Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет108/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)

1. О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы


2. «АЗиЯ», «Қыш кітабы» шығармалары


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

М. Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор, әдеби қызметкер, "Лениншіл жас" газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты.


1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. Қазір "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.
Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш. Айтматовпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.
Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының "Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық "Руханият", түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің "Шахрияр", ЮНЕСКО-ның "Боорукер" клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" сыйлығы берілген.
"Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.


Төрт ана

Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,


Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.
Әр адамда өз анасынан басқа да,
Ғұмырына етер мәңгі астана.
Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,
Болу керек құдіретті төрт ана:
ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,
ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,
ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,
Қадамына шуақ шашар үнемі
Және ТУҒАН ТАРИХЫ.
Еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасіретті болса да.
Құдірет жоқ төрт анаға тең келер
Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.
Өзге ананың ұлылығын танымас,
Төрт анасын менсінбеген пенделер.
Төрт анадан сенім таба алмаған
Тамырсыздың басы қайда калмаған?!
Төрт анасын сыйламаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,
Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   104   105   106   107   108   109   110   111   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет