Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ


Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы



бет9/11
Дата23.10.2016
өлшемі2,14 Mb.
#28
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Әңгімелерімен танысу, оқу

3. Трилогиясын талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. Қ. Жұмаділовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Әңгімелерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Қаздар қайтып барады» әңгімесін оқып келу

31-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Азия»
2. Сағат саны: 2
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығынан хабар беріп, білімдерін толықтыру, қайталанбас, ерекше, өзіндік үні бар Олжастың танымал туындыларымен танысып, оқу.

  • Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, қонақжайлық, сыйластық, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: оқушының сөйлеу тілін ұштау, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Қаздар қайтып барады», «Соңғы көш» т.б. әңгімелері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Олжас Сүлейменов «Азия»
Олжас Омарұлы Сүлейменов 1936 жылы 18 мамыр күні Алматы қаласында дүниеге келген. 1959 жылы ҚазМУ-дің геология факультетін бітірген. М.Горький атындағы Әдебиет институтында оқыған. "Казахстанская правда" газеті редакциясында бөлім меңгерушісі, "Қазақфильм" киностудиясы сценарийлік-редакциялық алқасының бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, Қазақ КСРО кинематография жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, ҚР Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстанның Италиядағы төтенше өкілетті елшісі болды.

Олжас Омарұлы Сүлейменов дүниеге келгенде дүбірлі оқиғаларға толы еді. Барша жұрт замана трагедиясы атап кеткен 1937 жылғы нәубет болғанда Олжас бір жасқа ғана толған жас сәби. Бұл кездегі қарбаластың ызғары Олжастың отбасын да қармап өтті. Олжастың әкесі әскери қызметкер Омар Сүлейменов сол зобалаңда халық жауы атанып кеткендігі куә. Қалың елді қан қақсатып,зар еңіреткен зобалаң түндер де талай түндіктің отын өшіріп, талай шаңырақтың шаңырағын шайқап өте шықты. Енді ол да тарих. Әкесі жөніндегі қайғылы оқиғаны Олжас бес жасқа келген кезінде тұңғыш рет атасының аузынан естиді.

Олжас орыс мектебінде оқиды. Ол кездері Алматыда жергілікті ұлт балалары дәріс алатын білім ұялары санаулы деуге болады. Қазақтар да қалада өте аз еді.

Әдебиетпен шұғылдануды өте ерте бастаған. Туындыларын орыс тілінде жазады.Төртінші сыныпта оқып жүргенінің өзінде жазған шығармалары мектептегі үздік туындылар қатарында аталып жүрді. Мектепті бітіргеннен кейін ҚазМУ-дің журналистика факультетіне оқуға түскісі келеді. Бірақ, жақсы оқыған Олжас геология факультетіне оқуға түседі. 1959 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің «Мұнай және газ көздерін зерттейтін инженер-барлаушы» дипломын алып шыққаннан кейін, оның көңілі өлең өлкесін аңсады да тұрды.Ақын геология саласында қанша еңбектенсе де, өзінің көздеген мақсатына жете алмайды. Ақын үшін ең зымыран тұңғиық та, ең шырқау биіктік те жүрек екен. Мәскеудегі Әдебиет институтына қазақшадан орысшаға тәржіма жасайтын көркем аударма бөліміне біздің республикамыздан бес адам қабылданады. Сол бесеудің бірі- Олжас.

Өлеңдері мен поэмаларының алғашқы жинағы - "Арғымақ" деген атпен 1961жылы жарық көрген. Ақынның сезімін әдеби жұртшылыққа кеңінен мәлім еткен 1961 жылы жазылған , Ю.Гагариннің тұңғыш ғарышқа ұшқан тарихи ерлігіне арналған "Адамға табын, Жер, енді!"атты поэмасы еді. Шет ел тілдеріне аударылып, жеке-жеке кітап болып бірнеше рет басылды. 1964 жылы аталған поэма Қазақстан Ленин комсомол сыйлығымен марапатталады.

Жарық көрген еңбектер: «Нұрлы түндер», «Қылықты түн», «Шапағатты шақ», «Әр күн-арайлы таң», «Қыш кітабы», «Мешін жылы», «Атамекен», «Сөз төркіні».

1991 жылы «Қыш кітап» жарық көрді. Одақ көлемінен асып, Евразияны елең еткізді. Шетел баспасөзі оның ешкімге ұқсамайтын өзіндік үні мен ойлау жүйесі туралы таңдана да таңырқай жазды.

1975 жылы жарық көрген «Азия» кітабы саяси қуғынға түседі. «Азия» кітабы көне славьян және түркі жазба ескерткіштерін зерттеуге арналған. Бұл еңбекте көне жазбаға деген ғылымда қалыптасып қалған шешімдер мен пікірлер, жаттанды көзқарастарға қарсы шыға отырып, өрісті ойларға жетелеп, өрелі ақын тіл маманына тән талдаулар жасаған. «Игорь жасағы» туралы жырдың тарихына, зерттелуіне, шығу төркініне шолу жасаған. «Алаш жұртының үлы перзенті Олжас Сүлейменов өзінің «Азия» кітабында қазақ елінің ғана емес, бүкіл Азия құрлығының атынан сөйледі. Совет империясы шегінде қалыптасқан батысшылдық, орысшылдық тоқмойын түсініктерді қақырата сөкті.Сөзінің қандай бұлақтан бастау алғанын дәлелдейді»,- деп М.Мағауин «Азия» еңбегінің құндылығына назар аударады.

О.Сүлейменовтің «Сөз төркіні» деген еңбегі Италияда жарық көреді. Бұл еңбек қабылдануы жағынан өте күрделі. Бұл кітап небары бірнеше ондаған, не жүздеген ғана тіршілік иесі болып Африканы мекендеп жүргенінде алғашқы адамзат қауымының тілі мен жазуының қалай шыққандығы жөнінде.

Олжас Сүлейменов Қазақстан кино өнерін дамытуға елеулі үлес қосқан ақын. Ол жазған сценарий бойынша «Бабалар жері», «Көгілдір маршрут», «Қыс-қысылтаумезгіл», «Мұхтар Әуезов туралы сөз», «Соңғы өткел», «Үндістан сазы» атты кинофильмдер түсірілген. О.Сүлейменовтің «Атамекен» атты таңдамалы шығармалары Қадыр Мырзалиевтің аудармасымен қазақ тілінде жарық көрді. Үнемі ізденіс, жаңалық ашу жолындағы Олжас поэзиясы аз жыл ішінде-ақ Кеңес Одағындағы халықтардың тілдеріне, дүние жүзіндегі басты тілдердің бәріне дерлік аударылып, кеңінен танылды. Бұл кеңестік дәуір поэзиясынан тек Б.Пастернакты ғана білетін француздар Олжастың өлеңдерін екі дүркін аударып, жеке кітап етіп шығарды.


11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Әңгімелерімен танысу, оқу

3. Шығармаларын талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. О. Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Әңгімелерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Олжас Сүлейменов «Азия»

32-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Қыш кітабы» шығармасы
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: оқушыларға Олжас Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығынан хабар беріп, білімдерін толықтыру, қайталанбас, ерекше, өзіндік үні бар Олжастың танымал туындыларымен танысып, оқу.

  • Тәрбиелік: оқушыларды өз Отанын сүюге, халқын құрметтеп, қонақжайлық, сыйластық, адамгершілік пен мейірімділік қасиеттерін бойларына сіңіре білуге тәрбиелеу.

  • Дамыту: оқушының сөйлеу тілін ұштау, өз ойын еркін, жатық жеткізе білуге дағдыландыру, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру, шығармашылық қабілетін дамыту.


5. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  1. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  2. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  3. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  4. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  5. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  6. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  7. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  8. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. Қ. Жұмаділовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «Қаздар қайтып барады», «Соңғы көш» т.б. әңгімелері


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)
«Қыш кітабы» шығармасы
Көк шалғынды — көк кілемге

Сүртіп болат тұяғын.

Берші менің тақымыма біреуін

Жеті қиян жер түбіне асайын,

Арғымактай аласұрған жүрегім

Тыпыршиды —

Оны қалай басамын… — деген өлең жолдарының өзінен-ақ оқырман ақынның күрескерлігін, ереуілдеген сезімін ұққандай болады. Жырды оқығанда құлағымызға арғымақ аттың дүрсілі келеді, мұның өзі ақын жырының өресін таныта түсіп, биіктігін сездіреді.

1969 жылы жарық көрген ақынның «Қыш кітабы» атты поэмасы ата-бабаларымыздың артына қалдырған адамгершілік мұрасы жайында жазылған ең күрделі, құнды еңбектерінің бірі. Кітап бірнеше тілдерге аударылды.

Ақын, аудармашы профессор Леон Робель «Қыш кітабының» әдеби құнын айрықша көрсетті. «Олжас Сүлейменов, сөз жоқ, біздің кезіміздегі орыс тілінде жазатын тамаша ақындардың бірі. «Қыш кітабы» тарихи терең тамырлы ғажап ақындық қиялмен шұғылалы сәулеге суарылған үлкен дастан дей аламыз. Бұл кітаптың ерекшелігі — мысқыл-әжуа мен баяндаушылық күшінің, эротизм мен өктемдіктің, нәзіктік пен әзіл-оспақтың бір-бірімен қайнап пісуінде. Бұл — нағыз эпикалық шығарма. Біздің бөлшек-бөлшек әлеміміз талайдан бері мұндай зор дауысты естіген жоқ еді, біз Сүлейменовті сондықтан да Гильгамеш, Гюго, Хлебников секілді ұлылардың табиғи, танымал мұрагері деп білеміз», — деп өте жоғары бағалайды.

Халықтар мәдениетінің туыстығы мен өзара баю идеясын ақын үнемі көңілінен шығармайды. Халықтар арасына көпір салып, жол түсіру үлкен шебердің ғана қолынан келеді. Көпір екі елге де ортақ, екі елдің де мақтанышы. Олжастың жыр көпірі болғаны — еліміздің мақтанышы бола бермек. Мәселе, өлеңнің қай тілде жазылғанында емес, оның көтеріп тұрған жүгінде, оқушысына ой салып, жүрегіне жетуінде. Демек, Олжас туындылары өз халқының ғана емес, күллі көп ұлтты отандастарының да рухани дүниесін байыта түсетін мәнді мазмұн таба білуімен құнды бола бермек.

Ақын тарихтың көшкен жұрт, көшкен із емес екенін жақсы түсіне біліп: «Келешек — өткен тарихты қорыту», — дейді. Өзінің «Қьпп кітабы», тарихи тақырыптағы жырларын-да, «Аз и Я» сияқты сан алуан ой-пікір туғызған еңбектерінде ақын Көне Русь пен Даланың қарым-қатынасы, екі мәдениеттің қанаттас өрбіген тұстары жайындағы ой-толғанысы арқылы өзінің екі тілді де терең меңгерген байыпты ғалым екенін танытты. Олжас поэзиясының қуатты қос қанаты бар. Оның бір қанаты — әлем мәдениеті мен әдебиетіне суарылған, екінші қанаты Шығыстың және қазақтың төл поэзиясынан нәр алған. ІПығыс поэзиясындағы сырлы саз, қазақ фольклорындағы эпикалық кең құлаш, Махамбет өлеңдеріндегі отты леп, Абай поэзиясындағы терең ойдың барлығы Олжас поэзиясына тән дүниелер.
«Қыш кітап», Жазушы, Алматы, 1969 ж.
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Әңгімелерімен танысу, оқу

3. Шығармаларын талдау
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. О. Сүлейменовтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Әңгімелерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
«Қыш кітабы» шығармасы


33-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: тіл жанашыры, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Өлеңдерін оқып түсіну, талдау. Өлеңдерінің тақырыптарын анықтау.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.



9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру: 14 мин (15%)
1. О. Сүлейменовтің өмірі мен шығармашылығы

2. «АЗиЯ», «Қыш кітабы» шығармалары


10. Жаңа сабақты түсіндіру: 27 мин (30%)

Мұхтар Шаханов «Төрт ана»
М. Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында туған. Жеті жылдық мектепті бітірген соң, трактордың тіркеушісі, облыстық "Оңтүстік Қазақстан" газетінде корректор, әдеби қызметкер, "Лениншіл жас" газетінде оңтүстік облыстар бойынша меншікті тілші, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы, республикалық "Жалын" журналының бас редакторы, т.б. қызметтер атқарды. КСРО халық депутаты, КСРО Жоғарғы Кеңесінің мүшесі, ҚР Халық депутаты.

1993-2003 жж. Қазақстан Республикасының Қырғыз республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінде болды. Қазір "Жалын" журналының бас редакторы, әлем ойшылдарының басын біріктіретін "XXI ғасыр және Руханият" атты халықаралық элита клубының Президенті.

Бірнеше өлең кітаптарының және халық арасына кең тараған бірқатар әндердің авторы. Балладалары мен поэмалары дүние жүзі халықтарының 20-дан астам тілдеріне аударылған. "Махаббат заңы", "Сенім патшалығы", "Сократты еске алу түні" атты драмалары республикамызда және шетел театрларында қойылған. Ш. Айтматовпен бірлесіп жазған "Күз басындағы аңшының зары" атты эссе кітабы мен "Сократты еске алу түні" атты драмасы көптеген тілдерге аударылған. "Шыңғыс ханның пенделік құпиясы" драмалық туындысы негізінде Украинаның Довженко атындағы киностудиясы екі сериялы телефильм шығарды.

Қырғыз Республикасының Халық ақыны (1994), Қазақстан Республикасының Халық жазушысы (1996), БҰҰ Қоршаған орта бағдарламасы сыйлығының, Қазақстан және Бүкілодақтық Ленин комсомолы сыйлықтарының, Түрік Республикасының "Түрік дүниесіне қызметі үшін" халықаралық сыйлығының және Қырғыз Республикасы халықаралық "Руханият", түрік дүниесі жазушылар бірлестігінің "Шахрияр", ЮНЕСКО-ның "Боорукер" клубы сыйлықтарының иегері. 2002 жылы "Жазагер жады космоформуласы" шығармасы үшін Калифорния Ғылым, индустрия, білім және өнер академиясының А. Эйнштейн атындағы алтын медалі, Түркияның Гебзе қаласында "Түркі тілдес халықтар арасындағы ең үздік әлем ақыны" сыйлығы берілген.

"Тың және тыңайған жерлерді игергені үшін", "Еңбектегі ерлігі үшін" медальдарымен марапатталған.
Төрт ана
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала,

Мазмұн жоқта мазмұнсыздық шыға келер ортаға.

Әр адамда өз анасынан басқа да,

Ғұмырына етер мәңгі астана.

Демеп жүрер, жебеп жүрер арқада,

Болу керек құдіретті төрт ана:

ТУҒАН ЖЕРІ - түп қазығы, айбыны,

ТУҒАН ТІЛІ - мәңгі өнеге айдыны,

ЖАН БАЙЛЫҒЫ, САЛТ-ДӘСТҮРІ - тірегі,

Қадамына шуақ шашар үнемі

Және ТУҒАН ТАРИХЫ.

Еске алуға қаншама

Ауыр әрі қасіретті болса да.

Құдірет жоқ төрт анаға тең келер

Онсыз санаң қаңбаққа ұқсап сенделер.

Өзге ананың ұлылығын танымас,

Төрт анасын менсінбеген пенделер.

Төрт анадан сенім таба алмаған

Тамырсыздың басы қайда калмаған?!

Төрт анасын сыйламаған халықтың

Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.

Қасиетті бұл төрт ана - тағдырыңның тынысы,

Төрт ана үшін болған күрес - күрестердің ұлысы!
11. Оқушылардың өз бетінше атқаратын жұмысы: 31 мин (35%)
1. Сабақ тақырыбының мазмұнымен танысу.

2. Өлеңдерімен танысу, оқу


12. Жаңа тақырыпты бекіту: 9 мин (10%)
1. Оқушылардың өз бетінше атқарған жұмысындағы тапсырмаларды талқылау.

2. М. Шахановтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша шолу жасау.

3. Өлеңдерін оқып талдау.
13. Сабақты қорытындылау: 2 мин (2%)
А) жеке кеспе қағаздардағы тапсырмаларды орындау;

Ә) сұрақтарға жауап беру;


14. Үйге тапсырма беру: 2 мин (2%)
Мұхтар Шаханов «Төрт ана»

34-сабақ
1. Сабақтың тақырыбы: «Түсінісу теоремасы»
2. Сағат саны: 2 90 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:

  • Оқыту: тіл жанашыры, ақын, қоғам қайраткері Мұхтар Шаханов жайлы оқушыларға мағлұмат беру. Өлеңдерін оқып түсіну, талдау. Өлеңдерінің тақырыптарын анықтау.

  • Тәрбиелік: туған жерін қадірлеу, халқына қызмет ету, ел тірлігі, ел бірлігі, ұрпақ келешегі, адам жанының рухани тазалығы жайлы ойларын жүйелей отырып, адамгершілік пен адамдық қасиетке тәрбиелеу, кәсіптік бағдар беру..

  • Дамыту: оқушыларды түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру, қорытынды ой түю, есте сақтау қабілетін, оқу дағдысын қалыптастыру, жүйелі, шешен сөйлеуге дағдыландыру;


5. Оқыту әдісі: жұптасып жұмыс істеу
6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кеспе қағаздар, тест тапсырмалары, сөзжұмбақ

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
7. Әдебиеттер:

  • Негізгі (н)

  1. Бердібаев Р. Қазақ тарихи романы/ Р.Бердібаев – Ғылым. Алматы, 1979.

  2. Ана тілі: қазақ мақал-мәтелдері.- Алматы, 2003.

  3. Сарбалаев Б. Өткірдің жүзі/ Б.Сарбалаев -Алматы, 1992.

  4. Қазақ афоризмдер.- Алматы: кітап баспасы, 2008.

  5. Нарымбетов Ә. 70-80 жылдардағы қазақ поэмасы/ Ә.Нарымбетов - Алматы, 1999.

  6. Қабдолов З. Әдеби толғаныстар мен талдаулар/ З.Қабдолов Т.- Алматы, 2004.

  7. Айтбаева А.Табиғат лирикасы/ А.Айтбаева – Алматы, 2001.

  8. Кәрібаева Б.Қазіргі қазақ лирикасының поэтикасы / Б. Кәрібаеа - Алматы, 2001

  9. Есболатова Ғ. Қазақ тілі: Тіл дамытуға арналған көмекші құрал. -Алматы, 1995.




  • Қосымша (қ)

1. Майтанов Б.Тарих тағлымдары/ Б.Майтанов. - Алматы,1990

2. Балқыбек Ә.Сөз төркіні//Ә.Балқыбек.- Қазақ әдебиеті, 2003.

3. Бердібаев Р.Тарихи роман./ Р.Бердібаев.- Алматы, 1995.

4. Сыдықов Т.Қазақ тарихи романдары./Т. Сыдықов –Алматы, 1997.

5. Жұмабаев М. Жан сөзі./М.Жұмабаев- Алматы: «Раритет», 2005.

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет