Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ



бет96/126
Дата05.02.2022
өлшемі2,14 Mb.
#11408
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126
8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Т. Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
2. «Қайта оралды тырналар», «Түскиіз» т.б. өлеңдері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)


Қабдеш Жұмаділов «Соңғы көш» трилогиясы

Қабдеш Жұмаділов 1936 жылы 24 сәуірде Шыңжаң өлкесінің Тарбағатай аймағы, Малдыбай ауылында дүниеге келген. Ауылда бастауыш білім алып, кейін Шәуешек гимназиясын бітіреді. 1956 жылы Қытай үкіметінің жолдамасымен Алматыға келіп, Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетіне оқуға түсті. Алайда университеттің екінші курсынан кейін екі ел арасындағы саяси жағдайға байланысты кері шақырылып, 1958-1962 жылдар аралығындағы Қытайда қуғын-сүргінге ұшырады. 1962 жылы империя шекарасын бұзып өткен қазақ көшімен бірге атамекенге қайтып оралып, ҚазМУ-дегі аяқталмай калған оқуын қайта жалғап, 1965 жылы бітіріп шықты. "Қазақ әдебиеті" газетінде (1965-1967), "Жазушы" баспасында (1967-1976), Мемлекеттік баспалар комитетінде (1976-1981) жауапты қызметтер атқарды. 1981 жылдан бірыңғай шығармашылық жұмыстар атқарады.


Жазушының әдеби қызметі Шәуешек гимназиясында оқып жүргенде басталған. Алғашқы өлең, әңгімелері Шыңжаң өлкесіндегі 1954 жылы «Шыңжаң» газеті мен «Шұғыла» журналында жарық көрді. "Жамал" атты тырнақалды әңгімесі 1956 жылы "Шұғыла" журналында жарық көрді.
Жастық шақта жазылған өлеңдері 1967 жылы "Жас дәурен" деген атпен жеке жинақ болып шықты. Осыдан кейін жазушы бірыңғай проза жазуға ойысқан. "Қаздар қайтып барады" атты алғашқы әңгімелер жинағы 1968 жылы, "Көкейкесті" романы 1969 жылы жарық көрді. Содан бері жазушы қаламынан көптеген әңгіме, хикаяттар, он шақты роман туды. Романдарының дені тарихи тақырыпқа арналған. Оның екі кітаптан тұратын "Соңғы көш" (1974-1981), "Атамекен" (1985), "Тағдыр" (1988) романдары Шыңжаң қазақтарының өмірінен жазылған. "Соңғы көш" дилогиясына 1983 жылы М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық, "Тағдыр" романына 1990 жылы Абай атындағы Мемлекеттік сыйлық берілді.
Қос томды "Дарабоз" (1996) романы тарихи тақырыпқа, "Саржайлау", "Сөйгүліктер", "Бір қапаның тұрғындары", "Бір түп тораңғы" атты шығармалары бүгінгі заман тақырыбына арналса, "Қылкөпір" романы (2003) мен соңғы жылдары жазылған бір топ әңгімелерінде тәуелсіздіктен кейінгі өтпелі дәуір шындығы көрініс тапқан. Жазушы "Таңғажайып дүние" атты ғұмырнамалық романында (1999) өзі өмір сүрген орта мен замандастары жайында сыр шертеді.
"Көкейкесті", "Соңғы көш", "Атамекен" романдары мен хикаяттар топтамасы орыс тіліне аударылып басылған. Жекелеген әңгіме, хикаяттары қырғыз, өзбек, ұйғыр, украин, белорус, грузин тілдерінде, "Соңғы көш" романы түрік тілінде жарық көрді. Бүгінге дейін отызға тарта кітабы шықты. Негізгі еңбектері 2003-2004 жылдары "Қазығұрт" баспасынан шыққан "Он екі томдық" шығармалар жинағына топтастырылған.
Қ.Жұмаділовтің «Соңғы көш» романында Шығыс Түркістан халқының тарихындағы ең бір аласапыран, алмағайып кезеңнің шындығы суреттелген. Кейіпкерлерге тілдік мінездеме, даралық сипат беруге қабілетті екенін автор шығарманың бастапқы тұсында-ақ байқатады. Кең ойлайтын Қанағат би, көрші ауылдан зәбір көріп көшкен, аз атадан шыққан тапқыр тілді Төлеубай, күлдіргі күйеу Ұзақ бейнелері олардың сөз саптауларынан – ақ саралан түседі. Мәселен, Төлеубай Қанағат биге өзінің қоныс аудару себебін былайша түсіндіреді: «Көрінген жерге күл төге берген жақсылық емес. Бірақ мен де қайбір жетіскеннен көшіп жүр дейсің. Басқа түскен пәледен қоян құсап қашып құтылатын халықпыз ғой ежелден... тіршіліктің түбіне жетем деп жүргенде өзімнің зауал шағыма жетіппін. Өлсем де орнықты жерге барып өлейін деген оймен кәрі кеудемді сүйретіп қасыңа келіп отырмын, қарағым », - дейді.
Асылы Қ.Жұмаділов жеке көріністер арқылы салдарлы,жалпы мәні бар құбылыстарды аңғартуға ұста. Аталас екі ру Қараменде мен Жұмық тоғыс арасындағы жанжал сахарада бейғам отырған елді дүрбелеңге салады. Осы тұста бірталай мінездер байқалады. Сондай-ақ, қала маңында емханаға дайындалып жүрген Жолбарыс пен Естайдың өзара сөздерінен көп нәрсе аңғарылып қалады. Шығыс Түркістан елінің бұдан былай тәуелсіздіктен айырылатыны екі жасқа да жат шешімдей естіледі. Әсіресе, Шығыс Түркістанның азаттық үшін айқасына тікелей араласқан Жолбарысқа бұл хабар ауыр тиеді. Ол Естай досына жүрекжарды арманын, өкінішін ашып айтады.
Шығармада аса мәнді оқиға – Шығыс Түркістан халықтарының өміріндегі үлкен бір кезең, олардың Қытай халық республикасы құрамына қамтылуы, бұның жүзеге асырылуы жолдары, түрлі қайшылықтар, армандар, байланыстар, тағдырлар тізбегі көрсетілген. Романның айтпақ аңсары мен көрсетпек қаһармандары көп болуы осыған байланысты. Шәуешекке Қытай Халық Армиясының келуі жергілікті халықтың бұған дейінгі өмір қалпын енді қайта оралмайтынының ұқтырады. Өзара дауласып, шаһарға шапқыласып келген Төрт ауылдың екі рулы ел адамдары да мына өзгерісті айтпай сезіп, аласапыран, үкімет ауысып жатқан кезде дауларын тыңдатарға кісі таппай, ақыры мәмлеге келіп тынады. Олардың ауыл арасындағы шағын дауы мынадай тосын, тоғысу таласында тым елеусіз екені рас еді.
Романның екінші тарауында кейбір тұлғалар тереңдей түседі. Нұрбектердің сонау бір қиын жылдарда Қытайға ауып келу, жолда азап көру оқиғасы әңгімеленеді. Бұл тұста да Қанағат бидің торыққандар мен тарыққандарға қамқорлық істері айтылады. Ауылдағы күнделікті өмір көріністері, Ұзақтың күлкілі мінездері келтіріледі. Қытайдың Шығыс Түркістанды жаулап алу тарихынан да мағлұматтар бар. Автордың суреттеп отырған ел өмірі мен салт-санасын білетіндігі әрдайым байқалады.
Шығарманың бұдан былайғы өрістеуі автордың дала өмірін кезектестіріп көрсету мақсатына орай. Тарбағатай елінің жаз жайлау суреттері үлкен сүйіспеншілікпен берілген. Қаладан қайтқан Естай, Жолбарыстар көштің, меймандостықтың, жайлаудың, алтыбақанның қызығын көреді, іңкәрлік сезімдеріне қорек іздейді. Кейіпкерлер мінез сыналар күрделі тартысқа кездеспейді, бейбіт өмірдің алаңсыз көріністері, жайлап аққан өзеннің тыныш қозғалысы секілді тіршілік таныстырылады. Ұзақтың бақсы туралы айтқан әңгімесі тұсында шығармаға жүрдек серпін бітеді. Бұл тұста Нұрбектің бақсының өтірік айласын әшкерелеген бір әрекеті ғана еске алынған. Естай мен Дүрия, Жолбарыс пен Зина араларындағы сырласулар кең баяндалған.
Дала қазағы осындай жайбарақат тіршілік кешіп жатқанда, аймақ орталығында күшті өзгерістер жоспарланып қояды. Оның жүргізушісі саяси басқарманың бастығы Лан-ке болады. Ол аймақтың партия комитетінің хатшысы, коммунистік идеялар үшін адал күрескер болуды көздейтін, бірақ иі жұмсақ Ли-хұнды айтқанына көндіріп, шұғыл шараларға кіріседі. Күні кеше азаттық күресіне қатысқандардың қаруын жинап алу, гоминданға қарсы соғыстың ерлерін жинап, суретке түсіріп, өмірбаяндарын тигізу секілді астары көрініп тұрған әрекеттер күн тәртібіне қойылады. Бұл, әрине, үлкен мәні бар, езілген ұлттар тағдырына тікелей қатысты оқиға. Жергілікті ұлттардың сеніміне ие болу, оларды бірте-бірте жалпы қытайлық саясат деңгейіне тарту жолын ұстайтын Ли-хұндар аз елдерге онша мәймөңкелеуді жаратпайтын, күштілігін іркіп тұрмайтын шовинист Лан-келердің озбырлық қиянатын тоқтата алмайды. Сонымен, Тарбағатай елінде өте тосын істер жүргізілгенін, төрт-бес жыл бұрын ғана гоминданды қуған қарудың жиылып алына бастағанын көреміз. Бұл –халыққа оңай түсіндіре алмастықтай, қалай сыпайыласаң да,түбі аңғарылып тұрған шешім еді.Жұртшылықтың бұл саясатты қинала қабылдап,амалсыз көнгені нанымды сипатталған.Коммунистерге шындап іш тартатын Нұрбек те,бай Жасыбай да,батыр Нартай да мұндай сезімді бастан кешіреді.Нұрбектер Қытайдың жаңа басшылығының адалдығына иланып,іске кірісіп те кетеді,жомарт мінезді Жақсыбай барлық малын беруге де ризашылық білдіреді.Бірақ өмір қалпының күрт өзгеруі отаншыл азаматтарға жаңа басшылықтың түптің түбінде салқын қарайтындығының тықыры таянғаны Нартай сынды хас батырларға күрт әсер етеді.Ол «әліптің артын бақпай »,өр Алтайдағы Оспан батырдың тәуелсіз жасағына тартып отырады.
Романда бірнеше кейіпкердің келбеті мейлінше анық және тың болып елестейді.Шығыс Түркістанның бүкіл-қытайлық құрамға қосылуы,бұл елде социалистік өзгерістер жүргізу шаралары қат-қабат қайшылықтар туғызады.Пайдакүнем,арамза күштер,өмір бойы еңбекшіні сорып келгендер жаңа тәртіпке жедел икемделіп,адал адамдардың сорын қайната бастайды.Бұрын Кеңес елінен қашып кеткен,Шығыс Түркістанда дүрілдеп бай болған Нұғыман енді Шәуешек аймағындағы саяси басқарманың жансызына айналады,жаңа үкіметтің сеніміне кіреді. Міне, осы сайсағынан қаны сорғалаған мүттәйім ары таза, намысты, қайратты жандардың жендетіне айналады. Ол өзім деп имандай сеніп жүрген аңғал батыр Нартайды ұстап береді. Осы мысалдың өзі-ақ Қытай революциясының ішкі қайшылықтарының хабар бергендей. Аймақтың басшылық ісін өз қолына алған Лан-ке сөз жүзінде «халықтар достығы», «социализм» дегенімен, шынтуайттап келгенде, нағыз шовинистік астам қатал саясат жүргізеді. Отаншылдық сезімі мен ісі байқалған адамдар шеттетіліп, Нұғыман бай, оның күйеу баласы Ермек, бұрынғы саудагер Шөншік, мансапқор Хамитов сияқтылар өрге жүзген кездің көп нақтылы көріністері романда кестелі тілмен сенімді суреттелген. Әсіресе, Нұғыман, Лан-ке тұлғалары қапысыз, шебер жасалған. Шығарманың өн бойында елес беріп отыратын Қанағат, Ұзақ бейнелері де көрнекті көркемдік жинақтаулар.
Сонымен, «Соңғы көш» романы өте мәнді тақырыпқа, Шығыс Түркістан елінің басындағы жолайрық, тарихи белес оқиғаларға, халықтың тағдырына өшпес із қалдырған шындыққа құрылған. өзімізге көрші отырған, әлеуметтік, ұлттық кіріптарлықтың неше түрін көріп жүрген қазақтардың өмірінің мағлұмат беретін еңбектерді жоққа тән екенін еске алсақ, «Соңғы көштің» танытқыштық, тәрбиелік мәні де арта түседі.
Медальдармен, Қазақ КСРО Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталды. 1998 жылы " Қазақстанның Халық жазушысы" деген атақ берілді. Тарбағатай және Үржар аудандарының құрметті азаматы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   126




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет