«ҰТО» РМҚК
2015 жылғы _______________
№_______бұйрығымен бекітілді
Қазақ тілі (оқу орыс тілінде жүретін мектептер үшін) пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы
(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)
Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.
Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау үшін өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, ҰБТ-ға қатыса алмаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектерінің және оқу орнын шетелде бітірген тұлғалардың қазақ тілі (оқу орыс тілінде жүретін мектептер үшін) пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.
Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 12, екінші деңгейде – 8, үшінші деңгейде – 5 тапсырма.
Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес қазақ тілі пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.
№
|
Бөлім
|
№
|
Тақырып
|
№
|
Тақырыпша
|
01.
|
Лексика
|
01
|
Сөз мағыналары
|
01
|
Сөздің тура және ауыспалы мағыналары
|
02
|
Мақал-мәтелдер
|
03
|
Синоним
|
04
|
Антоним
|
02.
|
Фонетика
|
01
|
Дауысты дыбыстар
|
01
|
Дауысты дыбыстар
|
02
|
Дауыссыз дыбыстар
|
01
|
Дауыссыз дыбыстар
|
03
|
Буын
|
01
|
Ашық, тұйық, бітеу буын
|
04
|
Үндестік заңы
|
01
|
Дыбыс үндестігі. Буын үндестігі
|
03.
|
Сөзжасам
|
01
|
Түбір сөз, туынды түбір
|
01
|
Түбір сөз
|
02
|
Жұрнақ. Туынды түбір мен түбірлес сөздер
|
04.
|
Морфология
|
01
|
Зат есім
|
01
|
Жалпы, жалқы зат есім
|
02
|
Негізгі, туынды зат есім
|
03
|
Зат есімнің жалғаулары
|
02
|
Сын есім
|
01
|
Сын есімнің түрлері
|
03
|
Сан есім
|
01
|
Сан есімнің түрлері
|
04
|
Есімдік
|
01
|
Есімдіктің түрлері
|
05
|
Етістік
|
01
|
Етістіктің түрлері: негізгі, туынды, дара, күрделі, болымды, болымсыз етістіктер
|
02
|
Етістіктің шақтары
|
03
|
Етістіктің райлары
|
06
|
Шылау
|
01
|
Септеулік, демеулік, жалғаулық шылаулар
|
05.
|
Синтаксис
|
01
|
Сөйлем. Сөйлем мүшелері
|
01
|
Тұрлаулы мүшелер
|
02
|
Тұрлаусыз мүшелер
|
02
|
Жай сөйлем
|
01
|
Жай сөйлемнің түрлері
|
03
|
Құрмалас сөйлем
|
01
|
Салалас құрмалас сөйлем
|
02
|
Сабақтас құрмалас сөйлем
|
04
|
Оқшау сөздер.
|
01
|
Қаратпа сөз, қыстырма сөздер
|
06.
|
Мәтінмен жұмыс
|
01
|
Қазақстан Республикасы
|
01
|
Қазақстан Республикасы - тәуелсіз ел
|
02
|
Қазақстан Республикасының географиялық орны, қоршаған орта
|
03
|
Қазақстанның мәдениеті, өнері
|
04
|
Тіл мәртебесі
|
05
|
Мамандық таңдау
|
Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Фонетика мен графика: тіл біліміндегі орны мен маңызын, фонетикалық ұғымдардың мәнін, дыбыстардың түрлері мен олардың жіктелуін, тіл дыбыстарының жасалу жолдарын меңгеріп, фонетикалық талдау жасай алуы;
Лексика: лексиканың тіл біліміндегі орны мен маңызын, сөздердің мағыналық топтарына қарай түрлерін, лексикалық терминдерді ажырата білуді, лексикалық талдау жасай алуы;
Сөзжасам: тілдік материалдарда лингвистикалық білімдерін қолдана білу, сөзжасамның тіл біліміндегі орны мен маңыздылығын, сөздердің жасалу тәсілдерін және олардың жасалу жолына қарай жіктелуін, түбір сөз бен туынды сөздің белгілерін анықтай алуы;
Морфология: сөз таптарының мағыналық топтарын, өзіндік белгілерін және бір-бірінен ажырата білуі, сөз таптарының қызметін түсіндіре алуы, морфологияға қатысты тілдік ұғымдардың мәнін анықтауды, морфологиялық талдау жасай алуы;
Синтаксис: сөз тіркесінің өзіне тән белгілерін, байланысу тәсілдері мен түрлерін, сөйлем мүшелері, жай сөйлем, құрмалас сөйлем түрлеріне синтаксистік талдау жасай алуы, мәтіндерге кешенді тілдік талдау жасай білуі;
Мәтіндермен жұмыс: қысқа, нақты мәтіндерді түсініп оқып, қажетті мәліметтерді ала білуі, қазақша сөйлей, жаза білу дағдыларын меңгеруі тиіс.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:
Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.
Нұсқалар мен тапсырмалар саны:
Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:
- тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;
- өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен,
- барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.
Тапсырма формасы:
Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.
Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.
Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:
Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.
Достарыңызбен бөлісу: |