«Көк байрағым» республикалық байқауын қашықтан өткізу ережелері
1. Жалпы ережелер
1. «Көк байрағым» республикалық байқауын (бұдан әрі – Байқау) қашықтан ұйымдастыру ережелері оның мақсатын, міндеттерін мен өткізу тәртібін анықтайды.
2. Мақсаты: білім алушылардың патриоттық сезімін, мемлекеттік рәміздерге құрмет етуін тәрбиелеу, ұлттық сана-сезімін дамыту, сөйлеу дамуын арттыру және көркем сөзге деген қызығушылықты қалыптастыру, поэтикалық сөздің сұлулығы мен мәнерлілігін сезіну қабілетін дамыту, үздік оқырмандарды, көркем-эстетикалық шығармашылық саласындағы дарынды балаларды анықтау.
3. Міндеттері:
1) өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
2) білім алушылардың балалар көркемдік-эстетикалық шығармашылығын дамыту;
3) көркем-поэтикалық сөз арқылы мәнерлі сөйлеуді қалыптастыру;
4) білім алушылардың шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау;
5) білім алушылардың шығармашылығында стиль мен үйлесімділік сезімін қалыптастыру.
4. Байқауды Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы өткізеді.
5. Байқау ұйымдастырушылары қазылар алқасы мен ұйымдастыру комитетінің құрамын қалыптастырады.
2. Байқауды өткізу мерзімі мен тәртібі
6. Байқау 2024 жылғы 6 қыркүйек – 23 қазан аралығында өткізіледі.
7. Байқауға қатысу үшін әр қатысушы 2024 жылғы 11 қазанға дейін (қабылдаудың соңғы күні 11 қазан, сағат 18.00) sotsped21@bk.ru электронды поштасына келесі құжаттарды (бірге) жіберу қажет:
1) қосымшаға сәйкес форма бойынша өтінім;
2) электрондық түрдегі байқау жұмысы (бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнері);
3) # КӨКБАЙРАҒЫМ2024 хэштегімен TikTok әлеуметтік желісінде орналастырылған бейнематериалға сілтеме (әдеби шығармашылық).
8. 2024 жылы 11 қазаннаң сағат 18:00-ден кешіктірілген, сондай-ақ оларға қойылатын талаптар бұзылған байқау жұмыстары қаралмайды.
9. Байқау қорытындылары, жеңімпаздардың дипломдары, қатысушылардың сертификаттары https://www.ziyatker.org/ сайтында 2024 жылғы 23 қазанда орналастырылатын болады.
10. Ұйымдастырушы Байқауды өткізу мерзімін ұзартуға құқылы. Ұйымдастырушы әлеуетті қатысушыларды Байқаудың қорытындыларын орналастыру мерзімінің өзгеруі туралы www.ziyatker.org сайтында хабардар етеді.
11. Байқауға ұсынылған жұмыстар қайтарылмайды. Байқауды ұйымдастырушылар байқау материалдарын авторды көрсете отырып, әлеуметтік желілерде жариялауға құқылы.
12. Байқау ақылы өткізіледі.
Байқауға қатысу үшін 1000 (мың) теңге төлемақы төленеді. Төлемақы:
Достарыңызбен бөлісу: |