Бейнелеу өнері, сәндік-қолданбалы өнері - (gif, jpg, png форматында) – сканерленген (разрядтылығы 300 dpi кем емес) немесе суретке түсірілген (фото өлшемі кемінде 1200 х 900 пиксель болуы керек). Фотосурет жақсы сапада (жарықтандыру, айқындық) ұсынылуы керек. Түстер мен бөлшектерді дәлірек шығару және жұмыста оптикалық бұрмаланулардың болмауы үшін 300 dpi рұқсатымен сызбаларды сканерлеген жөн. Word мәтіндік редакторына жұмысыңыздың фотосуретін қоюдың қажеті жоқ. Суреттің алдыңғы жағында, төменгі оң жақ бұрышта баланың аты-жөні, жұмыстың атауы, номинациясы, жасы, облысы, ауданы, мектебі, жетекшісінің Т.А.Ә. көрсетілген жапсырманы орналастыру қажет.
Әдеби шығармашылық - роликтің уақыты - кемінде 3 минут, кадрдың арақатынасы - 16: 9; сапасы - HD, Full HD; форматы - MP4. Шығарманың атауын және авторын, баланың Т.А.Ә., жасын, облысын, ауданын, мектебін, педагог-басшының Т. А. Ә. міндетті түрде көрсетіңіз. Бейнежазба 2024 жылғы 11 қазанның сағат 18.00-ден кешіктірілмей жариялануы тиіс.
16. Байқау жұмыстарын бағалау өлшемдері:
- байқау жұмысын орындаудағы дербестік дәрежесі;
- байқау жұмысы байқау тақырыбына және қатысушының жасына сәйкестігі;
- байқау жұмысының көркемдік деңгейі мен эстетикасы;
- байқау жұмысының өзіндік ерекшелігі;
- өлеңнің мағыналық және композициялық тұтастығы; стилистикалық және тілдік сауаттылық; ритақты үйлесімділік (өлшем, ырғақ, әуезділік);
- көркемдік деңгейі, шеберлігі және орындау сапасы;
- материалды ашуға шығармашылық көзқарас және оның жұмыстағы көріністер мәнерлілігі.
17. Байқауға жұмысты ұсына отырып, әрбір қатысушы байқау жұмысының құқық иесі болып табылатынына кепілдік береді және үшінші тұлғалардың авторлық құқықтарын бұзбайтынын растайды.
18. Интернет желісінен бөгде адамдардың материалдарын пайдалануға үзілді-кесілді тыйым салынады. Байқау жұмыстары бұрын бірде-бір сайтта жарияланбаған болуы тиіс.
4. Байқау қорытындысын шығару және жеңімпаздарды марапаттау
20. Байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтайды. Байқау жұмыстары жас санаттары бойынша бағаланады.
21. Байқау жеңімпаздары I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады, жеңімпаздардың жетекшілері – алғыс хаттармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталады.
Дипломдар, сертификаттар, алғыс хаттардың электронды нұсқалары www.ziyatker.org сайтында орналастырылады.
22. Анықтама телефоны: 8 (7172) 64 75 93.
Ережеге қосымша
Қашықтан өткізілетін «Көк байрағым» республикалық байқауына қатысуға өтінім
Қатысушының аты-жөні, жасы
|
Облыс, аудан, қала (ауыл),
үй мекенжайы, ұялы телефоны, эл. пошта
|
Номинациясы
|
Білім беру ұйымы (атауы)
|
Педаг-жетекшінің
Т.А.Ә., ұялы телефоны
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Достарыңызбен бөлісу: |