Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет76/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)



  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Ә.Нұрпейісовтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Курляндия», «Қан мен тер» романдары


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Мұқағали Мақатаев «Қазақ жері», «Үш бақытым»

Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың бірі Мұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді.


Балалық шағы соғыспен тұспа-тұс келген Мұқағали өлеңді он-он бір жасынан жаза бастайды. Алғашқы өлеңдері аудандық газетте жарық көрген Мұқағали шығармалары 1960-1970 жылдары үздіксіз басылады, бұл жылдарды ақынның қазақ поэзиясының биік шыңына көтерілген уақыты деп санауға болады.
Шет тілдері институтында оқыған. Қазақ радиосында, «Қазақ әдебиеті» газетінде, «Жұлдыз» журналында қызмет істеген. Ең алғашқы кітабы «Ильич» поэмасы 1964 жылы жарық көрді.
Ақын тұрмыс тауқыметін тарта жүріп, әпербақан сынға ұшырағанда да "Ақынның ақындығы атақта емес, арда ғана" деген байламды берік ұстап, шен-шекпенге де, лауазым-атаққа да қызықпаған.
М.Мақатаев қаламынан "Қарлығашым, келдің бе?", "Дариға жүрек", "Аққулар ұйықтағанда", "Шуағым менің", "Өмір-дастан" т.б. жыр жинақтары туған. Қырық бес жасында қайтыс болған соң, Мұқағалидың екінші өмірі - өлмес ғұмыры басталды. Ақынның артында қалған мол мұрасы: "Соғады жүрек", "Шолпан", "Жырлайды жүрек", "Өмір-өзен" т.б. жыр кітаптары, "Қош, махаббат!" атты прозалық кітабы оқырманның қолдан-қолға түспей, іздеп жүріп оқитын шығармаларына айналды.
Өмірді сүюдің ғажайып үлгісін көрсеткен ақын Мұқағали "Жан азасы" (реквием) поэмасында өмір туралы әнұранын туғызды. "Аққулар ұйықтағанда" поэмасында ел наным-сенімін қастерлеу, сұлулық үндестігін жыр етсе, "Райымбек, Райымбек!" дастанында ел тарихын, ел басына қатер төнгенде қолына ту алып, жауына қарсы аттанған Райымбек Хангелдіұлының ерлігін суреттейді.
М.Мақатаев поэзиясы жұмыр жердің барлық мәселесіне араласкан, кең, ауқымды тақырыпты қамтиды. Оның туған жер, адамдар тағдыры, өмір мен өлім, ана мен бала, ақын мен ақындық, соғыс тауқыметі т.б. тақырыптағы лирикасы қайталанбас ұлттық
сипатта, ұлттық зермен кестеленген.
Ақын мұрасы сан салалы, алуан қырлы. Жалынды жырдың құдіретін танытатын арна қашанда шулы, дүбірлі замана ағымы бәріміздің көкірегімізді тілгілейтін тынымсыз сезім әлемі. Ақын поэзиясы ақ пейіл азаматтың жұртымен «бір тонның ішкі бауындай» ауыз бірлігі ғана емес, мұң – зарының да ортақ екенін еселей қайталап, есімізге салғандай. Шалғайда жатқан қауым сізге етбауыр туыстай жақын, көптен сыр мінез, сыйлас жандар тәрізді.
Әсіресе әлемге әділет рухын сепкен таланттар тағдыры қашанда еншілес, мұрат-мүддесі ортақ, өйткені, олар жер бетіндегі ақиқат үстемдігі үшін нәзік жүрегінен жыр төгеді, бір сезіммен тыныстайды. Ия, егіздің сыңарындай ақ ниетті жандарды бөліп тастар тасбауыр күш табылмас. Мұқағалидың «Чили, шуағым менің» поэмасы тағдырлас жандар сезімін асыл ойдың айдынында сараптап, тұтас тұлғаға айналдырады. Жалынды Пабло Неруданың бейнесі қатал уақыт қыспағына түскен жанның сырын шертеді. Ол қып-қызыл өрт ішінде өртеніп емес, шомылып тұрғандай. Халық деп соққан ғазиз жүрегінің отымен алаулап барады. Қиналыс шексіз болса да, қатыгез тағдырға мойынсұна алмайды. Ақын кескінінде кею жоқ, еңсесін биік ұстатқан – оның азаматтық ары, парасат жігері.
Ақын салған өрнекті жырды жаңғырта оқыған сайын Чилидің адал перзенті Пабло Неруданың азаматтық бейнесі көз алдыңыздан кетпейді – нар кеуделі ақын Мұқағалиды да қатар көріп тұрғандаймыз.
Жыр қос ағындала тереңдеп, айдыны кеңіп, нөсерге айналады. Енді ақын – Отанын жаяу кезіп, ақ бесікте жебеп жұбатады. Бұлтсыз күні атылған «найзағайдың» астында иілместен шалқып, тасып жыр оқып тұр. Бақыт – халқының қаймағы шайқалмаған дәурені. Жеке бастың желігі, өзіндік күйкі тіршіліктің құлы болып жүз жыл өмір сүргеннен, жан ұшыра ерлік істеген жалғыз сәттік азалы өлім әлдеқайда ардақты.
Жоқ, айта көрмеңіз. Неруда әлі тірі, ол жалынды жырын мұзбалақ қырандай саңқылдаған қазбауыр бұлттың астында оқып тұр. Айырмашылығы – бұрын өз елінің тағдырын егіле сөз етсе, енді бүкіл әлемге адалдық пен адамзат баласының мәңгі бақыты жайлы сыр шерткен дауысы жан-жүйеңді босатқандай.
Саулығын Паблоның біліп қайт деп,
Ақындық рухымды аттандырғам.
Ақындық рух – азаматтық үлкен түйсік. Егер М.Мақатаев өзі күйзелгендей күй кешпесе, бойында қуатты сезім болмаса, осынша тоғанып, ақ жүрегімен ақтарыла алар ма еді?! Адамзат баласын өз бауырындай сезінбейінше, бүкіл дүниежүзілік уақиғаға үн қосуың мүмкін емес қой. Оқушы сезімін баурап алып, өмірге жасын жыр әкелген ақын Мұқағалидың құдіреті – осы ағынан жарыла ақтарылар табиғатынан, қашанда адамымен де, заманымен де сырлас, мұңдас болуынан. Ақын көңілінде иненің жасуындай сыр қалдырмай, жырын табиғаттың өзіндей ақтара өрнектейді.
«Реквием», «Чили, шуағым менің» тәрізді асқақ жырында Мұқағали халқына еңбек еткен ақын рухы мәңгі жасайды деп көкірегінде күн боп туған мақсатын әйгілеген. Ақын сөзі – ақын жүрегі. Жүрегін алақанына салып отырып ақтарған сыры. «Чили, шуағым менің» поэмасын оқығанда, бір ғажабы – Қасым Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыздың» қобыз сарыны құлағымыздан кетпейді.
Дариға-жүрек қашанда замана сырын шертеді, өмір-тарихты сарапқа салады. Мұқағали әйгілі «Ару - ана» поэмасында адамды туған заманымен қоса өрімдеп, іштей байланыстыра, қатар тарта бейнелейді. Күрделі өмірден күрделі сыр шертеді. Адам өмірінің бел-белесі, сан алуан өзгерісі – қоғам құбылысы поэмада жіті аңғарылып, рухани ойға бай мәнді қорытынды жасалынды. Ақын ағынан жарылады. «Жатқанның жанын, жаяудың таяғын алған» замана зар еңіреткен Құрбан енді аяулы Отаны үшін соғыста жанын берді.
Ақын мұрасында асыл жырлар теңіз толқынындай сапырылысып жатыр. Мұқағалидың барлық жыры ақаусыз болмас, бірақ жыл құсындай төрт тағандап көгілдір жолдары көмкерген тылсым ойлар бәрінен де табылады. М.Мақатав – ұрпақтар легін, өмірдег сол адамдардың орнын тебірене-толғана өлмес өлеңге айналдырған ақын.
Ол адамның дүниеге босқа келіп, босқа кетпеуі үшін ұрпақ өсіру, ізгі істер атқару – қуанышы да, қызығы да мол өмір сүруін, сол ұрпағы арқылы адамзаттың игілікті мақсатын жалғастыруды мұрат тұтуы керектігін жақсы түсінген.
Ет жүректі пенденің өкініші аз болған ба? Кешегі сағым кешкен сары дала, от жалында құлындаған, дауысы шыға жар салған лирикалық кейіпкердің бүгінгі биігінен өткенге ой жүгірткен тебіренісі қандай терең, ой көзі қандай өткір!
М.Мақатаев ішкі иірімінің терң түкпірінен шымырлата сүзіп, шара толы ойнақы, отты өлең жолын мөлдірете ұсынады. Шумақтағы дыбыс бірін-бірі демей қозғап, жыр табиғатына әдемі әуен, ырғақты үндестік беріп тұр. Ақын сөзі жүрегің арқылы барлық қантамырыңды қуалап, сұлулық симфониясын шертеді.

Тысқа шықсам,


Күн шыңылтыр, қар жауған,
Ызғар, аяз атырылып бар маңнан.
Асып анау асқар-асқар таулардан,
Қыс жетіпті тонын теріс аударған.

Ақын жырының ішкі байланысы құйып қойғандай жарасымды да ажарлы, үйлесімді, тосын да әсерлі бейне кесек оймен келісім тауып жатады. Қыстың қаһарлы келбеті қаз қалпында кестеленгенімен қатар, арқаңызды қарып түсер аязды сезінбейсіз де. Адам мен табиғат арасынан желі тартып, жақындастырған.


Ақынның артында мол мұра қалды. 1976 жылы 26 наурызда бұрын еш жерде жарияланбаған бір топ өлеңін жастар газеті Ә.Тәжібаевтың мақаласымен басты. Аға ақын М.Мақатаевтың:

Жазылар естеліктер мен туралы,


Біреулер жан еді дер ер тұлғалы.
Біреулер тұлпар еді дер де мүмкін,
Бүтінделмей кеткен бір ер-тұрианы.
Жазылар естеліктер нешелеген,
Көреміз бәрін оның пешенеден.
Әйтеуір, білетінім бір-ақ нәрсе,
Көшеді өлең немесе өшеді өлең, -

деген жолдарға талдау жасай келіп: «Айдай анық ақиқат та осы. Мақатаев атты ақынның жарқын жүзіне миллион адам миллион түрлі пікір пайымдаса да, желмен желпіп қаншама жылдар өтсе де, ешбір көлеңке түспей, келешекке қарай келісті керуен түзеп көше бермек».


М.Мақатаев жыры – парасат жыры. Қазақ поэзиясында ежелден кәдеге айналған дәстүр болғанымен, бұл – қоры тауысуға келмейтін ортақ еншімізге айналған қымбат мұра.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет