Патриоттық тәрбие бойынша 9 «А» сыныбымен I жарты жылдықта
өткізілген іс- шаралар туралы есеп /2018-2019 оқу жылы/
Мектебіміздегі жоспарланған 8 бағыттың бірі,әрі негізгісі саналатын –патриоттық тәрбие, яғни оқушылардың бойына патриоттық сана - сезімдерді қалыптастыру, туған жерге деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімін ояту, рәміздерге деген құрметке тәрбиелеу,оны қадірлеу болып табылады.
Осы бағытта келесі тәрбие сағаттары жоспарланған мерзімінде өткізілді.Барлық сыныптарда Білім күніне арналған алғашқы сабақ «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбы аясында «Рухы биік,арманы асқақ-Қазақ елі!» атты тәрбие сағаты өткізілді. Тақырыпқа байланысты түрлі суреттер,қанатты сөздер, түсті шарлармен безендіріліп слайдпен ұсынылды.Сабаққа педагог-ұйымдастырушы Насилина Гүлмира қатысты. Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында болып жатқан игі істері жайында баяндалды.Сонымен қатар оқушыларға қазіргі жастардың бойында патриотизмді көре аламыз ба?,-деген сауалдар қойылып,оқушылар өз ойларымен бөлісті. Сабақ «өте жақсы» деңгейде өткізілді.Туған елді,жерді насихаттау,құрметтеу мақсатында туған ауылдың көрінісіне байланысты суреттер ілінді. Елбасымыздың туған күніне орай 1-желтоқсан күні «Елбасыммен мақтанамын!» атты ашық тәрбие сағаты өткізілді.Көрмеге Елбасымыздың еңбектері-кітаптары қойылды. Онда елбасымыздың осы уақытқа дейінгі жеткен жетістіктеріне баға берілді.Елбасымыз жайында түсірілген бейнебаян көрсетілді.Сонымен қатар әр жыл сайынғы жолдау,еңбектері жайында оқушылар білетіндерін ортаға салды. Елбасымыздың болашақ ұрпаққа, жастарға көрсетіп жатқан жарқын істеріне сүйсініп, оны мақтанышпен айтатындарын жеткізді.
Жалпы құқықты да мен патриотизмге жатқызамын.Себебі,нағыз өз елінің шынайы патриоты болған адам ғана түрлі әрекеттерге,соның ішінде жемқорлыққа байланысты істерге бармайтыны анық.Осы тақырыпта да «Жемқорлыққа жол жоқ! атты сынып сағатын өткіздік.
Жемқорлықтың да адамның қанағатсыздығынан пайда болатыны жайында сөз қозғалды.Сонымен қатар оқушылар жемқорлық фактісі көбінесе чиновниктер тарапынан болатыны, басшылардың жұмысқа алуда өз қызметін асыра қолдануында осы жайттардың көп кездесетіні жайында өз ойларымен бөлісті.
Жемқорлық жайында бейнебаяннан кейін оқушы Насилина Айгерімнің осы мәселе төңірегінде өз ойымен таныстырып жатқан сәтінен көрініс.
16-желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған /көріністі/патриоттық әндер байқауында Кеңес Дүйсекеевтің «Туған жер» атты өлеңін шырқап, 3-орынды иелендік. Ән,көрініс тақырыпқа сай. Оқушылар тегіс ұлттық киіммен шықты,бір кемшілік дауыстың қойылмауы, яғни минуспен айтылуы болды.Барлық сыныпта да осы кемшіліктер орын алды. Келесіде осындай кемшіліктерге жол бермеуге тырысамыз.
«Тәуелсіздік-тұғырым!» атты тәрбие сағатын өткіздік.Бабалар аңсаған Тәуелсіздік білектің күшімен,найзаның ұшымен,желтоқсандықтардың
қанымен келгені жайында айтып өттім.Тәуелсіздік сөзінің астарында терең
тарих жатқаны аян.Өз Отаны үшін жанын аямаған жастарды неге патриот атамасқа?Әр адам осындай қадамға бара бермейтіні айтылды.
-Сенің Отаныңа берер үлесің қандай болмақ?-деген сұрақ қойылды.
Оқушылар осы сауал төңірегінде жақсы оқу мен озат тәртіппен өз үлестерін қоса алатындарын айтты.
Сынып жетекшісі: Ержанова Б.Н.
Достарыңызбен бөлісу: |