Қазақ тілі. ӨЗдік жұмыстарға арналған мәтіндер



бет13/14
Дата25.12.2016
өлшемі2,75 Mb.
#4615
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

10.6 Дмитрий Карпов
Дмитрий Карпов – Қазақ жеңіл атлетикасының серкесі, қарағандылық онсайысшы. Осыған дейін құлаштап диск, найза лақтырудан және биіктікке секіруден әлсізді, бірақ бұл жағынан өзін-өзі дамытып жүрген Карпов Қазақстанның 2008-дегі Пекин олимпиaдасындағы негізгі үміттерінің бірі болды. Жаттықтырушысы – өз әкесі. 2004, Афины олимпиадасының қола жүлдегері, 2003, 2007, 2008 жж. Әлем чемпионаттарының қола жүлде иегері, Азия ойындары жеңімпазы (2006, Қатар), 2007 жылғы Әлем рейтингісінде онсайыстан 8586 ұпаймен төртінші орында (чех Роман Себерле (8697), Морис Смит (8676, Ямайка) және белорус Андрей Кравченколардан кейін (8617), 8725 ұпайлық. Азия рекорды иегері (Афина Олимпиадасындағы көрсеткіші).
Тапсырмалар

Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

Мәтіннен субъектіні, құралды білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.


10.7 Мәулен Мамыров
Мәулен Мамыров – талдықорғандық еркін күрестен шебері, салмақ дәрежесі – 52 кг. 1970 жылы 14 желтоқсанда бұрынғы Талдықорған облысы Қаратал ауданы Ағиық ауылында дүниеге келген.

1996 жылғы Атланта Олимпиадасының қола жүлдегері. Әлем чемпионатының қола жүлдегері (1997 жыл), Екі дүркін Азия чемпионы (1997 және 1999 жж.), Шығыс Азия ойындарының екі дүркін жеңімпазы, (1997 және 2001 жж.), КСРО Кубогының иегері (1990 жыл), бірнеше дүркін Қазақстан чемпионы.

Тапсырмалар


  1. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

  3. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.


10.8 Юрий Мельниченко
Юрий Мельниченко – 1972 жылы Қырғызстанда дүниеге келген, балуан. Грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы, Әлем және Азия чемпионаттарының сондай-ақ, Азия ойындарының бірнеше дүркін жеңімпазы Қазақстанға еңбек сіңірген спорт шебері, әрі жаттықтырушы даңқты балуан. 1996 жылы Атлантада жалауын жаққан 26-жазғы олимпиада ойындарына Қазақстан Ұлттық Құрамасы тұңғыш рет Тәуелсіз ел ретінде қатысты. 24 жасар Юрий Мельниченко үшінде аталған Олимпиада оның бұған дейінгі сынға түскен боз кілем бәсекелерінің ішіндегі ең шоқтығы биігі болатын. Дәл Атланта боз кілемінде қапы қалдырып, есесін қайырған Юрий Мельниченко тарихи жеңіске жетеді.

Барселона Олимпиадасынан кейін бұрынғы Одақты құраған республикалардың барлығы халықаралық жарыстарға өз алдына тәуелсіз мемлекет ретінде қатыса бастады. 1994 жылы Әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанады.


Сөздік
1. балуан – борец

2. бірнеше дүркін – неоднократный

3. жаттықтырушы – победитель

4. даңқты – знаменитый

5. жағу – зажечь

6. сынға түсу – участвовавший в борьбе

8. бәсекелер – соперники

9. шоқтығы биігі – самый лучший

10. дәл – как раз

11. қапы қалдыру – победить

12. есесін қайыру – ответить

13. жету – достичь

14. жеңімпаз – победитель
Тапсырмалар

Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

Мәтіннен мекенжайды, бағытты, анықтағышты, субъектіні білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.

Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.

Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: жаттықтырушы, дүниеге келу, тұңғыш, жеңіске жету.


10.9 Александр Парыгин
Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, 1994 жылғы Азия мен Азиялық ойындар... жеңімпазы, 1996 жылғы Атланта...ғы Олимпиада жеңімпазы.

Қазіргі бессайыс түрлерінің (ату, қылыштасу, жүзу, атқа салт міну, жүгіру) өзіндік қиындық...ы бар.

Александр мектеп... оқып жүрген жылдары суда жүзу... айналысты. Ату шеберлігі... оны спорт... еңбегі сіңген бапкер А. Бабушкин баулыды. Қылыштасу... үйреткен Қазақстанның ең мықты деген бапкерлері. 1996 жылғы Олимпиада... жігерл...гінің арқа...нда жеңіске жеткен Александр жанкүйерлері... таң қалдырды. Бессайыстың бірінші түрі – дүбірлі тапанша... атуда 11 орын алды. Қылыштасудан Парыгиннің үміті ақталды. Ол 1 орынға ие болды. Жүзуден 21 орын, атқа салт мініп жүруден 2-ші орын иеленді. Енді оның жүгіруіне келер болсақ, мәре... бір жарым айналым қалғанда қазақстандық спортшы ресейлік Зенов... басып озды.
Сөздік

қазіргі бессайыс – современное пятиборье

ату – стрельба

қылыштасу – фехтование

жүзу – плавание

атқа салт міну – верховая езда

жүгіру – бег

қиындық – трудность

шеберлік – мастерство

баулу – прививать навыки

жігерлігінің арқасында – благодаря настойчивости

таң қалдыру – удивить

үміт ақтау – оправдать надежды

мәре – финиш

айналым – зд: круг ????

басып озу – опередить


Тапсырмалар

Мәтін бойынша синквейн (5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.

Мәтіннен мекенжайды, анықтағышты, толықтауышты, субъектіні білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: жеңімпаз, қиындық, спортшы, ресейлік,, қазақстандық, бессайыс, екінші, шеберлік, ақталу, бапкер.

Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.
10.10 Серік Сапиев
Серік Сапиев — бокстың 64 кг-дық тұғырында 2005, 2007 жж. Әлем чемпионы.

1983 ж. қарашаның 16 күні туған. 2005 ж. – Дилшод Махмұдовты, 2007 ж. – Геннадий Ковалёвті жеңіп, әлем чемпионы атанған.

2006 ж. Дохада өткен Азия ойындарында таиландтық боксер, Олимпиада чемпионы Манус Бунджумноңды нокаутқа кіргізсе де, ұпаймен (18:22) жеңіліп, қола медаль жүлдегері атанған.


  1. Тапсырмалар




  1. Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.

  2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

  3. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

  4. Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.


10.11 Бақыт Сәрсекбаев
Бақыт Сәрсекбаев (1981 ж., Солтүстік Қазақстан обл., қарашаның 29-ы күні туған) – 69 килограмм салмақтағы бокстан 29-шы жазғы Олимпиада ойындардың чемпионы. 2004 жылғы Олимпиада ойын...ынан кейiн Өзбекстан атақонысы.... көшiп келген Бақыт Қазақстанда 69 килограмм салмақта өзi... тең келер боксшы жоқ екенiн дәлелдеп бердi.

Бақыт Олимпиада ойындарын өте жоғары деңгейде өткiздi. Алғашқы жекпе-жекте Канада боксшы...н тас-талқан етiп ұтқан Бақытқа молдовалық боксшы да қарсы келе алмады. Ширек финал... Сәрсекбаев өзiнiң ежелгi қарсылас... Дильшод Махмудовты жеңдi. Жартылай финалда кездескен кәрiс боксшысы да Бақыттың мықтылығын мойындады. Ақтық айқаста бүкiл Куба халқы... үмiт артқан боксшы... Карлос Сураестi ойнап жүрiп ұтты. Бақыттың бұған дейiн де талай жарыс... бағы жанғанын жанкүйерлер жақсы бiледi.

Азия құрлығында екi дүркiн чемпион атанған Бақыт Чикагода өткен Әлем бiрiншiлiг...нде бесiншi орын... табан тiреген-дi. 2006 жылы Дохада жалауы көтерiлген Азия ойындар...нда боксшыларымыз... жеңiп алғаны жалғыз алтын медаль болса, сол жалғыз алтынның ие... де осы Бақыт Сәрсекбаев болды.
Сөздік

салмақ – вес

атақоныс – земля предков

көшу – переехать

тең келер – равный

дәлелдеу – доказать

жоғары деңгей – высокий уровень

өткізу – проводить

жекпе-жек – поединок

тас-талқан етiп ұту – победить

ежелгi қарсылас – старый противник

ақтық айқаста – решающая схватка

үміт артқан – возлагал надежду

бағы жанған – улыбнулось счастье

жанкүйер – болельщик

Әлем біріншілігі – чемпионат мира, первенство мира

табан тіреу – зд. занял
Тапсырмалар

Берілген тірек сөздердің көмегімен мәтіннің қысқаша мазмұнын қалпына келтіріңіздер: салмақ, чемпион, көшіп келу, тең, боксшы, дәлелдеп беру, жоғары деңгей, алғашқы, тас-талқан, қарсы келе алмау, ежелгі қарсылас, жеңу, мықтылығын мойындау, айқан, үміт артқан, бағы жағу, әлем біріншілігі, табан тіреген, жалау көтеру.

Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.

Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

Мәтіннен көмекші сөздерді қатысты сөздермен теріп жазыңыздар.

Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.

Есімдіктерді жазып алып, олардың мағынасына қарай түрлерін белгілеңіздер.

Мәтіннен алынған келесі сөздердің синонимдерін келтіріңіздер: ұту, алғашқы, ежелгі, халық, жалау, туған, айқас, бақ.
10.12 Владимир Смирнов
Владимир Смирнов – 1964 жылы 7 наурызда, Көкшетау облысы Щучинск қаласында туған. Қазақстанның еңбек сіңген спорт шебері, Қазақстанның биатлон федерациясының президенті (2002-2010 жж.), шаңғы спортынан 1994 жылғы Олимпиада чемпионы, төрт дүркін Әлем чемпионы, төрт дүркін Олимпиада күміс жүлдегері, екі дүркін қола медаль иегері.

Қысқы Олимпиадаларда Қазақстанға егемендік алғалы жалғыз алтын медаль әкелген осы – Смирнов. Норвегиялық жоғары шаңғылық марапат – Холменколлен медалімен, Қазақстан Республикасының Екінші дәрежелі «Данқ» орденімен және «Халықтар достығы» орденімен марапатталған.

Ол әлемдегі ең күшті шаңғышылар – бірінші үштік тобына кіреді. Владимир Смирновтың таңқаларлық шеберлігіне барлық шаңғышылар қызығады.
Тапсырмалар


  1. Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

  2. Алдыңғы мәтінмен салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын табыңыздар.

  3. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

  4. Мәтіннен бағытты, субъектіні, шығу мекенін бірлескен іс- әрекетті білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

  5. Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер:

Щучинск қаласында ---------------------------------- иегері

еңбек сіңген ------------------------------------ президенті

«Халықтар достығы» орденімен ---------------------------- марапатталған

таңқаларлық шеберлігіне ------------------------------------ спорт шебері

екі дүркін қола медаль --------------------------------------- туған

Қазақстанның биатлон федерациясыны ----------------------- қызығады

  1. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

  2. Мәтіннен етістіктіктер мен есімшелерді жедел өткен шақ тұлғасына ауыстырыңыздар.

  3. Мәтіннен келесі үлгімен жасалған сөздерді теріп жазыңыздар: түбір, тәуелдік жалғау, септік жалғау.


10.13 Дәулет Тұрлыханов
Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері, КСРО- ның жеті дүркін, 1987 жылғы Европа, 1987 және 1989 жылғы әлем кубоктарының жеңімпазы, 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері, 1992 жылғы XXV Олимпиаданың қола жүлдегері.

Дәулет Тұрлыхановтың грек-римдік күресте зор табыстарға жетуіне әрі бапкер, әрі тәрбиешісі болған әкесі Болат Тұрлыхановтың ықпалы зор. Өзінің спортпен айналысқан ғұмырында Дәулет әлем жеңімпаздарымен сайысқа түсіп, көптеген жеңістерге ие болған. Үш Олимпиадаға қатысты. Сеулдегі Олимпиада Дәулет үшін біріншісі. Ол онда күміс жүлдегер атанады. Атлантадағы Олимпиадада Дәулет Тұрлыханов жарысқа да қатысты, бапкер де болды. Өз командасына және сол Олимпиаданың жүлдегері болған шәкірті Юрий Мельниченкоға демеу бере білді.


Сөздік

күрес – борьба

зор табыстар – большие успехи

жету – достичь

бапкер – тренер

ықпалы зор – большое влияние

ғұмыр – жизнь

жеңімпаз – победитель

сайыс – соревнования

шәкірт – ученик

демеу бере білу – уметь поддержать

Тапсырмалар



  1. Мәтінді оқып, «шын» немесе «жалған» екенін анықтаңыздар (дұрыс сөйлем- бұрыс сөйлем):

Дәулет Тұрлыхановтың бапкері әкесі Болат Тұрлыханов болған.

Д. Тұрлыханов 1990 жылғы XXVI Олимпиаданың қола жүлдегері.

Ол көптеген жеңістерге ие болған.

Дәулет Тұрлыханов -Қазақстанның еңбегі сіңген спорт шебері.

Д. Тұрлыхановтың шәкірті - грек-рим күресінен Атланта Олимпиадасының чемпионы Юрий Мельниченко.

Ол 1988 жылғы XXIV Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Дәулет Тұрлыханов екі олимпиадаға қатысты.

  1. Мәтіннен мекенжайды, мезгілді, бағытты, анықтағышты білдіретін сөздер мен сөз орамдарын анықтаңыздар.

  2. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

  3. Мәтіндегі келесі зат есімдерге сын есімдерді табыңыздар: жеңіс, күрес, ғұмыр, сайыс,бапкер, тәрбиеші, шәкірт,табыс.

  4. Сөздерді оқып, олардың қай сөздерден жасалатынын көрсетіңіздер: бірінші, грек- римдік, жеңімпаз, жеңіс, жүлдегер, болған, атанады.

  5. Мәтіннен «Спорт» тақырыбына қатысты сөздерді табыңыздар.



10.14 Жақсылық Үшкемпіров
Жақсылық Үшкемпіров 1951 ж. Байзақ ауданының, Тегістік ауылында туған. Бірінші қазақ спортшысы, олимпиада чемпионы. 1980 жылы ХХІІ Олимпиада ойындарында Мәскеуде жеңіске ие болды. Бірнеше рет греко-рим күресінен КСРО біріншілігінің жеңімпазы, КСРО халықтарының VI жазғы спартакиадасының жеңімпазы, 1981 Дүниежүзі чемпионы, 1982 жылы Дүниежүзі кубығының күміс жеңімпазы.

1974-1984 жылдар Қазақ КСР мемлекеттік спорт комитетінде нұсқаушы. 1984 жылы Красноярск қаласында жалауын көтерген КСРО кубогында 33 жастағы Жақсылық Үшкемпіровты үлкен спорттан шығарып салу рәсімі жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

1984-1993 жылдары республикалық кәсіподақ комитетінің спорт мектебінің директоры. 1993 жылдан «Жақсылық» спорт клубының директоры. Жақсылық Үшкемпіров КСРО спорт шебері, Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Спорттағы жетістіктері үшін «Құрмет белгісі» орденімен, бірнеше медальдар, «Қазақ ҚСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы» атағы берілді.


Тапсырмалар


  1. Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

  2. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

  3. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.

  4. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

  5. Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

  6. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

  7. Мәтіндегі етіс тұлғадағы етістіктерді көрсетіңіздер.

  8. Мәтін бойынша кез келген сөздерді қолданып, келесі тапсырмаларды орындаңыздар: дыбыстық талдау, морфологиялық талдау, сөз құрамына талдау, синтаксистік талдау.

  9. Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.

  10. Мәтіннен зат есімдерді (қатысты сөздерімен) жазып алып, жалғауларының түрін анықтаңыздар.


10.15 Анатолий Храпатый (1963 - 2008 жж.)
Храпатый Анатолий Михайлович – қазақстандық ауыр атлетші, 1963 жылдың 20 қазанында Целиноград облысының Атбасар қаласында туылған. Қазақтың дене шынықтыру институтын бітірген, жаттықтырушы. «Спорт» клубының директоры.

Сеулде (1988) алтын медальді ауыр атлетші Анатолий Храпатый ауыр салмақ санатында жеңіп алды. Сол жылдары оған теңесер ешкім болмады. Ол бірінің артынан бірі өз рекордын жаңартып отырды. Сеул алаңында жұлқып көтеруден ол 187,5 килограммды, ал итеріп көтеруден өзінің бәсекелесі Наиль Мухамедьяровты 10 килограммен асып түсіп, 225 килограммды көрсетті. Храпатый осы алуларымен тоқтап қалмады. Сол жылы жұлқып көтеруден 228 килограмм салмақты алып, жаңа рекорд жасады.

Сегіз жылдан кейін тәуелсіз Қазақстан құрамасының құрамында жүре отырып, Атланта Олимпиадасының күміс медалін жеңіп алды. А.М. Храпатый әлемнің бес дүркін чемпионы, 1988 ж. Олимпиада чемпионы, 1996 ж. Атланта Олимпиадасының күміс жүлдегері, Азия ойындарының көп дүркін чемпионы, ауыр атлетикадан Еуропа және әлем чемпионаттарының, халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы.

2008 жылғы тамыздың 11-інде Анатолий Михайлович Храпатый жол апатына ұшырап қайтыс болды.


Сөздік

ауыр атлетші – тяжелоатлет

салмақ – тяжесть

дене шынықтыру – физкультура

жаттықтырушы – тренер

ауыр салмақ санаты – тяжелая весовая категория

теңесер ешкім болмады – не было равных

бірінің артынан бірі – один за другим

рекордын жаңартып отыру – зд: бить рекорд

жұлқып көтеру – в рывке

итеріп көтеру – в толчке ?????

бәсекелес – соперник

жол апаты – дорожная авария
Тапсырмалар

Сөйлесім. Тақырып бойынша сұхбаттасыңыздар.

Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

Берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіздер:



Анатолий Храпатый -------------------------- күміс медалі

жаңа рекорд ------------------------------------- жеңіп алды

Атланта Олимпиадасының--------------------------- тоқтап қалмады

оған теңесер--------------------------- жасады

қазақстандық ------------------------------------- көп дүркін чемпионы

күміс медалін----------------------------------- ешкім болмады

осы алуларымен ----------------------------------- қазақстандық ауыр атлетші

Азия ойындарының-----------------------------------ауыр атлетші

Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер

Мәтінге сұрақтар құрастырыңыздар.

Асты сызылған сөздерді формалдық белгілері арқылы қай сөз табына жататынын анықтаңыздар.

Мәтіннен етістіктерді, етістік формаларын жазып алып, құрамын көрсетіп, түсіндіріңіздер.

Есімдіктерді жазып алып, олардың мағынасына қарай түрлерін белгілеңіздер.

Мәтіннен сын есімдерді жазып алып, сапалық және қатыстық екенін белгілеңіз.
10.16 Ольга Шишигина
Ольга Васильевна Шишигина 1968 жылдың 23 желтоқсан...нда Алматы қаласында туылды. 2002 жылы Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясын бітірген. Қазақтың мемлекеттік туризм және спорт Академиясының жеңіл атлетика кафедрасының меңгеруші....

Ольга Шишигина – спринтерлі орғу бойынша әлем чемпионаты мен Олимпиада ойын...ында жеңіс... жеткен жалғыз қазақ жеңіл атлеті. Кедергілерден 100 метрлік спринтерлі орғу. Алдымен 1994 жылы Хиросимада өткен Азия ойындарындағы жеңісі, 1995 жылдар...ғы жазғы (Гетеборг) және қысқы (Барселона) Әлем чемпионаттары... күміс медаль иегері. Одан кейін 1999 жылғы жабық жайда өткен (Маэбаши, Жапония) әлем чемпионат...нда алтын жүлде мен 2000 жылғы Сидней олимпиада...ндағы жеңісі. 2007 жылы Канаданың Эдмонтон қаласы... өткен Әлем чемпионатында күміс жүлдені иеленді. Содан кейін спортшы жарақат алуына орай үлкен спорт... қоштасты.

І дәрежелі «Барыс», «Құрмет», «Дарын» орден...імен марапатталды.

Сөздік



  1. орғу бойынша – по бегу с препятствиями

  2. жалғыз – единственная

  3. жеңіл атлеті – легкоатлет

  4. кедергілерден 100 метрлік – стометровка с препятствиями

  5. жабық жайда – в закрытом помещении

  6. иегер – обладатель

  7. жарақат алуына орай – в связи с травмой

  8. қоштасу – попрощаться

Тапсырмалар



  1. Тыңдалым. Есіңізде қандай сөздер мен сөз тіркестері қалғанын жазыңыздар. Осы сөздердің негізінде мәтін құраңыздар.

  2. Мәтін бойынша синквейн ( 5 жол өлең- пятистишие) құрастырыңыздар.

  3. Мәтін бойынша сөздік құрастырыңыздар.

  4. Көп нүктенің орнына жалғауларын қосыңыздар.

  5. Мәтінді оқып, мазмұнын айтып беріңіздер.

  6. Мәтіннен Сіз үшін жаңа сөздермен сөйлем құрастырыңыздар.

  7. Мәтіннен «Спорт» тақырыбына қатысты сөздерді табыңыздар.


10.17 Бейбіт Шүмен
Бейбіт Шүмен (19 тамыз, 1983 жыл) – кәсіпқой боксшы, ІВА тұжырымы бойынша Дүниежүзі чемпионы, WBO Asіa Pacіfіc, WBC Asіan және PABA-ның алтын белбеуі иесі. Қазақстан Олимпиада құрамасының мүшесі.

2003 жылы Үндістанда өткен Бірінші Африка-Азия ойындарының күміс жүлдегері. 2004 жылы Филиппинда өткен Азия чемпионатының алтын медаль иегері.



Әдебиеттер
1 Тарихи тұлғалар – Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушылар : Тоғысбаев Б., Сушикова А. – Алматы : «Алматы кітап» ЖШС, 2006. – 376 б.

2 «Қазақтар». Көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық. Тарихи тұлғалар. – 2-ші басылым. – Алматы: «Білік» баспа үй, 2003. – 2. Т. – 373 б.

3. Ж.Жатқанбаев. Экология негіздері. Оқулық – Алматы: «Зият»,2004

4 http://kk.wikipedia.org/wiki/

5 Қазақ мәдениеті энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы : 2005 «Аруна Ltd»,2005; ЖШС. – 656 б.

6 http://referatik.kz/load/қazaқsha_referattar/әdebiet/

7 Ахметсұлтан Кенесарыұлы, Кенесары және Сыздық сұлтандар, А., 1992. Т. Рсаев.

8 «Қазақ тілі», В.Ю. Франк, «Болашақ Балапандары», Алматы, 2006, 134 б.




  1. Омаров І., Серпін, 1970.

  2. Сиранов К., Шакен Айманов – актер и режиссер кино, 1970.

  3. Кенжетаев Қ., Дарқан дарын, 1975.

  4. Беркович М., Шакен Айманов, 1976


Мазмұны
Кіріспе...............................................................................................3

1

1.1 Қазақстан Республикасы ..........................................................4.



1.2 Қазақстан тарихы ......................................................................5

1.3 Қазақстан тәуелсіздігі ............................................................

1.4 Мемлекеттік рәміздер 1 нұсқа ....................................................

1.5 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы .......................

1.6 Мемлекеттік әнұраны ..................................................................

1.7 Мемлекеттік рәміздер 2 нұсқа ....................................................

1.8 Н. Ә. Назарбаев ............................................................................

1.9 Астана – Қазақстан Республикасының елордасы 1 нұсқа …...

1.10 Астана — Қазақстан Республикасының елордасы 2 нұсқа ...

1.11 Астана – арман қаласы 3 нұсқа ................................................

1.12 Қазақстанның табиғаты ............................................................

1.13 Қазақстан өнеркәсібі .................................................................

2 Қазақ халқының салт -дәстүрлері ................................................

2.1. Бесікке салу ................................................................................

2.2 Той малы ......................................................................................

2.3 Дәмету ..........................................................................................



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет