бұл толғаудан, батыр Баянның Абылай ханның тірегінің бірі екенін байқаймыз. Оның ел қорғаған басқа да батырлармен, қазақ халқының туын жықпаған, талай шайқастарда ерлік көрсеткен хас батырының бірі болғанына көзіміз жетеді. Тәтіқара толғауында: Бөкейді айт Сағыр менен Дулаттағы, Деріпсөлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы. Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын Сары менен Баянды айт Уақтағы.

Бұл жолдар Баян батырдың ержүрек батылдығын, түлғалы азамат болғанын дөлелдейді. Жырдағы Сары-Баянның ағасы.

Шоқан Уалихановтың "Исторические предания о Батырах XVIII века" атты мақаласында Баян батыр жайлы мағлүматтар бар. Мүнда да Баянның ержүректілігін, ақылдылығын Абылай ханның жоғары бағалағанын айтады.

Уақ батыры Баян Абылай ханмен бірге Қытай жасақтарына қарсы соғысқа қатысады. Қытайлармен айқаста Абылай қолы шегінуге мәжбүр болғанда Абылайдың өскерінің шегінуіне мүмкіндік жасап, Баян қолы қытайлармен айқасады. Бүл шайқаста Баян өзінің тапқырлығымен, ержүректілігімен, найзагерлігімен көзге түсіп, хан әскерін қүтқарады.

Шоқанның айтуынша, Баян Абылайдың ең жақын батырларының бірі болған. Ол ағасы Сары батырмен бірге уақ-керей руларының жасақтарын бастап қалмақтарға қарсы согысқан. Осындай бір жорықта Сары мен Баян қаза болады. " Халық аузында қос батырдың аттары біріктіріліп, Сары-Баян деп қосақталып айтыла да береді", — деп жазды Шоқан.

Абылай хан "үш жүздің батырларының ішінде кімдерді ерекше бағалайсыз", — деген еүраққа екі батырды ерекше атайды. "Бәсентиін Малайеары байлығымен, батырлығымен, мінезімен ерекшеленсе, Уақ Баян ақылдылығымен, батырлығымен, ержүректілігімен ерекшеленеді", — деп жауап берген екен. Шоқанның бүл мөліметтерінен Баянның ханына да, халқына да мәлім, айбынды қолбасшы және ержүрек жауынгер болғанын көреміз. Абылай қалмақтарға жорықпен келе жатқанда қалмақтан жеті адам елші келіп, қалмақ ханы Серенхан: "Қалмақтар мен қазақтар ағайынды болған. Біз сіздерге ақ киіз үйлер сыйлаймыз. Бейбіт болайық,— деп үсыныс жасайды. Абылай батырларын жинап кеңес қүрады. Хан: "Ақ киіз үйлерді алайық, оларды сендірейік, одан кейін шабуыл жасайық", — дейді. Сол кезде Баян: "Сіз ақ киіз үйлерді алмаңыз, қалмақтарды алдаймын деп ойламаңыз. Үса менен Серен жоғары және томен Қытайды да алдаған, сені де алдайды", — дейді. Хан өз сөзінен қайтпайды. Қазақтар екі күн қалмақтарды тосады. Ақ киіз үйлер де, басқа сыйлықтар да жоқ.

Шолғыншылар екі күн бүрын қалмақ қолының жасырын кетіп қалғанын хабарлайды. Баян мың адамдық жасақпен қалмақтарды қуып, Қытай жеріне кіреді. Бірақ қалмақ қолын толық талқандай алмай, қайтуға мәжбүр болады. Қайтар жолда қалмақтардың өліктерінен уланған судан үшынып ауырған Баян және оның жауынгерлері қаза болады. Бүл деректі де Шоқан айтқан.

Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасының желісі де осыған үқсас. Поэма аса көркем деңгейде, ерекше шабытпен жазылған. Сезім де, махабатта та, батырлық та, жан күйзелісі де дастанда жыр болып өріледі. Поэмадағы батыр Баян тағдыры ешкімді де бей-жай қалдыра алмайды. Шоқтығы биік Баянның бейнесі поэмада былай суреттеледі: - Қанайым, ойың үдай, тілің шаян, Амал не, келген жоқ қой батыр Баян. Көп жаудың албастысы, ел еркесі, Баянның батырлығы алашқа аян. Баянның аруақты қүр атынан Көп қалмақ болмаушы ма ед қорқақ ноян? Наркескен, өрттей ескен қайтпас болат, Баянсыз қанатымды қалай жаям?! Би Қанай! Аттанбайды хан Абылай, Келмесе қандыбалақ батыр Баян — деген Абылай сөзінен батырдың хан ордасындағы орны мен беделін байқайсыз. Баян батыр ел рухы мен батыр рухының биіктігін барлық қүндылықтан жоғары қояды. Елдің мүддесі Баян үшін қымбат, халқының тағдыры жау табанына басылмауы жолында жан аямай күрескен Баян батыр ерліктің, отаншылдықтың үлгісі.

Қазақ осындай батырлардың арқасында тағдыры мен келешегін қорғап қалды.



11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)

1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Поэмасына талдау жасау

Сұрақ-жауап жұмысы.                

-Демек, осы мағлұматтарға сүйене отырып  «Батыр Баян» қандай поэма дер едіңдер?

(Поэма өзінің сюжеттік жағынан эпостық жырларға ұқсас)

Тарихи оқиғалар

-Бұл поэмада қандай мәселелер қозғалған?                     Отанды қорғау

Халқын,еліне деген сүйіспеншілік

Махаббат тақырыбы

-Негізгі кейіпкерлерін ата?

-Баян туралы не айтар едіңдер?

(батыр, ержүрек, Отанын, жерін сүйетін , Абылайдың құрмет тұтатын батыры)-Баянның батырлығы қандай әрекеттер үстінде көрінеді?

-Баян образы қалай сомдалған?  

( Оның ішкі жан дүниесіндегі өзгерістер мен сезім арасындағы тартыстарды көрсету арқылы сомдалған.)

 Баян ,Ноян, Қалмақ қызы  образдары арқылы  біз нені көреміз?
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)

1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау:

Рефлексия.   Ой толғау.

 Дастандағы саған ұнаған, қызықтырған сөйлем.

Жеке  ойым, мақал келтіру







 13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)

А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;
14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)

«Батыр Баян» поэмасын оқып келу



30-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиет (қысқаша шолу)
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиет өкілдерінен хабар беру. Осы кезең әдебиетіне шолу жасау, қай бағытта шығармалар жазды, тақырыптары қандай болды, халық тұрмысын көрсететін шығармалармен танысып, талдау. Халық жанашырларымен танысу.

  • Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білу, өз ойларын еркін, дұрыс жеткізе білуге дамыту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, портрет, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы

2. «Батыр Баян» поэмасы
10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

ХХ ғасырдың көрнекті ақын жазушылары, қоғам қайраткерлері Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Майлин, Сәбит Дөнентаев, Спандияр Көбеев және Ахмет Байтұрсынұлы, Әлихан Бөкейхан, Міржақып Дулатов сынды тұлғалар «Айқаптың» тұрақты авторлары атанған. Бас аяғы 500 таралыммен шыққан «Айқап» қаржының жоқтығынан 4 жылдан кейін, яғни 1915 жылы жабылды.

«Айқап» журналының алғашқы саны Троицк қаласында 1911 жылдың қаңтар айынан бастап шыға бастаған. Оның шығарушысы, редакторы – демократ ақын, жазушы Мұхаметжан Сералин еді. Ол журналды алғаш жұрттан қарызға ақша алып, пай жинап жүріп шығарады. «Айқаптың» алғашқы санында Ахмет Байтұрсынұлының қазақтың ғылым мен білімді игермегенін мәселе етіп көтерген мақаласы жарияланғаны белгілі. Қаржының тапшылығынан журнал алғашқы жылы айына бір рет, шағын көлеммен жарық көрді. Жәрдем берушілер көбейіп және өзі де қор жинаған соң, яғни 1912 жылдан бастап журнал айына екі реттен 12-24 бет көлемінде жарияланды. Баспасөз тарихын зерттеуші Зарқым Тайшыбай журналдың шығуына 1905 жылы патша үкіметінің баспасөз еркіндігі жайлы шыққан манифесті арқау болды дейді. Оның айтуынша, сол жылдан бастап қазақтың мерзімді баспасөздері шыға бастаған.

Зерттеуші «Айқап» журналы патша үкіметінің саясатын насихаттайтын журнал емес, қазақтың мүддесін көздейтін, оның жоғын жоқтайтын журнал болды дейді.

Жазушы Дулат Исабеков «Айқап» журналы қазақтың алғашқы баспа көрген, ресми әрі кәсіби журналы болды деп біледі. Оның айтуынша, Айқап журналы арқылы қазақ алғаш рет баспа бетінде өз ойын айта білді.

Ал ақын Мырзан Кенжебай «Айқап» журналының қазақтың есінде қалуына оның алғашқы болып шығуы емес, қазақтың жоғын жоқтаған журнал болуы және қазаққа рухани азық бола білуі се-беп болғанын айтады. «Қазіргі кезде ондай басылымдар жоқтың қасы» дейді ақын.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет