Қазақ тілі (орыс тілінде оқытылатын мектептер) 8-9- сыныптар I тур



Дата09.11.2016
өлшемі68,75 Kb.
#1350
«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

Задания областной заочной школы олимпийского резерва

регионального учебно-методического центра дополнительного образования «Ертіс дарыны»
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
8-9- сыныптар
I тур
1. Сіз құрдастарыңызбен бірге шетелде жүрсіз. Өзіңізді және өз еліңізді монолог ретінде таныстырыңыз. Ауызекі сөйлеу стилінде (15 сөйлемнен кем емес).

15 ұпай
3. Берілген мәтелді қалай түсінесің? Өз пікіріңді 7-8 сөйлеммен білдір.

Кеңесіп пішкен тон келте болмас

20 ұпай
2. Болымсыз етістіктері бар 15 тыйым сөздерді жазыңыз (нөмерлеп, бағана ретінде).

Үлгі:


1.Нанды баспа.

2. ....


15 ұпай
II тур
1. Сіздің сыныптастарыңыз қысқы демалыста Астанаға баруды ұйғарды. Бірақ сіз отбасы жағдайға байланысты осы уақытта бара алмайтын болдыңыз. Бара алмау себебін қыстырма сөздерді қолдана отырып жеткізіңіз (қыстырма сөздердің саны 11-ден кем болмау керек). Қыстырма сөздердің астын сызыңыз.

20 ұпай
2. «Ата-ананы қадірлей білу керек» атты монолог құрыңыз. Көлемі – 8-10 сөйлем.

20 ұпай
3. «Адам және оның қасиеті» туралы мақал-мәтелдер жазыңыз (10-нан кем емес).

10 ұпай

III тур
1. Берілген мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.

10 ұпай

Шәкен (Шаһкерім) Айманов – актер, режиссер, КСРО-ның халық әртісі 15 ақпанда 1914 жылы, қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданында дүниеге. келген. Айманов мектеп бітіргеннен кейін 1928 ж. Семейдегі педтехникумға түсті. Театр өнерімен әуестенушілік те осы кезден басталады.

Шәкен 1933 ж. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының құрамына алынды, Аймановтың актерлік творчествосының жиырма жылы осы театрдың сахнасында өтті. Ол Ақан сері, Қобыланды, Қодар, Керім («Абай»), Исатай (Жансүгіров, «Исатай Махамбет») бейнелерін, әлем драматургиясынан Кассио және Отелло (Шекспир, «Асауға тұсау»), Тихон (Островский, «Найзағай»), Сатин (Горький, «Шыңырауда»), Бетт (Дж. Гоу мен А. Дюссо, «Терең тамырлар»), Хлестаков (Гоголь, «Ревизор») бейнелерін сомдады. Ш. Айманов актер ретінде алдымен кейіпкерінің жан дүниесін ашуға ерекшеленсе, режиссер ретінде шығарманың көркемдік идеялық мазмұнын дарытуға, заман мен қоғам туралы философиялық ой толғам жасауға айрықша мән бере білетін дарынды суреткер.

1947-1951 жж. Ш. Айманов Қазақ драма театрының бас режиссері болды. 1949 жылы өз инсценировкасында қойған «Абай» спектаклі үшін КСРО Мемлекеттік сыйлыққа марапатталды.

Шәкен кино саласында да осы ұстанымдарын шебер пайдалана білді. Оның «Махаббат туралы аңыз», «Дала қызы», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар Көсе», «Туған жер», «Атаманның ақыры» фильмдері қазақ кино өнеріне көркемдік төлтумалық дарытқан өміршең туындылар. Әртүрлі кинофестивальдерде, симпозиумдарда Жан Габен, Жан Марэ, Лоуренс Оливье, Софи Лорен, Радж Капур, Френк Копра сияқты әлемдік киножұлдыздармен кездесіп, соларға еліктей жүріп, өзі сахнада, кинода ойнаған рөлдерін әлемдік биікке көтере білді. Шәкен аса дарынды суреткер актер, ойшыл режиссер ретінде қазақтың сахна өнері мен кино өнерінің қалыптасып, шыңдалуына айрықша ықпал еткен, өшпес із қалдырған дара дарын иесі.

Ұлы режиссер Шәкен Айманов Москвада 1970 ж. 23 желтоқсанда қайтыс болды. 1984 жылы Алматыда «Қазақфильм» студиясына Аймановтың есімі берілді. Ол тұрған үй мен студия ғимаратында мемориалдық тақта орнатылған.

2. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.


а) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.

б) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.

в) түбір, сөз тудырушы жұрнақ.

г) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, септік жалғау.

д) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, сөз тудырушы жұрнақ, көптік жалғау.

10 ұпай

3. Ұлттық киім элементтерін күнделікті қолдану туралы өз ойыңызды білдіріңіз. (Көлемі – 8-10 сөйлем). Әр сөйлемдерді жаңа жолдан бастап, нөмерлеп отырыңыз.



25 ұпай
4. «Халықаралық қарым -катынас» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр (20 сөз аудармасыз, нөмерлеп, бағана ретінде).
5 ұпай

Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.


«Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының облыстық сырттай оқу олимпиадаға дайындық мектебінің тапсырмалары

Задания областной заочной школы олимпийского резерва

регионального учебно-методического центра дополнительного образования «Ертіс дарыны»
ҚАЗАҚ ТІЛІ (ОРЫС ТІЛІНДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН МЕКТЕПТЕР)
10-11- сыныптар
I тур
1. Берілген фразеологизмдердің мағынасын түсіндіріп, сөйлем құрастыр.
Көңілі қалды, қасын түйді, сапар шекті, жөн сұрады, қаны бір, күні жетті, инемен құдық қазғандай.

15 ұпай
2. Келесі үлгімен жасалған сөздерді жазып, сөйлем құрастыр.
а) түбір, есімше жұрнағы, көптік жалғау, септік жалғау.

ә) түбір, етіс жұрнағы, шақтың жұрнағы, жіктік жалғау.

б) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, көптік жалғау, тәуелдік жалғау.

в) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, тәуелдік жалғау, септік жалғау.

г) түбір, сөз тудырушы жұрнақ, сөз тудырушы жұрнақ, септік жалғау.
10 ұпай
3. «Ас – адамның арқауы» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр (20 сөз аудармасыз, нөмерлеп, бағана ретінде).
10 ұпай

4. Берілген мәтелді қалай түсінесің? Өз пікіріңді 7-8 сөйлеммен білдір.



Іске уақыт, ермекке сағат.

15 ұпай
II тур
1. Қазақстан EXPO- 2017 халықаралық көрмесі туралы диалог құрастыр. 15 сөйлемнен (сұрақ-жауап) кем болмауы тиіс.

15 ұпай
2. Қазақстанның атақты киноактерінің бірі туралы баянда. 15-18 сөйлемнен кем болмауы тиіс.

Ескерту:

а) қолданылған әдебиетті және интернеттегі сайтты көрсету міндетті

ә) бір мектептің оқушыларының орындаған материалдары әртүрлі болуы тиіс

б) сөйлемдерді нөмерлеу керек

20 ұпай
3. «Ана махаббаты» тақырыбы бойынша сөздік құрастыр. (20 сөз аудармасыз, нөмерлеп, бағана ретінде).

15 ұпай

III тур
1. Оқылған кітап туралы досыңмен пікірталас жүргіз (пікірталас екі адамның сұхбаты түрінде болуы тиіс). Көлемі әр жақтан 5-6 сөйлем болуы қажет.

15 ұпай
2. «Менің болашақ мамандығым» тақырыбы бойынша шағын шығарма жаз (15-16 сөйлемнен кем болмауы тиіс).

25 ұпай

3. Жаяу Мұса өмірбаяны бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастыр.


10 ұпай


Тапсырмаларды берілген ретімен орындауларыңды сұраймыз.
Жұмыстары бірдей орындалған оқушылардың ұпайлары төмендетіледі.
Берілген тапсырмаларды ұқыпты, таза және бір тор арқылы жазуларыңды сұраймыз.
Әр тапсырма дәптердің жаңа бетінде жазылу керек.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет