Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы
Техникалық және орта кәсіби білім беру факультеті
Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ
Мамандығы: Фельдшер
Мейірбике ісі
Стамотология
Курс: І
Семестрі: ІІ
Құрастырған: Сарымсакова Ж.С.
ШЫМКЕНТ, 2012
Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді
«__ »____________
№ хаттама
«Бекітемін»
Кафедра меңгерушісі: Е.Қ.Сәлім
1-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы шығармалар
2. Сағат саны: 2 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту: оқушыларға ХХ ғасыр 20-30 жылдарындағы әдебиет өкілдерінен хабар беру. Осы кезең әдебиетіне шолу жасау, қай бағытта, қандай шығармалар жазылды, тақырыптары қандай болды, халық тұрмысын көрсететін шығармалармен танысып, талдау. Халық жанашырларымен танысу. Міржақыптың «Бақытсыз Жамал», Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу» сынды алғашқы романдар мен Ахаңдардың «Маса» атты жинақтарымен таныстыру, білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: қазақтың ақын- жазушыларын біліп, құрметтеуге, отансүйгіштікке, елін, жерін қадірлеуге, өзгеге қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Дамыту: шығармаға жан –жақты талдау жасау арқылы оқушылардың сөздік қорын байыту, дамыту, дүниетанымдарын кеңейту, қорытынды жасай білу, өз ойларын еркін, дұрыс жеткізе білуге дамыту.
Достарыңызбен бөлісу: |