Тақырыбы: «Жаса,Қазақстан!»
Мақсаты:
а) Оқушыларға патриоттық тәрбие беру.Өз елін, жерін, Отанын сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
б) Патриоттық әндерді орындау шеберлігін арттыру.
І- жүргізуші Шынарай:
Біз қазақ еліміз бастан не көрмеген. Намысын ешкімге қолынан бермеген. Тұс –тұстан анталап, көз сүзген жаулардан
Кең байтақ даласын қас қақпай қорғаған.
ІІ-жүргізуші Оразғали:
Төрінде жерімнің байрағым желбіреп,
Тұп –тұнық аспаным тұрады мөлдіреп.
Қазақтың тілері ата жол салтымен
Достасу, туысу әр елдің халқымен.
І- жүргізуші Шынарай:
Қонақжай халықпыз, жомартпыз, дарханбыз,
Келешек күндерге тәтті үміт артқанбыз.
Таныған жұмыр жер Алаштың баласын,
Қазақтың елі мен даңқты даласын
ІІ-жүргізуші Оразғали:Армысыздар, құрметті көрермен қауым, ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! «Жаса,Қазақстан!» атты патриоттық ән байқауын ашуға рұқсат етіңіздер!
І- жүргізуші Шынарай:
Қыран құсым көк аспанда самғасын
Желбіресін көк байрағым сан ғасыр
Жас сарбаздар, берік ұста туыңды
Жарқыратып туған елдің таңбасын
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы кіргізілсін
/Мемлекеттік Гимн орындалады/
ІІ-жүргізуші Оразғали: Енді әділ қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
Мектеп директоры К.Сүйінова
Оқу ісі жөнідегі меңгерушісі Т.Умбетқалиева
Мектеп психологы:Қ.Қарабалаева
Мектептің дене тәрбиесінің мұғалімі Т.Настагинов Тәлімгер:Н.Қуанышова
І- жүргізуші Шынарай:
Сайыс шарты бойынша байқау бірнеше түрден тұрады
А) Сахнада өзін-өзі ұстауы
Ә) Жанды дауыспен әнін орындау
Б) Сахнаға арналған киім үлгісі
Байқауға әннің орындалу шеберлігі ескеріледі және ұпайы бірден хабарланады.
Бас жүлде,І, ІІ, ІІІ орын белгіленеді.
ІІ-жүргізуші Оразғали:
Бір мен үшін сенен басқа жер жоқ.
Жер бетінде сенен басқа ел жоқ.
Арманым, тағдырым - қазақ жерім
Әнұраным, туым, қазақ елім..
1 сынып оқушысы Габдулова Аяулымның орындауында «Қазақ елі» әнін қабыл алыңыздар.
І- жүргізуші Шынарай:
Отаным менің кең байтақ Қазақстан
Аман өткен талай дүлей азаптан.
Бар әлемді өз аузына қаратқан,
Кім бар қане артық дейтін қазақтан?!
2 сынып оқушысы Аяжан Дамирқызының орындауында «Ағайынбыз бәріміз» әнін ұсынамыз.
ІІ-жүргізуші Оразғали:
Сен неткен Отан - Анам, ғажап едің,
Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.
Болашақ ұрпағының бақыты үшін,
Жайнай бер, Ұлы Отан – Қазақ елім?
3 сынып оқушысы Шамарданов Рустамның орындауында «Менің Отаным» әнін қабыл алыңыздар.
І- жүргізуші Шынарай:
Туған елім – гүл елім, Қасиетіңді білемін. Өзіңе деп жүремін – Лүпілдеген жүрегім!
4 сынып оқушысы Махмутова Дильназдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ-жүргізуші Оразғали: Армысың ата-қоныс, атамекен,
Киелі қасиетті туған өлкем
Саған деген сезімім, сағынышым,
Жыр болып төгіледі жүрегімнен.
5 сынып оқушысы Қажымұханова Радмиланың орындауында «Ақ көгершін» әнін ұсынамыз
І- жүргізуші Шынарай:
Туған елім, өзіңнің, Жазираңды кездірдің. Жайма –шуақ кезімнің, Рахатын сездірдің!
6 сынып оқушысы Өмірзақова Гүлназдың орындауында «Туған жер» әнін қабыл алыңыздар.
ІІ-жүргізуші Оразғали:
Көк байрағым желбірейді елімде,
Қалықтасын қыран құсы көгімде.
Ашық аспан бейбітшілік бейнесі,
Әуелесін Қазақстан жерінде
Ән «Көк тудың желбірегені» орындайтын 7 сынып оқушысы Дүйсенбаев Равиль
І- жүргізуші Шынарай:
Кең байтақ, көз жетпейтін жерім менің
Таулы орман , жасыл жайлау, көлім менің
Бүгінде бар әлемге даңқың жетті
Тәуелсіз Қазақстан –елім менің 8 сынып оқушысы Қошқарова Роксананың орындауында «Қазақ елі осындай» әнін ұсынамыз.
ІІ-жүргізуші Оразғали: Ел болдың ерік алдың астаналы
Енді кімнен қазағым, жасқанады
Тәуелсіз мемлекеттің шежіресі
Нұрсұлтанның атымен басталады.
9 сынып оқушылары Құсайынов Әділбек және Адебиетов Нұрбектің орындауларында «Нұр аға» әнін қабыл алыңыздар.
І- жүргізуші Шынарай:
Қазақта жоқ бір ауыз ән салмаған,
Қай қазақта әншісін қарсы алмаған.
Жанболаттай жас жігіт ән шырқаса,
Жан бар ма екен қызығып, тамсанбаған.
Ән «Қазақ елі» орындайтын 10 сынып оқушысы Мөшекбаев Жанболат
ІІ-жүргізуші Оразғали: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен –
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отан дейміз кең – байтақ астананы,
Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,
Ол бірақ өз үйіңнен басталады.
11 сынып оқушысы Әділет Өмірзақұлының орындауында «Отан ана» әнін қабыл алыңыздар .
І- жүргізуші Шынарай:
Осымен байқауымыз тәмамдалды.Сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз.
ІІ-жүргізуші Оразғали:
Қазақстан күннен – күнге өркендеп, гүлденуде. Біз осындай елде туғанымызға бақыттымыз. Жаса, Қазақстаным! Осымен «Жаса,Қазақстан!» атты патриоттық әндер байқауы аяқталды.Назар салып тыңдағандарыңызға көп-көп рахмет!
І- жүргізуші Шынарай:
Келесі кездескенше қош сау болыңыздар!
Достарыңызбен бөлісу: |